Меню

Страницы

Статья

Мамлют ауданы

Байланыстар

Мекенжайы: 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют қ., Ленин к-сi., 51
Тел./факс: +7 71541 2-18-03
E-mail: maml-arhiv@sko.kz
Директор: Рогачёва Ольга Николаевна
Азаматтарды қабылдау күндерi: сейсенбi, бейсенбi сағат 10.00-дан 13.00-ге дейiн

Архив тарихы

1972 жылдың қаңтар айында Мамлют облыстық мемлекеттiк архив филиалы, қазiр құрметтi демалыстағы Ольга Парфеновна Коневецтiң басшылығымен құрылды. Бұл филиал Мамлют және Преснов (қазiргi Жамбыл) аудандарына қызмет көрсеттi. Архивистерге архив құжаттарын пайдалану және сақтаудың қоғам мүддесiне сай келетiн жүйесiн ұйымдастыру қажет болды.

1988 жылдың 22 желтоқсанында облыстық архивтің Преснов филиалының ұйымдастырылуына байланысты, көлемi 22 мыңдай iстен тұратын осы ауданның барлық құжаттамалары архивтік мекемеге тапсырылды.

Мамлют аудандық әкiмiнiң 1997 жылғы 30 шiлдедегi шешiмiмен жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылатын Мамлют аудандық архиві құрылды. Мамлют аудандық архиві 1997 жылдың 22 қыркүйегiнде СҚО әдiлет басқармасында тiркеуден өттi. (Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң №66-1948-07-ММ). 2004 жылғы 3 желтоқсандағы Солтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң қаулысымен аудандық мәртебеге ие Мамлют ауданы, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджет есебiнен қаржыландырылуға көшiрiлдi және Солтүстiк Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттамалар бөлiмiнiң қарамағына берiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шiлдедегi №262 қаулысымен архив «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Мамлют ауданының архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталған.

Архивте 8 адамнан тұратын ұжым жұмыс iстейдi, олардың тынымсыз еңбегi өзгелерге бiлiнбегенмен, тiрнектей отырып жиналған құжаттардан тұратын аудан тарихы осы архивте сақтаулы. Және бұл адамдардың, кәсiпорындардың тағдыры жайында сыр шертетiн, тарих тынысын шынайы сезiнуге және осының барлығын жоғалту қазiргi ұрпақ пен болашақ ұрпақ алдында адамгершiлiк тұрғыдан қылмыс екенiн түсiнуге болатын жалғыз орын

Мамлют ауданының архивiнiң архивистерi мен қызметкерлерi өз iсiн жақсы меңгерген бiлiктi мамандар.

Қорлар сипаттамасы

2017 жылдың 1 сәуірге Мамлют ауданының архивінде 189 қор бар. Олардың ішінде 160 басқару құжаттарының қоры, 28 адам құрамы жөніндегі құжаттардың қоры және 1 фотоқұжаттар қоры бар. Жалпы сақтау бiрлiгiнiң мөлшерi 74189, олардың 70235 басқару құжаттарының сақтау бiрлiгi болса, 3949 адам құрамы жөніндегі сақтау бiрлiгi.

Мемлекеттiк сақтау қорында Мамлют аудандық халық депутаттары Кеңесiнiң, Мамлют қаласы мен аудан әкiмдерi аппараттарының, Мамлют аудандық мәслихатының, Мамлют ауданының 16 ауылдық Кеңесiнiң, 11 ауылдық әкiмшiлiк пен ауылдық округтiң құжаттары, аудандық ұйымдардың (аудандық қаржы бөлiмi, халыққа бiлiм беру бөлiмi, салық комитетi, аудандық орта мектептер, мектеп-гимназия, мектеп-интернат, № 69 кәсiби-техникалық училище, аудандық мәдениет бөлiмi, коммуналды шаруашылық бөлiмi, аудандық сауда бөлiмi, аудандық тұрмыстық және өнеркәсiптiк комбинаттары, ауыл шаруашылық бөлiмi, аудандық аурухана, № 7 дәрiхана, орман шаруашылығы, аудандық ақпараттық-есептеу станциясы, аудандық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмi, «Знамя труда» аудандық газетi редакциясы, аудандық жұмыспен қамту орталығы, статистика бөлiмi, аудандық Қазынашылық бөлiмi, Мамлют халықтық соты) құжаттары; Мамлют мемлекеттiк нотариалды кеңсесiнiң, Мамлют ауданының 45 колхозы мен совхозы, «Интернациональная» трактор-жөндеу станциясы, «Мамлют мұнай базасы» ААҚ, Мамлют машина жасау зауытының, «Райсельхозтехника» ААҚ, «Агропромтранс» Мамлют автотранспорттық кәсiпорнының, автостанцияның, Мамлют автотранспорттық экспедициялық кәсiпорнының, 16 —  жол-құрылыс басқармасы, 75 — жылжымалы механикалы колоннаның, Мамлют элеваторы мен «Мамлютский мукомольный комбинат» ЖШС, Мамлют коммуналды шаруашылық комбинатының, ЖШС пен КШ-дың құжаттары сақтаулы.

Көрмелер мен жарияланымдар

2017 жылдың көрмелерi:

  1. «Наурыз Мейрамы»;

2017 жылғы жарияланымдар:

  1. «Хранители истории подвели итоги работы», «Знамя труда» газетi, қаңтар;
  2. «Выдача архивной справки», «Знамя труда» газетi, ақпан;
  3. «Дорога в будущее», «Знамя труда» газетi, ақпан;
  4. «Древний праздник мира»; «Знамя труда» газетi, наурыз.

Сұраулар мен көрсетiлетiн қызметтер

Мамлют ауданының архиві меншiктiң барлық нысанына жататын мекемелер, ұйымдар, кәсiпорындарға және ауданның ауылдық әкiмдiктерiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк жағынан басшылық жасап, көмек көрсетедi және ведомстволық мұрағат жұмысына бақылау жасап, iс номенклатурасын құру, нақтылау, жетiлдiру мәселелерi бойынша кеңес бередi.

Аудандық архив қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi-азаматтардың өтiнiштерiн қанағаттандыру. 2017 жылғы 1 тоқсанда аудандық архивтің құжаттары бойынша 182 анықтама берiлiп, 1 тақырыптық сұрау орындалды. Жыл сайын ТМД елдерi, Германия және республика азаматтарынан келiп түскен сұраулардың саны артуда. Барлық сұраулар белгiленген уақытында орындалды. Бұлар негiзiнен әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұраулар: еңбекақы туралы, соғыс жылдарында еңбек еткенi туралы деректi растау, нотариалды мәмiленi растау, тұрғын үйдi жекешелендiру, отбасы құрамы және т.б. Архивке келушiлер барлық жұмыс күнi бойы қабылдана бередi, сұраулар тiркелiнiп, есепке алынады, өтiнiш үлгiлерi берiлген.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы