151300 Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев қ., Победа к-сі, 32
Тел./факс: +7 71534 2-10-95
Е-mail: shal-arhiv@sko.kz
Директор: Латанов Нiл Уәпұлы
Азаматтарды қабылдау күндерi:сәрсенбi, сағ. 15-00-дан 17-00-ге дейiн
Қазақ ССР Министрлер кеңесiнiң 1971 жылғы 30 желтоқсандағы өкiмiнiң негiзiнде СҚО мемлекеттiк архивінің Сергеев филиалы құрылды. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын жетiлдiру жөнiндегi бұдан былайғы шаралары туралы» Жарлығына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы шешiмiмен СҚО мемлекеттiк архивінің Сергеев филиалының негiзiнде Сергеев аудандық архиві құрылды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығымен Сергеев ауданы Шал ақын ауданы болып өзгертiлдi. Архив 1998 жылы 27 ақпанда СҚО әдiлет департаментiнiң аудандық әдiлет бөлiмiнде тiркеуден өттi. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң № 62-1948-10 -ГУ. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, ведомстволық санатының өзгеруiне байланысты, Шал ақын ауданының архиві Солтүстiк Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының қарамағына берiлдi.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Шал ақын ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
2017 жылдың 1 сәуірге Шал ақын аудандық архивінде 137 қор тiркелген, олардың iшiнде 31654 сақтау бiрлiгiнен тұратын 109 басқару құжаттарының қоры, 17909 сақтау бiрлiгiнен тұратын 28 адам құрамы жөніндегі құжаттар қоры.
Мемлекеттiк сақтау қорында төрт машина-трактор станциясының (Ворошилов, Коновалов, Марьевск, Семипольск МТС), 1 РТС, 44 колхоз, 17 совхоз, халық депутаттарының аудандық Кеңесi, аудан әкiмi аппараттары мен аудандық мәслихаттың, Октябрь, 1963 жылдан бастап Сергеев, 1999 жылдан бастап Шал ақын ауданы, жиырма екi селолық Кеңес, он төрт селолық округтiң құжаттары бар. Аудандық ауыл-шаруашылығы, қаржы, халыққа бiлiм беру, мәдениет, әлеуметтiк қамсыздандыру, қазынашылық, денсаулық сақтау, экономика, коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi бөлiмдердiң құжаттары сақталған. Ұйымдар мен кәсiпорындар: аудандық тұтынушылар одағы, аудандық аурхана, архив, № 11 дәрiхана, бюджеттiк банк бөлiмшесi, салық комитетi, Марьев орта мектебiнiң, № 3 Сергеев орта мектебiнiң, «Академик Е.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» ММ, Октябрь орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық бөлiмi, өнеркәсiптiк комбинат, халық соты, санэпидемистанция, мемлекеттiк нотариалды кеңсе, май зауыты, астық қабылдау пунктерi (ХПП), Сергеев су қоймасын пайдалану жөнiндегi басқарма, Сергеев калалық халық депутаттары кеңесi, «Новатор» газетiнiң редакциясы, гортеплоэнерго, «Агропромтранс» Акционерлiк кәсiпорны, Ишим магистралды су құбырларын пайдалану басқармасы, «Союзцелиновод» трестiнiң Сергеев экплуатациялық-құрылыс басқармасы, «Агромонтаж-3» ААҚ фирмасы, «Биржа труда» КҚК, Сергеев материалдық-техникалық қамсыздандыру жөнiндегi өндiрiстiк бiрлестiк ААҚ (МТО), № 21 Сергеев селолық орта кәсiптiк-техникалық училищесi (СПТУ-11), қалалық кәсiптiк-техникалық училищесi (ГПТУ-11), ПУСС Сергеев автобазасы, Сергеев құрылыс материалдары мен конструкциялар комбинатының (КСКМ) құжаттары сақтаулы.
Шал ақын аудандық архивiнiң ғимаратында жыл сайын деректi фотокөрмелер ұйымдастырылады. Көрмелердiң тақырыптары әр түрлi: атаулы күндерге байланысты (мысалы: Жеңiс күнiне орай), Шал ақын ауданының құрметтi азаматтары туралы, мемлекеттiк архив жұмысы туралы.
2017 жылдың көрмелерi:
2017 жылғы жарияланымдар:
Шал ақын ауданының архиві келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: түрлi санатты әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрауларды, соның iшiнде тақырыптық сұрауларды орындау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу, кәсiпорын, мекеме, ұйымдардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзу, ақпараттық қызмет көрсету (деректi фотокөрмелердi, тақырыптық стендтердi безендiру).
Шал ақын аудандық архиві 2017 жылғы 1 тоқсанда144 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұраулар, 9 тақырыптық және 4 генеалогиялық сұраулар орындалды.