«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое
ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметі туралы 2025 жыл бойынша есебі
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке-дара жүзеге асырылатын және тиісті материалдық немесе материалдық емес артықшылықтар ұсынатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудың бір нысаны болып табылады. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Тізілімге сәйкес келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
|
1 |
Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату |
|
2 |
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою |
|
3 |
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту |
|
4 |
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру |
|
5 |
Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу |
|
6 |
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру |
2025 жылдың 12 айында барлығы 15 -мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде Жеке тұл-0; Заң тұл-15: * «электрондық үкімет», «электрондық лицензиялау» веб-порталы арқылы – 9 соның ішінде («Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»-6; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-3; * Қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілді, өйткені көрсету түрі автоматтандырылмаған («Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату») -3; * ХҚО арқылы – 3 («Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 3); * «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда саны - 280; Мемлекеттік қызмет көрсету туралы қол жетімділік және халықты ақпараттандыру үшін әкімдік дәлізінде белгілі бір жерде стенд орналастырылған, атап айтқанда «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талптардың тізбесі, өтініштердің үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылған. Тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтерді ала үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» бұрышы орналастырылған. Бөлек үстелде жүйелік қондырғысы бар компьютер, 3 те 1 принтер, көрсетілген электронды мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы бар. Халықтың ұсыныстары, ескертулері және кері байланысы үшін жәшік қолжетімді жерде (дәлізде) орнатылған. Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» деп аталатын бөлім бар, онда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету Қағидалары, «электрондық үкімет» порталында электрондық қызметтерді пайдаланушыларға нұсқаулық, ауданның жергілікті атқарушы органдары көрсететін қызметтер тізімі, есеп берілген. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі қызметтері мен мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар. Сапалы қызмет көрсету мақсатында Белое ауылдық округінде 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған 12 түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша брошюраларды тарату барысында тұрғындармен түсіндірме әңгімелері жүргізілді. «Адал көмек» жобасы аясында электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ай сайын тікелей эфирлер және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері үнемі қадағаланады, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда. Аудан әкімінде өткізілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша оқыту семинарларына әрдайым қатысамыз.