Мекенжайы: 151001, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қ., Пролетарская к-сі, 193
Тел./факс: +7 71536 2-33-91
Е-mail: tainsha-arhiv@sko.kz
Директор: Қосмағанбетов Жасұлан Қарбиұлы.
Азаматтарды қабылдау күндерi: дүйсенбi, сәрсенбi, жұма сағ. 16-00-дан 18-00-ге дейiн.
Халық депутаттарының аудандық Кеңесi атқару комитетi халық депутаттарының Красноармейск аудандық Кеңесi атқару комитетiнiң 1986 жылғы 4 сәуiрдегi «Халық депутаттарының аудандық Кеңесi атқару комитетi жанынан адам құрамы жөніндегі шаруашылық есептегi архивті ұйымдастыру туралы» шешiмiне сәйкес, Красноармейск қаласында заңды тәуелсiз мекеме ретiнде адам құрамы жөніндегі шаруашылық есептегi архивті ашу туралы шешiм қабылдады.
Халық депутаттарының Чкалов аудандық Кеңесi мен оның атқару комитетiнiң 1990 жылғы 15 қарашадағы шешiмiмен Чкалов селосында аудандық Кеңес атқару комитетiнiң жанынан адам құрамы жөніндегі шаруашылық есептегi архив ұйымдастырылды.
Келлеров аудандық әкiмшiлiк басшысының 1993 жылғы 7 сәуiрдегi шешiмiмен Келлеровка селосында аудандық архив құрылды.
Облыстық әкiмшiлiк басшысының 1992 жылғы 17 сәуiрдегi «Жекешелендiрiлген ұйымдар мен мекемелердiң архивтері мен құжаттарын сақтауды қамтамасыз ететiн шаралар туралы» шешiмiнiң негiзiнде, шаруашылық есептегi архив Красноармейск әкiмшiлiк басшысының 1992 жылғы 6 қарашадағы шешiмiмен аудандық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аудандық әкiмшiлiк жанындағы архив бөлiмi болып өзгертiлдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 мамырдағы «Көкшетау облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымындағы өзгерiстер туралы» Жарлығымен Красноармейск ауданының атауы Тайынша ауданы болып, ал Красноармейск қаласы Тайынша қаласы болып өзгертiлдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» Жарлығымен Көкшетау облысы таратылып Солтүстiк Қазақстан облысының құрамына қосылды.
Красноармейск аудандық мемлекеттiк архиві Тайынша аудандық мемлекеттiк архиві болып өзгертiлдi, Келлеров пен Чкалов аудандық архивтері таратылып, олардың қорлары Тайынша аудандық архивіне тапсырылды.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес, Тайынша мемлекеттiк архиві 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджет есебiнен қаржыландырылатын болды және Солтүстiк Қазақстан облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар бөлiмiнiң қарамағына берiлдi.
«Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасына ведомствоға қарасты кейбiр мемлекеттiк мекемелердiң атауларын өзгерту туралы» 2013 жылғы 30 қазандағы №360 Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулысымен «Тайынша аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесiнiң атауы «Тайынша аудандық мұрағаты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне өзгертiлдi.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Тайынша ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
2017 жылғы 1 сәуірге Тайынша ауданының архивінде 516 қор, оның iшiнде 412 басқару құжаттамасының қоры, 104 адам құрамы жөніндегі құжаттар қоры. Сақтау бiрлiгiнiң жалпы саны — 129404, оның 117101 басқару құжаттамасының сақтау бiрлiгi, 12303 адам құрамы жөніндегі сақтау бiрлiгi.
Мемлекеттiк сақтауда халық депутаттарының Красноармейск, Келлеров, Чкалов аудандық халық депутаттары Кеңесiнiң; Тайынша ауданының әкiмi аппаратының, Тайынша аудандық мәслихатының, бұрынғы Красноармейск ауданының он ауылдық Кеңесiнiң, бұрынғы Келлеров ауданының жетi ауылдық Кеңесiнiң, бұрынғы Чкалов ауданының он үш ауылдық Кеңесiнiң құжаттары, бұрынғы Красноармейск, Келлеров, және Чкалов аудандарының аудандық ұйымдарының құжаттары (аудандық қаржы бөлiмдерiнiң, халыққа бiлiм беру бөлiмдерiнiң, Чкалов арнаулы (түзету) мектеп-интернатының, аудандық тұрмыстық комбинаттардың, аудандық ауруханалардың, аудандық архивтердің, аудандық Қазынашылық бөлiмдерiнiң, мемлекеттiк сақтандыру агенттiктерiнiң), Красноармейск, Келлеров және Чкалов мемлекеттiк нотариалды кеңселерiнiң; бұрынғы Красноармейск, Келлеров және Чкалов аудандарының колхоз және совхоздарының, құрғақ майсыздандырылған сүт зауытының, бұрынғы Красноармейск, Келлеров және Чкалов аудандарының ДЭУ-нiң және басқа ұйымдардың құжаттары бар.
Сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi заңдастыру бойынша құжаттар, Тайынша ауданының салық басқармасы, ТКШ, жер қатынастары бөлiмдерiнiң, «Надежда» қарттар және мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi интернат үйiнiң құжаттары. «Тайынша-Информ» ЖШС, «Тайынша Таңы» ЖШС, «Тайынша ауданының кiтапхана жүйесi» КММ, «Қарлығаш» балабақшасының құжаттары сақтауға түстi.
2017 жылдың көрмелерi:
2017 жылғы жарияланымдар:
Тайынша ауданының архиві келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: түрлi санатты әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрауларды, соның iшiнде тақырыптық сұрауларды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi, ақпараттық қызмет көрсетедi: аудан архивінде сақталған құжаттар туралы, ақпарат бередi.
Мемлекеттiк архив ұйымдар мен мекемелер, кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзу жұмыстарына ғылыми-техникалық және iс-тәжiрибелiк көмек көрсету қызметтерiн ұсынады (iс жүргiзуге жауапты қызметкерлердi үйрету, семинарлар өткiзу, ұйымдардың iс номенклатурасын құрастыруға көмектесу, ведомстволық архивтердің жұмысына жетекшiлiк етедi).
Соңғы жылдары соғыс уақытындағы еңбек өтiлiн анықтауға байланысты және мүлiкке, техникаға, жер телiмдерiне деген құқықтарын, зейнетақы аударымдарын растауға байланысты азаматтардан келiп түскен сұраулардың артқаны байқалады.
2017 жылғы 1 тоқсанда архивке әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы 513 сұрау келiп түстi. Олардың барлығы орындалды.