Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекендердің қауіпсіздігі мен тұрғындардың әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекендердің қауіпсіздігі мен тұрғындардың әл-ауқатына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында елді мекендерді абаттандыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюға және олардың Ресей Федерациясының аумағына өтіп кетуіне жол бермеу мәселелері қаралды. Сондай-ақ Мемлекеттік шекара маңында өрттің туындауына жол бермеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасының шекара заңнамасының талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тұрғындарға көтерілген әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнаманы сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті нығайту және ауылдық округтің қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.
Дата публикации
16 июля 2026