Мекенжайы:
150800 Солтүстік Қазақстан облысы
Булаев қ.
Береговая к., 23
Тел.: +7 71531 2-12-02
E-mail: mzh-arhiv@sko.kz
Директор: Фиц Владимир Арнольдович
Азаматтарды қабылдау күнi:
дүйсенбi, сағ. 15:00-тен 18:00-ге дейiн,
сәрсенбі, сағ. 09:00-дан 12:00-ге дейін
Адам құрамы жөніндегі Булаев архиві халық депутаттарының Булаев аудандық Кеңесiнiң атқарушы комитетiнiң жанынан ведомство аралық архив ретiнде ауданның ұйым, мекеме, кәсiпорындарының архивтік құжаттарын орталықтандырылған түрде сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Халық депутаттарының Солтүстiк Қазақстан облыстық Кеңесiнiң 1985 жылғы 8 тамыздағы «Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы», 1985 жылғы 15 шiлдедегi «Республикадағы архив iсiн одан әрi жетiлдiру шаралары мен жағдайы туралы» Қаулысы негiзiнде Булаев аудандық атқару комитетiнiң 1989 жылғы 14 қарашадағы «Адам құрамы жөніндегі ведомствоаралық архив туралы» шешiмi қабылданды.
Архив 1991 жылға дейiн, ақылы қызмет көрсету есебiнен қаржыландырылып отырды. Булаев аудандық әкiмшiлiк басшысының 1992 жылғы 25 қыркүйектегi шешiмi негiзiнде адам құрамы жөніндегі шаруашылық есептегi архив жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыруға көшiрiлдi.
Ең алғаш сақтауға ауданның ұйым, мекеме, кәсiпорындарының басқару қызметiнiң және аудан тұрғындарының еңбектегi қызметтерi көрiнiс табатын билiктiң атқарушы, өкiлеттi органдарының материалдары келiп түстi.
Кейiнгi он жыл iшiнде аудандық архив түрлi өзгерiстерге ұшырады. Аудандық архив мемлекеттiк мекеме мәртебесiн 1996 жылы алды. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылғы 23 қарашадағы Жарлығына сәйкес Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып өзгертiлдi. Осыған байланысты «Булаев аудандық мұрағаты» ММ Солтүстiк Қазақстан облысының әдiлет басқармасында «М.Жұмабаев ауданының мұрағаты» ММ болып қайта тiркелдi. (Заңды тұлғаның қайта тiркелгенi туралы куәлiктiң № 874-1948-ММ)
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Мағжан Жұмабаев ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
М.Жұмабаев ауданының архивінде сақталынған Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында архивтің материалды-техникалық базасын дамыту және жетiлдiру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
Қазiргi күнi М.Жұмабаев ауданының архиві өз балансында тұрған ауданы 234 ш.м. болатын ғимаратқа және жалпы ауданы 149 ш. метр болатын екi архив қоймасына ие.
Архив қоймалары ұзындығы 323 бойлық метр болатын типтiк стеллажды жабдықтармен жабдықталған. Бөлме архивке сақтауға келiп түсетiн құжаттардың бейiмделуiне лайықталып жасалған. Өртке қарсы-күзет сигнализациясы орнатылған. Архив заңды және жеке тұлғалардан келiп түскен сұрауларды дер кезiнде орындауға және архив қызметкерлерiнiң еңбек сапасын арттыруына мүмкiндiк беретiн компьютерлiк және көбейткiш техникасымен жабдықталған.
Мағжан Жүмабаев ауданының архивінде құжаттамалық материалдар ауданның құрылған сәтiнен, яғни 1928 жылдан 2010 жылға дейiн жинақталған. Олардың көбi тарихи фактiлердi, аудан өмiрiндегi уақиғаларды көрсететiн қызықты, ақпараттарға толы. Адам құрамы жөніндегі құжаттары аудан тұрғындарының еңбек жолдарын туралы мәлiмет бередi.
2017 жылдың 1 сәуірге барлығы 201 қорлар бар, оның iшiнде 170 қорлар басқармалық құжаттама, 13 қорлар адам құрамы жөніндегі, 18 қорлар жеке шығу тегi құжаттарынан. Сақтау бiрлiгiнiң жалпы саны 71952, оның iшiнде 43476 бiрлiгi басқармалық құжаттама, 28193 сақтау бiрлiгi адам құрамы жөніндегі, 114 жеке тектiк құжаттар, 169 фотоқұжат.
