Меню

Страницы

Статья

Тимирязев ауданы

Байланыстар

Мекенжайы: 151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев с., Уәлиханов к-сi., 23.
Тел. факс: +7 715 37 2-18-35.
E-mail: timiryazevo-arhiv@sko.kz.

Директор — Мұсаева Бақытжан Төлеубайқызы.

Азаматтарды қабылдау күндерi: сәрсенбi, сағ. 10-нан 12-ге дейiн.

Архив тарихы

Тимирязев ауданының архиві 1995 жылдың 12 қаңтарында азаматтардың мүддесi мен құқығын қорғау және қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ аудан аумағында орналасқан ұйымдар мен мекемелер, кәсiпорындардың (соның iшiнде жекешелендiрiлген) құжаттарын ведомствоға тиесiлiгi мен меншiктiк нысанына тәуелсiз түрде есепке алу, пайдалану, мемлекеттiк сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкiмшiлiк басшысының қаулысымен құрылды.

Тимирязев ауданының архивінде 1980 жылдың 17 қазанында құрылып, 1988 жылдың 9 тамызында таратылған Солтүстiк Қазақстан облысының Целинный ауданының ұйымдары, кәсiпорындары мен басқару органдарының құжаттары сақталған.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Тимирязев ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.

Архив қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архив қызметiнiң бiрыңғай жүйесiне кiредi және атқаратын қызметi бойынша тiкелей Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасына бағынады.

Қорлар сипаттамасы

2017 жылдың 1 сәуірге Тимирязев ауданының архивінде 41416 сақтау бiрлiгiнен тұратын 103 құжат қоры бар. Олардың 49-ы 21092 сақтау бiрлiгiнен тұратын басқару құжаттарының қоры, 53-i 20317 сақтау бiрлiгiнен тұратын адам құрамы жөніндегі құжаттар қоры және 7 сақтау бiрлiгiнен тұратын 1 жеке тектік архивтік қор. Құжаттар тұңғыш рет 1954 жылы сақтауға келiп түскен.

Мемлекеттiк сақтауда Тимирязев аудандық халық депутаттары Кеңесiнiң, Тимирязев аудандық әкiмi аппаратының, Тимирязев аудандық мәслихатының, халықтық бақылау комитетiнiң, ауылдық Кеңестердiң, он алты ауылдық әкiмшiлiк пен ауылдық округтiң құжаттары, Тимирязев ауданы ұйымдарының (Тимирязев ЖМК-9, аудандық қаржы бөлiмi, аудандық халыққа бiлiм беру бөлiмi, аудандық тұтынушылар одағы, аудандық агроөнеркәсiптiк бiрлестiктердi материалды-техникалық қамтамасыз етудiң өндiрiстiк бiрлестiктерi, аудандық байланыс торабы, «Петропавл жолдары» АҚ, аудандық аурухана, Халық банкi, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, №25 дәрiхана, Сулы АТБК-ы, ДОСААФ, аудандық телекоммуникация торабы, ауыл шаруашылығын аумақтық басқару, «Сулы-хлебпродукт» АҚ, аудандық статистика бөлiмi, мәдениет бөлiмi, әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмi, «Агропромтранс» АҚ, «Сулинский нефтебаза» АҚ, салық комитетi, нотариалды кеңселер, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, Тимирязев КТМ-20, Тимирязев аудандық ауыл шаруашылық техникасы, «Ақжан» ЖШС, «Жаркын» ЖШС, «Сағат СҚ» ЖШС, «Сулы-Агро» АҚ, Тимирязев аудандық баспа, «Сельхозэнерго» АҚ, және басқа ұйымдар), Целинный аудандық арнаулы шаруашылық бiрлестiгiнiң құжаттары сақтаулы.

Көрмелер мен жарияланымдар

Жыл сайын Тимирязев ауданы архивінің ғимаратында және аудандық кiтапханада орналасқан аудандық мұражайда фотодеректi көрмелер ұйымдастырылып қойылады. Көрмелердiң тақырыбы әртүрлi: атаулы күндерге байланысты (Ұлы Жеңiс күнiне), ауданның құрметтi азаматтары туралы, аудандық архивтің жұмысы туралы.

Өткiзiлген көрмелер туралы, ақпарат және архивтің қызметi, мұрағаттың көрсететiн қызметi жайындағы кеңестерi, архивтік құжаттар туралы мақалалар «Нива» аудандық газетiнде жарияланады.

2017 жылдың көрмелерi:

  1. «Афганистан болит в мой душе»
  2. «Женщина и общество»

2017 жылғы жарияланымдар:

  1. «Iс қағаздардың қоғам өмiрiндерi маңызы», «Көтерiлген тың» газетi, 8 сәуiр, №14.

Сұраулар және көрсетiлетiн қызметтер

Тимирязев ауданының архивi келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: түрлi санатты әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрауларды, соның iшiнде тақырыптық сұрауларды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi, ақпараттық қызмет көрсетедi: аудан архивінде сақталған құжаттар туралы, ақпарат бередi.

Мемлекеттiк архив ұйымдар мен мекемелер, кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзу жұмыстарына ғылыми-техникалық және iс-тәжiрибелiк көмек көрсету қызметтерiн ұсынады (iс жүргiзуге жауапты қызметкерлердi үйрету, семинарлар өткiзу, ұйымдардың iс номенклатурасын құрастыруға көмектесу, ведомстволық архивтердің жұмысына жетекшiлiк етедi).

Соңғы жылдары еңбек өтiлiн анықтауға байланысты және мүлiкке, техникаға, жер телiмдерiне деген құқықтарын, зейнетақы аударымдарын растауға байланысты азаматтардан келiп түскен сұраулардың артқаны байқалады.

2017 жылғы 1 тоқсанда архивке әлеуметтiк-құқықтық түрде 132 сұрау түстi, 1 тематикалық сұрау. Олардың барлығы орындалды.

Дата публикации
03 февраля 2021
Дата обновления
03 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы