Мекенжайы:
150400 Солтүстік Қазақстан облысы
Новоишим с.
Ленин к., 2
Тел: +7 71535 2-27-04, 2-27-38
Е-mail: gm-arhiv@sko.kz
Директор: Беспалинов Марат Балахметұлы
Азаматтарды қабылдау күнi: дүйсенбi сағ 14.00-ден 17-ге дейiн
Аудан мұрағатындағы жұмыс кеңесi
1963 жылдың 26 маусымында еңбекшi депутаттардың Көкшетау облыстық Кеңесi жанындағы архив бөлiмiнiң бұйрығымен Көкшетау облыстық архивінің Рузаев филиалы құрылды. Чистополье аудандық әкiмшiлiк басшысының 1992 жылғы 8 желтоқсандағы шешiмi негiзiнде Чистополье аудандық архиві құрылды.
Рузаев әкiмшiлiгi басшысының 1993 жылғы 29 шiлдедегi шешiмiмен Көкшетау облыстық архивінің Рузаев филиалы Рузаев аудандық архиві болып өзгертiлдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен Көкшетау облысының Рузаев және Чистополье аудандары таратылып, олардың аумақтары Көкшетау облысының Куйбышев ауданы құрамына қосылды. Куйбышев ауданының атауы Целинный ауданы болып өзгертiлдi. Куйбышев ауданының Куйбышев поселкесi Целинный ауданының Новоишим поселкесi болып өзгертiлдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен таратылған Көкшетау облысының аумағы Солтүстiк Қазақстан облысының құрамына қосылды.
Целинный ауданы әкiмiнiң 1997 жылғы 5 тамыздағы шешiмiмен Көкшетау облыстық мемлекеттiк архивінің Рузаев филиалы және Куйбышев, Чистополье аудандық архивтері негiзiнде Целинный аудандық архиві құрылды. Оның орталығы Рузаев селосы, ал филиалдары Новоишим поселкесi мен Чистополье Аудандық архивтегі жұмыс барысындағы кеңес селосында орналасқан. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен Солтүстiк Қазақстан облысының Целинный ауданының атауы Ғ.Мүсiрепов ауданы болып өзгертiлдi. Целинный ауданының мемлекеттiк архиві Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның мемлекеттiк архиві болып өзгертiлдi.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2004 жылғы 20 қаңтардағы «Елдi мекендердiң өзгертiлуi туралы» Қаулысына сәйкес Ғ.Мүсiрепов ауданының Новоишим поселкесi Новоишим селосы болып өзгертiлдi.
Ғ.Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң 2004 жылғы 19 қазандағы № 6 шешiмiмен Рузаев селосында орналасқан Ғ.Мүсiрепов атындағы аудандық архив аудандық орталық Новоишим селосына көшiрiлдi. Ал, Рузаев селосында аудандық архивтің филиалы қалды.
2005 жылғы 28 тамыздағы Ғ.Мүсiрепов атындағы аудандық архив жөнiндегi № 4 бұйрықтың негiзiнде архивтің Чистополье филиалы таратылып, оның қорлары Рузаев филиалына сақтауға тапсырылды.
Мемлекеттiк архив Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасында қайтадан тiркеуден өттi. 2003 жылдың 14, ақпанындағы Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң № 63-1948-20.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
2018 жылғы 1 шілдеге Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданының архивінде 88427 сақтау бiрлiгiнен тұратын 392 қор бар. Олардың 162 басқару құжаттарының қоры, 224 адам құрамы жөніндегі құжаттар қоры, 6-уi жеке тұлғаға қатысты құжаттар қоры. Басқару құжаттарының мөлшерi 55155 сақтау бiрлiгiнен тұрса, адам құрамы жөніндегі құжаттар 33127 сақтау бiрлiгiнен тұрады.
Мемлекеттiк сақтауда Куйбышев және 1997 жылы таратылған Рузаев пен Чистополье аудандарының құжаттары, Куйбышев, Чистополье, Рузаев ауданының аудандық атқару комитеттерiнiң құжаттары, ауылдық Кеңестердiң, ауылдық әкiмшiлiк пен округтердiң, әкiм аппараттарының, Рузаев, Чистополье және Целинный аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң күзет бөлiмшелерiнiң құжаттары, Чистополье прокуратурасының, Куйбышев темiр-бетон конструкциясы зауытының, Куйбышев ет комбинатының, Куйбышев механикалық-жөндеу зауытының, коммуналды шаруашылық бөлiмдерiнiң, аудандық тұрмыстық комбинаттардың, ауыл шаруашылық бөлiмдерiнiң, аудандық ауруханалардың, мемлекеттiк нотариалды кеңселердiң, колхоздар мен совхоздардың, үш ауданның КШ, АҚ, ЖШС және т.б. құжаттары бар. Жеке тұлғаларға қатысты құжаттардың екi қоры бар: Нечупаренко Татьяна Ильинична, Толочко Федор Фомич.
2018 жылдың көрмелерi:
2018 жылғы жарияланымдар:
Архивтiк жаңалықтарды жарыққа шығару мақсатында аудандық «Есiл Өңiрi» және «Новости Приишимья» газеттерiнде 10 мақала жарияланды.
Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданының архиві келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: ведомстволық архивтерге және мекеме, ұйым, кәсiпорындардың құжаттамалық қызметiне ғылыми-әдiстемелiк және iс-тәжiрибелiк көмек көрсетедi, түрлi санатты әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрауларды, соның iшiнде тақырыптық сұрауларды орындайды. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, құжаттаманы басқару және құжаттаудың қазiргi заманға сай негiздерiн оқып-үйрету бойынша семинарлар, оқушыларға экскурсия өткiзедi.
2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында архивке әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы 979 сұрау және 35 тақырыптық сұраулар келiп түстi. Олардың барлығы орындалды.