2026 жылғы 16 қазанда Петропавл қаласында «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын айқындау, қазақ тілінің ғылым, білім және цифрлық технологиялар саласындағы қолданысын кеңейту, өңірлер арасында тәжірибе алмасу.
«Digital Urpaq» оқушылар сарайында өткен семинар аясында «Қазақ тілі және цифрлық дәуір: ұлттық құндылықтар – рухани серпіліс» атты панорамалық көрме ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі бөлігінде TED форматындағы «Ойталқы» алаңында ғалымдар мен сала мамандары ғылым тілі, жасанды интеллект, тіл мәдениеті және жаңа медиа кеңістігіндегі қазақ тілінің рөлі туралы ой бөлісті.
Спикерлер қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілі Қ.А. Рахымжанов, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Ж.С. Таласпаева, Nazarbayev University жанындағы ISSAI институтының атқарушы директоры Е.Б. Абсалямов және еліміздің жетекші мамандары болды.
Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл мамандары мен сала өкілдері марапатталды.
Республикалық семинар қазақ тілінің ғылым мен технология тілі ретіндегі әлеуетін арттыруға, озық тәжірибелерді таратуға және тіл саясатының жаңа бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Астана қаласында өткен дәстүрлі «Жарнама — тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті.
Бұл байқау мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді.
Аталған байқау облыс көлемінде ағымдағы жылдың тамыз айында өткізіліп, республикалық кезеңге өңірден 8 үміткердің жұмысы жолданды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І орын «Зенченко и К» КС бұйырса, ІІ орынды тіл жанашыры Денис Ершов иеленді. Ал ынталандыру жүлдесі Ақжар ауданындағы «Lashyn Hall» мейрамханасына табысталды.
Сонымен қатар өткен жылы да аталған республикалық байқауда Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері жоғары нәтиже көрсеткен болатын, жарнама мәтіндерін әзірлеумен айналысатын «Три Арт» ЖШС және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнамаларды анықтап, оларды түзету жұмыстарына белсене атсалысып жүрген «Рух.Тіл.Жаңғыру» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тоқпан Әнуар байқаудың жүлделі ІІ орынға ие болды.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен бірлесе отырып, көрнекі ақпараттың сауатты әрі тіл заңнамасы талаптарына сай ресімделуіне бағытталған «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» акциясын жүзеге асыруда.
Акцияның негізгі мақсаты – тіл саясатын түсіндіру, кәсіпкерлік саласында көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл заңнамасы нормаларының бұзылуына жол бермеу.
Осы бағытта «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында белгіленген талаптардың толық әрі мүлтіксіз сақталуына ерекше назар аударылуда.
Аталған жұмыс аясында Айыртау ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орындарында, сервистік орталықтарда және кәсіпкерлік нысандарында орналасқан ішкі және сыртқы көрнекі ақпараттар мен деректемелердің тіл заңнамасы талаптарына сәйкестігіне қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында көрнекі ақпараттарды сауатты ресімдеудің маңыздылығы түсіндіріліп, тілдік нормаларды сақтау, мәтіндердің мазмұны мен жазылуына мұқият мән беру қажеттігі атап өтілді.
Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет ардагерлерін, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен ұжымдарын, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті өкілдігінің алғашқы білім алушыларын және «Жасыл ел» жастар қозғалысының қатысушыларын біріктірген кездесу өтті. Кездесу әртүрлі буын өкілдерінің өзара пікір алмасып, ортақ істің сабақтастығын сезінуіне мүмкіндік берді. Жас қатысушылар үшін бұл Солтүстік Қазақстан облысының мәдениетін дамытуға ұзақ жылдар бойы үлес қосқан, дәстүрлерді сақтап, өз еңбегімен өңірдің бүгінгі мәдени кеңістігін қалыптастырған жандармен танысуға мүмкіндік болды. Ардагерлер өз естеліктері мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, ал жастарға аға буын өкілдері ақ батасын берді. Бұл – жастарға ақ жол тілеп, басталған істің лайықты жалғасын табуына білдірілген ізгі ниет. Кездесудің жалғасы «Абылай хан резиденциясы» музейлік кешені аумағында ағаш отырғызу рәсімімен жалғасты. Ағаш отырғызу ұрпақтар сабақтастығы кездесуінің символдық жалғасына айналды.
2026 жылғы 30 қыркүйекте Кембридж қаласында «Ботай - Ұлы дала мәдениеті» көрмесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Көрме Солтүстік Қазақстан облысы басшылығының және Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан Макдональд археологиялық зерттеулер институтының «Еуразия: ежелгі өзара байланыстарды зерттеудегі жаңа бағыттар» атты халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырылды.Көрменің ашылу салтанатына халықаралық ғылыми және академиялық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілі қатысты. Олардың қатарында Кембридж қаласының мэрі Мария Клеминсон, Кембридж университетінің профессоры Кэмерон Петри және Эксетер университетінің профессоры Алан Оутрам болды.Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаев құттықтау сөз сөйлеп, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің құттықтау хатын оқып берді. Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қорынан ұсынылған экспозиция құрамына археологиялық артефактілер, этнографиялық бұйымдар, сондай-ақ Ботай мәдениетіне арналған халықаралық суретшілер симпозиумдарына қатысушылардың 22 көркем туындысы енді.
Көрме халықаралық аудиторияны Солтүстік Қазақстанның бірегей мұрасымен және Еуразияның ежелгі тарихын зерттеудегі Ботай мәдениетінің маңызымен таныстырады.Жобаның негізгі мақсаты - Ботай мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Ұлы дала мұрасын зерттеу және сақтау мәселелері бойынша халықаралық диалог аясын кеңейту. Конференция аясында Ботай мұрасын одан әрі халықаралық деңгейде ілгерілету перспективалары, сондай-ақ Ботай мәдениетіне қатысты нысандарды ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында оны таныстыру мәселелері талқыланды.
Ресми бөлімнен кейін конференция қатысушылары үшін экспозиция бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Көрме Кембридж қаласында үш күн бойы жұмыс істейді. Кембриджде көрменің өткізілуі Солтүстік Қазақстан облысының мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныстырудағы және қазақстандық әрі шетелдік зерттеушілер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды.
19 қыркүйекте Петропавл қаласында экологиялық бастамаларды, шығармашылықты және қоршаған ортаға саналы көзқарас идеяларын біріктірген Qyzyljar Eco Park экологиялық фестивалі өтті.
Фестивальдің негізгі бағыттарының бірі практикалық шеберлік сабақтары болды. Қатысушылар күнделікті қолданыстағы заттарға екінші өмір сыйлап, қажетсіз материалдардан пайдалы әрі ерекше бұйымдар жасаудың жолдарын үйренді.
Эко-белсенді Әсел Шәкімова «Футболкадан тор сөмке» атты шеберлік сабағын өткізіп, қатысушылар ескі киімдерден көп рет қолданылатын сөмкелер жасады.
Дизайнер Татьяна Кондрашова пластик пен джинсы матасын қайта пайдалану мүмкіндіктерін көрсетті. Анастасия Селезнёва желім мен жіпті қолданбай, қажетсіз киімдерден иттерге арналған ойыншықтар жасауды үйретті.
Сондай-ақ фестиваль аясында Анна Зирюкина шыныдан фьюзинг техникасымен әшекей бұйымдар жасау, Раиса Согомонян гипстен түрлі бұйымдар әзірлеу, ал Евгений Осипов қайың қабығына сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Qyzyljar Eco Park экологиялық идеяларды іс жүзінде жүзеге асыратын алаңға айналды. Фестиваль қалдықтарды азайту, заттарды қайта пайдалану және жауапты тұтыну мәселелеріне назар аударып, табиғатқа қамқорлық жасаудың қызықты, пайдалы әрі шығармашылық үдеріс екенін көрсетті.
Фестивальдің өткізілуі өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Қатысушылар аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, қоғамдық орындарды ретке келтірді. Сенбіліктің басты мақсаты қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев, тарихшы ғалымдар, ардагерлер ұйымдарының, зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен жастар қатысты.
Конференция барысында белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, Солтүстік Қазақстан облыстық архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова, тарих ғылымдарының кандидаты Зилиха Бимақанова, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің ғылыми қызметкері Әлия Хаймолдина және Ислам мәдениеті музейінің директоры Мұрат Әміржанов баяндама жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Қатысушылар Алтын Орданың тарихи маңызы, мемлекеттілік сабақтастығы, тарихи жадыны сақтау және ұлттық мұраны жас ұрпаққа жеткізу мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ конференция аясында Солтүстік Қазақстан облыстық архиві дайындаған «Алтын Орда мұрасы: Жошы ұлысынан Абылай хан дәуіріне дейін» атты тақырыптық көрме ұсынылды.
Бүгін Сергеевка қаласында күрделі жөндеуден кейін жаңартылған Мәдениет үйі ашылды.
Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Қазақстан халқына» қоры басқармасының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілі Досбол Әбдірейісов қатысты.
Мәдениет үйі заманауи техникалық құралдармен, қажетті жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етілді. Тұрғындардың шығармашылықпен айналысуына, мәдени іс-шаралар өткізуге және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалды.
Бір күн бұрын Тайынша ауданының Теңдік ауылында да жаңартылған Мәдениет үйі ашылды. Екі нысанды жаңғырту Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақстан халқына» қорының «QH Мәдени даму алаңы» бірлескен жобасы аясында жүзеге асырылды. Солтүстік Қазақстан облысы елімізде аталған жоба мәдениет нысандарында жүзеге асырылған алғашқы өңір болды.
Марафонның өңірлік кеңсесінің төрағасы Жарасбай Сүлейменов пен шығармашылық даму және кітапханалар бөлімінің басшысы Жанар Әлибекова кітапты насихаттау және оқуға қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.
Марафонның басты мақсаты – өңір тұрғындарын кітап, білім және оқу мәдениеті төңірегіне біріктіру.