ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша

ТАЛДАУ АНЫҚТАМА

 

 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы»  Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің  2026 жылғы 23 қаңтардағы № 15  бұйрығының (бұдан әрі - бұйрық)  негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағиадаларға сәйкес жоғарыда көрсетілген бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талданатын мерзім: 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін.

Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап 27 ақпанға дейін.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер;
  2. Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер.
  3. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

Жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге талдау нәтижесінде тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын нормалар анықталған жоқ.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР.

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру

Тәуекел -сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының болмауы.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз құзыреті шегіндегі міндеті болып табылады және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау мен нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы кешенді шаралар арқылы жүзеге асырылады:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру - қызметкерлердің адамгершілік, зияткерлік және мәдени дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамауға негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған үздіксіз тәрбие және оқыту процесі;

Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет - бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Мамлют ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарының жоқ екендігі анықталды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі тәсілдің болмауы мынадай елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады:

қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша жеткіліксіз хабардар болуы және құқықтық сауаттылық деңгейінің төмендігі;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруда формалды көзқарастың қалыптасу ықтималдығы;

азаматтар мен қоғамның мемлекеттік орган қызметіне деген сенім деңгейінің төмендеуі;

сыбайлас жемқорлық талаптарының сақталуына бақылаудың жеткіліксіздігі және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігі.

Ұсынымдар:

1) Белгіленген кезеңге арналған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Жұмыс тобының басшысы:

1) қорытынды Талдамалық анықтамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күнінен бастап 3 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг және бағалауды жүзеге асырсын.

 

Ауылдық округтің әкімі                                                А. Мыңжасаров

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

Асхат Даулетұлы Мыңжасаров

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімі, топтың басшысы

Қаиржан Жамбырбайқызы Нұрмұқанова

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  бас маманы

Любовь Михайловна Василевская

-

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің бас маманы

Шынарай Рақымтайқызы Құсаинова

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Едріс Сераліұлы Шәріпов

-

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі (келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА

по итогам проведенного

внутреннего анализа коррупционных рисков

в деятельности государственного учреждения

«Аппарат акима Андреевского сельского округа Мамлютского района

Северо-Казахстанской области»

 

На основании распоряжения акима Андреевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области  от 23 января 2026 года № 15 «О некоторых вопросах проведения внутреннего анализа коррупционных рисков» (далее – приказ), в соответствии с Типовыми правилами проведения внутреннего анализа коррупционных рисков, утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года № 12, Рабочей группой, созданной вышеуказанным приказом, проведен внутренний анализ коррупционных рисков (далее-анализ) в деятельности государственного учреждения «Аппарат акима Андреевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области» (далее – аппарат).

Анализируемый период: с 1 февраля 2025 года по 31 января 2026 года.

Период проведения анализа: с 9 февраля по 27 февраля 2026 года.

Анализ проведен по следующим направлениям:

  1. Коррупционные риски в нормативных правовых актах, затрагивающих деятельность аппарата;
  2. Коррупционные риски в организационно-управленческой деятельности
  3. КОРРУПЦИОННЫЕ РИСКИ В НОРМАТИВНЫХ ПРАВОВЫХ АКТАХ.

На основании проведенного анализа нормативно- правовых актов-  положений, создающих непосредственные коррупционные риски не выявлено.

  1. КОРРУПЦИОННЫЕ РИСКИ В ОРГАНИЗАЦИОННО-УПРАВЛЕНЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ.

         2.1. Организация работы по противодействию коррупции

Риск- отсутствие плана мероприятий по профилактике коррупции.

В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции», формирование антикоррупционной культуры является обязанностью субъектов противодействия коррупции в пределах своей компетенции и направлено на сохранение и укрепление в обществе системы ценностей, отражающей нетерпимость к коррупции.

Формирование антикоррупционной культуры осуществляется через комплекс мер образовательного, информационного и организационного характера:

Антикоррупционное образование - непрерывный процесс воспитания и обучения, осуществляемый с целью нравственного, интеллектуального и культурного развития сотрудников, а также формирования у них активной гражданской позиции, основанной на непринятии коррупционных проявлений;

Информационная и организационная деятельность - реализуется посредством разъяснительной работы в средствах массовой информации, организации социально значимых мероприятий, реализации государственных социальных заказов и иных мер, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

В ходе анализа деятельности Аппарата акима Мамлютского района установлено, что отсутствует утвержденный план мероприятий по профилактике коррупции.

Отсутствие системного подхода к предупреждению коррупции и формированию антикоррупционной культуры создает существенный коррупционный риск, который проявляется в:

недостаточной информированности и низком уровне правовой грамотности сотрудников по вопросам антикоррупционного поведения;

вероятности возникновения формального и формализованного подхода к реализации антикоррупционных мер;

снижении доверия граждан и общества к деятельности государственного органа;

недостаточном контроле за соблюдением антикоррупционных требований и возможном возникновении коррупционных проявлений.

         Рекомендации:

1) Разработать и утвердить План мероприятий по профилактике коррупции на установленный период, включающий образовательные, информационные и организационные меры.

ЗАКЛЮЧЕНИЕ

Руководителю рабочей группы:

1) в срок не позднее 5 рабочих дней после подписания итоговой аналитической справки разработать и утвердить План мероприятий по устранению и предупреждению коррупционных рисков;

2) в течении 3 месяцев со дня подписания справки по результатам внутреннего анализа осуществлять мониторинг и оценку исполнения рекомендаций.

 

Аким сельского округа                                                                                    А.Менжесаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СОГЛАСОВАНО:

 

Менжесаров Асхат Давлетович

-

 аким Андреевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области, рукововдитель группы

Нурмуканова Каиржан Жамбырбаевна

-

главный специалист  государственного учреждения «Аппарат акима Андреевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области»

Василевская Любовь Михайловна

-

и.о. главного специалиста  государственного учреждения «Аппарат акима Андреевского сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области»

Кусаинова Шинарай Рахимтаевна

 

-

председатель совета ветеранов Андреевского  сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области (по согласованию)

Шарипов Идрис Сералинович

 

-

член собрания местного сообщества Андреевского  сельского округа Мамлютского района Северо-Казахстанской области  (по согласованию)

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026