1997 ж. Возвышен ауданы таратылғаннан соң, оның ауылдық округтерi Булаев, кейiннен М. Жұмабаев ауданына кiрдi. Мемлекеттiк сақтауда Булаев және Возвышен аудандық халық депутаттарының кеңестерiнiң, Булаев және Возвышен (1997 жылы таратылған) аудандарының әкiмдiгiнiң, әкiмдерiнiң аппараттарының, Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмiнiң аппаратының. Мағжан Жұмабаев ауданының маслихатының; Булаев қалалық Кеңесiнiң, Булаев ауданының 32 ауылдық Кеңестерiнiң, 24 ауылдық округтерiнiң, бұрынғы Возвышен ауылдық Кеңестерiнiң; Булаев ауданының аудандық мекемелерiнiң: аудандық қаржы бөлiмiнiң, статистика, әлеуметтiк қамсыздандыру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, санитар-эпидиомиологиялық департаментiнiң, спорт, бiлiм, қазынашылық, мәдениет бөлiмдерiнiң, «Қазақтелеком», аудандық архивтің, мемлекеттiк нотариалды конторасының, бұрынғы совхоздарының, Булаев элеваторының, май зауытының,жол учаскелерiнiң, автомобиль кәсiпорынының, Булаев орман шаруашылығының, «Авангард СКО» ЖШС-iң, және басқа кәсiпорындардың құжаттары.
Архив жеке тұлғалардың қорларын құру жұмысын жүргiзуде. Гаврилов Михаил Матвеевичтiң, Ғабдуллин Бекейдiң, Өтеев Айтмұқанның, Вера Захаровна Егорованың, М.Ж. Мұсабаевтың, А.Мусарьяновтың, К.А. Сатраковтың, У.Ш. Сағындықовтың қорлары бар.
М. Жұмабаев ауданының архиві архив құжаттарын пайдаланудың әртүрлi формаларын iске асырады. Қызығушылығы бар мекемелердi, кәсiпорындарды олардың мерейтойларына, атауларына байланысты архивте сақталатын құжаттар туралы инициативтi, ақпараттау қолданады. «Мағжан Жұмабаев — қазақтың ұлы, ақыны», «Солтүстiк Қазақстан облысының М. Жұмабаев ауданының саяси қуғынға ұшыраған, ақталған адамдары», «Соғыс естелiгi» (Ұлы Отан соғысына қатысқан булаевтықтар туралы), «Тың игерудiң 50 жылдығына» атты, ақпарат жинақтарын дайындау iсi қолға алынған. Жыл сайын атақты күндерге құжаттық көрмелер ұйымдастырылады. Жеңiс күнiне: «Ұлы жылдарға тағзым етейiк», «Олар Отан үшiн соғысты», жерлесiмiз, ақын Мағжан Жұмабаевтың туған күнiне арналған «Қайтарылған есiм», атақты жерлестерiмiз туралы «Олар бiздiң ауданымыздың даңқын шығарды» атаулы көрмелер дайындалды.
2017 жылдың көрмелерi:
2017 жылғы жарияланымдар:
Аудандық архив келесi қызмет түрлерiн көрсетедi: түрлi санатты әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрауларды, соның iшiнде тақырыптық сұрауларды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi, ақпараттық қызмет көрсетедi: аудан мұрағатында сақталған құжаттар туралы, ақпарат бередi.
Мемлекеттiк архив ұйымдар мен мекемелер, кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзу жұмыстарына ғылыми-техникалық және iс-тәжiрибелiк көмек көрсету қызметтерiн ұсынады (iс жүргiзуге жауапты қызметкерлердi үйрету, семинарлар өткiзу, ұйымдардың iс номенклатурасын құрастыруға көмектесу, ведомстволық архивтердің жұмысына жетекшiлiк етедi.

Соңғы жылдары соғыс уақытындағы еңбек өтiлiн анықтауға байланысты және мүлiкке, техникаға, жер телiмдерiне деген құқықтарын, зейнетақы аударымдарын растауға байланысты азаматтардан келiп түскен сұраулардың артқаны байқалады.
2017 жылғы 1 тоқсанда архивке 311 сауал әлеуметтiк-құқықтық сипатта түстi, 1 тақырыптық және 2 генеалогиялық. Олар мерзiмiнде орындалды.