Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданы

Байланыстар

Мекенжайы: 150700, Солтүстiк Қазақстан облысы, Бескөл а., Спорт к-сi, 2
Тел/факс: +7 71538 2-19-67
E-mail: kyzylzhar-arhiv@sko.kz
Директоры: Колышпаев Тұяқ Қайырбекұлы
Азаматтарды қабылдау күнi: сәрсенбi сағат 16-дан 18-ге дейiн

Архив тарихы

Соколов ауданының мемлекеттiк архивi 1995 жылы Соколов ауданы әкiмшiлiгi басының 1995 жылғы 24 қаңтардағы қаулысының негiзiнде құрылды.

Бескөл және Соколов аудандары бiрiгiп орталығы Бескөл селосы болатын Қызылжар ауданы құрылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi Жарлығына сәйкес, мекеменiң бұрынғы аудандық орталық Соколов селосында болуы аудан тұрғындарына архив қызметтерiн пайдалануға қиыншылықтар туғызды. Соған байланысты 2005 жылдың 1 қыркүйегi күнi аудандық орталыққа көшiрiлдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шiлдедегi №262 қаулысымен архив «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қызылжар ауданының архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталған.

Қорлардың сипаттамасы

Қызылжар ауданының архивінде 2018 жылғы 1 қаңтарға 148 қор бар, оның iшiнде — 95 басқару құжаттамалары, 47 — адам құрамы жөніндегі, 6 жеке тұлағалардың қорлар. Сақтау бiрлiгiнiң жалпы саны 62990, оның 30001 басқару құжаттамалары сақтау бiрлiгi, 32812 адам құрамы жөніндегі, 100 жеке тұлағалардың сақтау бiрлiгi, 77 фотоқұжат.

Архивтің мемлекеттiк сақтауына аудандық Кеңестiң, халық депуттатры аудандық кеңесi аткомының, бұрынғы Бескөл және Соколов аудандарының мекеме, ұйым және кәсiпорындардың, совхоз және колхоздарының, Қызылжар ауданы әкiмi аппаратының, Қызылжар аудандық мәслихатыны, жиырма селолық округ пен әкiмшiлiктiң құжаттары; Қызылжар ауданының аудандық ұйымдарының құжаттары (ауд. Қаржы бөлiмiнiң, халықтық бiлiм бөлiмiнiң, аудандық мәдениет бөлiмiнiң, коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң ауыл шаруашылық бөлiмiнiң, аудандық аурухананың, аудандық архивтердің, аудандық әлеуметтiк қамтамасыз ету бөлiмiнiң, аудандық қазынашылық бөлiмiнiң, халық сотының, Қызылжар СЭС, нотариалдық кеңселердiң, аудандық байланыс желiсiнiң).

Көрмелер мен жарияланымдар

Мемлекеттiк архив жыл сайын мемлекеттiк мерекелерге: Жеңiс күнiне, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiне, Тәуелсiздiк күнiне арнап көрмелер ұйымдастырады.

2017 жылдың көрмелерi:

  1. «Әйел және қоғам»;
  2. «Алматы — столица Зимней Универсиады 2017»;
  3. «Мы помним, мы гордимся!»;
  4. «Энергия будущего» ЭКСПО-2017г.;
  5. «Астана — сердце столицы»;
  6. «Ұлы даланың кемеңгер перзентi»;
  7. «Конституция Республики Казахстан — гарант благополучной и достойной жизни граждан»;
  8. «Менiң елiм — менiң мақтанышым»;
  9. «Н. Назарбаев — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi»;
  10. «Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсүлтан Назарбаевтың Қызылжар ауданыңа келу сапары»;
  11. «Қызылжар ауданы тәуелсiздiгi кезеңiнде»;
  12. «Елбасы Нұрсүлтан Назарбаевтың Қызылжар ауданына тәуелсiздiк кезенiнде келу сапары».

2017 жылғы жарияланымдар:

  1. «Выдача архивных справок», «Маяк» газетi, 3 наурыз;
  2. «Выдача архивных справок», «Маяк» газетi, 28 шiлде;
  3. «Көрнектi тұлғаға арналған көрме», «Қызылжар» газетi, 11 тамыз;
  4. «Тарихи тұлғаға арналды», «Қызылжар» газетi, 1 желтоқсан;
  5. «Фотокұжаттар көрмесi», «Қызылжар» газетi, 15 желтоқсан.

Сұраулар мен көрсетiлетiн қызметтер

Қызылжар ауданының архиві мынадай қызметтердi көрсетедi: түрлi санаттағы әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрауларды орындау, соның iшiнде: тақырыптық сұраулар; ұйым, мекеме, кәсiпорын құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу.

Мемлекеттiк архив ұйым, мекеме, кәсiпорындарға ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету бойынша (ұйымның iстер номенклатурасын құрастыруға көмектесу, ведомстволық архивтердің жұмысын бақылау) қызмет етедi.

2017 жылда 1718  әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, 6 тақырыптық сұрау орындалды.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы