
Филармонияның директоры — Ақмағамбетова Ботагөз Жағыпарқызы
Мекенжайы: 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қ.Кеншінбаев көшесі, 22
Телефон: 8-715-2 46-01-08
e-mail: skofilarmoniya@mail.ru
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ақан сері атындағы облыстық филармониясы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ақан сері атындағы облыстық филармониясы» КМҚК Петропавл қаласы, Қ.Кеншінбаев к., 22 мекен-жайындағы Жастар сарайында орналасқан. Облыстық филармония көп жылдар бойы өңірдің классикалық академиялық, эстрадалық, халықтық музыканың флагманы болып табылады. Филармония 57 жыл бойы қалыптасу, ізденіс пен жаңашылдық жолында. Филармонияда он төрт шығармашылық ұжым бар:
Сонымен қатар филармонияда 20-дан аса солист-вокалшы жұмыс жасайды.
Филармония қызметінің негізгі көрсеткіші – халық композиторларының шығармашылық жетістіктерін, отандық және әлемдік музыка мәдениеті мен халық өнерінің озық үлгілерін насихаттау, ұлттық мәдениеттердің гүлденуіне және өзара баюына ықпал ету, балалар мен жастарды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеу, облыс тұрғындарына концерттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жетілдіру.
Филармонияның жарты ғасырдан астам тарихы бар. Сол уақыт ішінде оның сахнасында Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердің ең көрнекті музыка қайраткерлері өнер көрсетіп, көрермендерге қуаныш сыйлады.
Облыстық филармонияда жоғары деңгейдегі дарынды кәсіби орындаушылар жұмыс жасайды. Әртістер өз шеберлігін ең беделді халықаралық байқауларға қатысып растады.
Музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық филармонияның 35 қызметкері «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының иегері атанды. Филармонияның директоры Б.Ж. Ақмағамбетова, әнші Д.С. Құрманкина және «Мәңгілік» би ансамблінің көркемдік жетекшісі М.В. Лахтин «Құрмет» орденімен марапатталған, «Әдемі-ау» қазақ би ансамблінің жетекшісі Р.М. Сучкова Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай хормейстер Ю.В. Колчин «Парасат» медалімен марапатталды.
2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы №315 қаулысымен филармонияға жерлесіміз ақын, әнші, сазгер Ақан серінің есімі берілді.