
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Ауданда жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген отбасылардың материалдық жағдайына зерттеу жүргізетін комиссия жұмыс істейді. Биылғы жылы алушылар саны 0 отбасы 0 адам. Ауданда ресми тіркелген 2 жұмыссыз адам бар.
2023 жылы ауданға 1 көшіп келушілер отбасы, барлығы 8 адам (1 ересек, 7 бала) келді. Отбасыларға баспананы көшіру, сатып алу және жалға алу үшін субсидия төленді.
2023 жылы 62 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Оның 28-і жаңа тұрақты жұмыс орындарына, 7-і ауыл шаруашылығына, 54-і басқа жұмыс орындарына орналасты.Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге ниет білдіргендер жоқ.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығын кеңейту мақсатында 1 отбасы 3 млн теңге несие сатып алды.
«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша ірі қара мал сатып алуға 130 000 теңге грант алынды.
Бүгінгі күннің негізгі міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында салааралық үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) өмірлік қиын жағдайдағы және ведомстволық бағынысты мекемелердегі адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
4) аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектерді және азаматтардың басқа санаттарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.