Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2026 жылғы 29 шілдедегі өтінішіне сәйкес,  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:

  1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 1,4633 гектар жер учаскесіне «Мамлютка» АТС – «Жаңажол» ТП» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін ситуациялық схема және жер экспликациясына сәйкес үш жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ауылдық округ  әкімі                                                  Н. Жанбұлов

Дата публикации
06 августа 2026