Байланыстар
Мекенжайы:
151200 Солтүстік Қазақстан облысы
Кішкенекөл с.
Ш. Уәлиханов к., 85
ел/факс: +7 71542 2-11-32
Е-mail: ualihan-arhiv@sko.kz
Директор — Сұлтанов Дулат Ермекұлы
Азаматтарды қабылдау күндері: дүйсенбі, бейсенбі
сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін
Архив тарихы
Халық депутаттарының аудандық Кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен 1990 жылдың 19 шілдесінен бастап аудан ұйымдары мен мекемелері, кәсіпорындарының архивтік құжаттарын орталықтандырылған түрде сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, Көкшетау облысы халық депутаттарының Қзылту аудандық Кеңесінің атқару комитетінің жанынан адам құрамы жөніндегі шаруашылық есептегі архив құрылды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 мамырдағы қаулысына, аудандық әкімшілік басшысының шешіміне сәйкес 1994 жылдың 15 қаңтарында Қзылту шаруашылық есептегі архиві Қзылту әкімшілігі жанындағы аудандық архив болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 3 мамырындағы «Кокшетау облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістері туралы» Жарлығымен Қзылту ауданы Уәлиханов ауданы болып өзгертілді. Таратылған Валиханов ауданының аумағы Уәлиханов ауданының құрамына кірді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 3 мамырындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдірудің алдағы шаралары туралы» Жарлығымен Көкшетау облысы таратылып, Солтүстік Қазақстан облысының құрамына қосылды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау және қанағаттандыру мақсатында, аудан аумағында орналасқан және жекешелендірілген ұйымдар мен мекемелер, кәсіпорындардың құжаттарын есепке алу және пайдалану, мемлекеттік сақталуын қамтамасыз етуге арналған 1997 жылғы 14 мамырдағы шешімімен Уәлиханов аудандық әкімдігі жанынан жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік архив құрылды.
2001 жылғы 4 шілдеде Уәлиханов ауданының архиві Солтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында тіркеуден өтті. Заңты тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің № 6707-1948-ГУ.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2004 жылғы 3 желтоқсанындағы қаулысыныа сәйкес Уалиханов мемлекеттік архиві 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджет есебінен қаржыландырылуға көшті және
Солтүстік Қазақстан облысының құжаттамалар мен мұрағаттар бөлімінің қарамағына берілді. Архив қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив қызметінің бірыңғай жүйесіне енгізілді.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұрағаттағы іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Уәлиханов ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
Қорлардың сипаттамасы
2017 жылдың 1 сәуірге Уәлиханов ауданының архивінде 132 қор тiркелген, олардың iшiнде басқару құжаттарының қоры — 63, адам құрамы жөніндегі құжаттардың қоры — 69. Барлық мемлекеттiк сақтаудағы 31087 құжаттың 18141 басқару құжаттары, 12946адам құрамы жөніндегі құжаттар. Архивте қажеттi құрал-жабдықтармен жабдықталған 2 сақтау қоймасы бар.
Мемлекеттiк сақтау қорында халық депутаттарының Қзылту аудандық Кеңесiнiң, Уәлиханов және бұрынғы Қзылту аудандарының (атауы 1997 жылы өзгертiлген) әкiмдерi аппараттарының, Қзылту ауданының он ауылдық Кеңесiнiң және бұрынғы Валиханов ауданының (1997 жылы таратылған) жетi ауылдық Кеңесiнiң құжаттары, ауылдық округтардың, Уәлиханов және бұрынғы Қзылту аудандарының аудандық ұйымдарының құжаттары: аудандық қаржы бөлiмдерiнiң, халыққа бiлiм беру бөлiмдерiнiң, орта мектептердiң, аудандық мәдени бөлiмдерiнiң, ауыл шаруашылық бөлiмдерiнiң, аудандық ауруханалардың, аудандық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiнiң, Уәлиханов аудандық Қазынашылық бөлiмiнiң, Салық Комитетiнiң, Аудандық СЭС-тiң, нотариалды кеңсенiң, Қзылту элеваторының құжаттары, № 15 автобазаның, «Арай» және К.Маркс атындағы астық қабылдау пунктерiнiң, Қазауылшаруашылықтехникасының, Қзылту жөндеу зауытының, мұнайбазасының, Аудандық сауда бөлiмiнiң, Қзылту байланыс желiсiнiң, Қзылту ауданының 18 совхозы мен бұрынғы Валиханов ауданының 4 совхозының («Комсомольский», «Сарыадырский», «Простор», «Золотая Нива») құжаттары сақтаулы.
Көрмелер мен жарияланымдар
Уәлиханов ауданы архивiнiң ғимаратында жыл сайын деректi фотокөрмелер қойылып безендiрiледi.
2017 жылдың көрмелерi:
- «Память об афганцах жива»;
- «Наурыз-мейрамы»;
- «Көркем сөздiң зергерiне — 115 жыл».
2017 жылғы жарияланымдар:
- «Нет коррупции», «КызылТу» газетi, 24 наурыз, №12;
- «Нәзiк жандар ел тарихын сақтауда», «Кiшкенекөл таңы» газетi, 7 наурыз, №9.
Сұраулар мен көрсетiлетiн қызметтер
Уәлиханов ауданының архивi келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: түрлi санатты әлеуметтiк -құқықтық сипаттағы сұрауларды, соның iшiнде тақырыптық сұрауларды орындау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу, кәсiпорындардың, ұйымдардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзу, ақпараттық қызмет көрсету (деректi фотокөрмелердi, тақырыптық стендтердi безендiру).
Архив ұйымдар, мекемелер, кәсiпорындардың iс жүргiзу жөнiндегi жұмыстарына ғылыми-техникалық және iс- тәжiрибелiк көмек көрсету бойынша қызметтерiн ұсынады (iс жүргiзуге жауапты қызметкерлердi үйрету, семинарлар өткiзу, ұйымдардың iс номенклатурасын құрастыруға көмектесу, ведомстволық ұйымдардың жұмысына жетекшiлiк ету)
Соңғы жылдары соғыс уақытындағы еңбек өтiлiн анықтауға байланысты және мүлiкке, техникаға, жер телiмдерiне деген құқықтарын, зейнетақы аударымдарын растауға байланысты азаматтардан келiп түскен сұраулардың артқаны байқалады.
2017 жылғы 1 тоқсанда архивке әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы 335, 18 тақараптық сұрау келiп түстi. Олардың барлығы орындалды.