Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Белое ауылдық округінің әкімі Нұрлан Қайроллаұлы Жанбұлов округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің кең таралған түрлері талқыланды. Тұрғындарға онлайн төлемдер жасау кезінде сақтық шараларын сақтау, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ жеке деректерді қорғау және интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда қандай әрекет жасау керектігі түсіндіріліп, алаяқтық белгілері анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарласу ұсынылды.
Дата публикации
24 июня 2026