ЕСЕП
2025 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – нде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке-дара жүзеге асырылатын және тиісті материалдық немесе материалдық емес артықшылықтар ұсынатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды жүзеге асырудың бір нысаны болып табылады.
Тізілімдегі мемлекеттік қызмет түрлерінің жалпы саны - 6.
1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
2.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
3.Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп сату
4.Жер учаскесін алуға кезекке қою
5.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу
6.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
2025 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі» 11 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
4 қызмет – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»
«Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы қол жетімділік және халықты ақпараттандыру мақсатында Көрнекі ақпарат орналастырылған стендтер орналастырылды, атап айтқанда, «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары, мемлекеттік қызметтер регламенттері, өтініштердің үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы.
Жоғары сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен Мемлекеттік қызмет туралы заң өткізілді.
"Адал көмек" жобасы аясында facebook парақшасында ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету ережелері тақырыбында тікелей эфир өткізіледі.
2025 жылы 12 тікелей эфир өткізілді. Сондай-ақ, жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы бойынша брошюралар тұрақты негізде таратылады.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде белгіленген мерзім бұзылған жоқ.
«Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің сапасына ерекше көңіл бөлінеді, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің бұзылуына жол бермеу және мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сауаттылығын арттыру бойыншашаралар қабылданады.
Ауылдық округ әкімі А.Менжесаров