Мекенжайы: 150600 Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов с., Мир к-сi, 8
Тел/факс: +7 71544 2-13-70
e-mail: zhambyl-arhiv@sko.kz
Директор: Тасболатов Кенжебай Әбдірешұлы
Азаматтарды қабылдау күнi: сәрсенбi сағ: 16-дан 18-ге дейiн
Солтүстiк Қазақстан облыстық аткомы халық депутаттары Кеңесiнiң 1985 жылғы 8 тамыздағы шешiмiмен және Жамбыл аудандық аткомы халық депутаттары Кеңесiнiң 1989 жылғы 24 қаңтардағы шешiмiмен Жамбыл аудандық аткомы халық депуттары Кеңесiнiң жанынан адам құрамы жөнiндегi ведомствоаралық шаруашылық есепке алу архивi құрылды.
Жамбыл аудандық аткомы халық депутаттары Кеңесiнiң 1989 жылғы 29 тамыздағы шешiмiмен ведомствоаралық шаруашылықты есепке алу архивi адам құрамы жөнiндегi шаруашылық есепке алу архивi болып өзгертiлдi. Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгi басының 1992 жылғы 14 сәуiрдегi өкiмiне, Жамбыл аудандық әкiмшiлiк басының 1992 жылғы 9 маусымдағы шешiмiне сәйкес адам құрамы жөнiндегi шаруашылық есепке алу архивi аудандық архив болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесi Президиумының 1992 жылғы 4 мамырдағы қаулысымен «Джамбулский» деп жазылудың транкрипциясы «Жамбылский» болып өзгертiлдi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 3 мамырдағы Жарлығына, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы шешiмiне сәйкес аудандық архивке мемлекеттiк мәртебе берiлдi.
Преснов аудандық архиi Преснов аудандық халық депутаттары Кеңесi аткомының 1988 жылғы 28 желтоқсандағы шешiмiмен аудкеңес аткомы жанындағы адам құрамы жөнiндегi ведомство аралық шаруашылық есепке алу архивi ретiнде құрылды.
Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiк басының 1992 жылғы 14 сәуiрдегi өкiмiне, Преснов аудандық әкiмшiлiк басының 1992 жылғы 9 маусымдағы шешiмдерiне сәйкес адам құрамы жөнiндегi ведомство аралық шаруашылық есепке алу архивi аудандық архив болып қайта құрылды.
Заңды тұлғаны мемлекеттiк қайта тiркеу туралы 1997 жылғы 24 наурыздағы № 1300-1948-у-е куәлiгiне сәйкес аудандық архивке мемлекеттiк мекеме мәртебесi тағайындалды.
1997 жылдың 23 мамыры «Солтүстiк Қазақстан облысының әкәмшiлiк-аумақтық құрылғыларын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде Преснов ауданы жойылып, Жамбыл ауданының әкiмшiлiк орталығы Благовещенка селосынан Преснов селосына көшiрiлдi. Преснов ауданы әкiмiнiң 1997 жылғы 24 мамырдағы шешiмiмен, ауданның жойылуына байланысты, Преснов аудандық архивi жойылды. Жамбыл аудандық архивi (Благовещенка с.) Преснов селосына орналастырылды және сақтаға Преснов аудандық архивiнiң барлық қорларын алды.
СҚО әкiмiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына сәйкес ведомстволық тиiстiлiгiнiң өзгеруi түрiнде Жамбыл ауданының архивi Солтүстiк Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттамалар бөлiмi құрылымына тапсырылды.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шiлдедегi №262 қаулысымен архив «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Жамбыл ауданының архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталған.
Жамбыл ауданының архивiнде 2018 жылғы 1 шілдеге 314 қор бар, оның iшiнде — 193 басқару құжаттамалары, 120 адам құрамы жөнiндегi қор, 1 фотоқұжаттар. Сақтау бiрлiгiнiң жалпы саны 88170, оның iшiнде басқару құжаттамалары 51338 сақтау бiрлiгi, 36605 жеке құрам бойынша, 227 фотоқұжаттар.
Аудандық архив құжаттарының хронологиялық күндерi 1929-2006 жылдарды қамтиды. Жиналған материалдарда халықтық шаруашылық пен әлеуметтiк-мәдени дамуының қалыптасуы, тың және тыңайған жерлердi игеру, билiктiң бұрынғы өкiлеттiк және атқарушы органдарының қызметi, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың қатары туралы мәлiметтер бар. Бiз жиырмасыншы жылдардың соңында — отызыншы жылдардың басында шыққан құжаттарды сақтаймыз.
Дербес қорға бұрынғы қызыл гвардияшылар мен қызыл партизандардың — бiздiң жерлестерiмiз бен отандастарымыздың 200-ден астам iсi бөлiндi.
Өте ертедегi құжаттардың бiрi 1929 жылдың қаңтарынан басталатын Преснов дәрiгерлiк учаскесiнiң (қазiр аудандық аурухана) бұйрықтар кiтабы болып табылады. Құнды мәлiметтердi байланыс торабының, аудандық қаржы, бiлiм бөлiмдерiнiң, аудандық өндiрiстiк комбинаттың, Преснов диiрменiнiң, Дайындалған бидай, Преснов нан қабылдау пунктiнiң құжаттарынан табуға болады. Бұрынғы колхоз, РТС, МТС құжаттары да сақталуда, яғни — жиналыс хаттамалары, колхозшы отбасыларының мүшелерiн есепке алу кiтабы, колхозшылармен есеп айырысу кiтабы.
Архив қорларында аудандық «Ударник» 1954-1956 жылға дейiнгi, «Путь к коммунизму» 1957-1961 жылға дейiнгi, «Целинник» 1962-1981, 1983-1985, 1987-1993 жылдарға дейiнгi газеттерiнiң жылдық тiгiндiлерi, сондай-ақ «Ауыл арайы — Сельская новь» газетiнiң 2002-2007 жылға дейiнгi тiгiндiлерi бар.
Аудан шаруашылықтарының түрлi салаларында қызмет еткен қызметкерлердiң жеке iстерi құнды қазына болып табылады. Екi ауданды қосқаннан кейiн мұрағат сақтауында Преснов және Жамбыл аудандық халық депуттары Кеңестерiнiң, совхоздары мен колхоздарының, Преснов және Жамбыл өңiрлерiнiң селолық Кеңсетерiнiң, аудандық ұйымдарының (аудандық қаржы бөлiмдерiнiң, бiлiм бөлiмдерiнiң, аудандық мәдениет бөлiмдерiнiң, комшарларының, орман шаруашылықтарының, аудандық тұрмыстық комбинаттың, аудандық тұтынушылар одағының, аудпо, совхозрабкоопов, ауыл шаруашылық басқармасының, аудандық ауруханалардың, СЭС, ветемханалардың, Преснов сотының, прокуратураның, жинақтаушы кассалардың, банктердiң, нотариалдық кеңселердiң және т.б. құжаттары бар.
2018 жылдың көрмелерi:
2018 жылғы жарияланымдар:
Жамбыл ауданының архиві мынадай қызметтердi көрсетедi: әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрау салуларды орындайды, тақырыптық сұрау салуларды, құжаттардың құндылығына сараптау жүргiзедi, меншiк түрiндегi барлық ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi, ақпараттық қызмет көрсету: көрмелер, оқушылар экскурсиясын өткiзу; Сондай-ақ аудандық архив iс қағаздарын жүргiзу бойынша меншiк түрiндегi барлық ұйым, мекемелердiң, кәсiпорындардың жұмысына ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету бойынша қызметтерiн ұсынады (iс қағаздарын жүргiзуге жауаптылармен семинарлар өткiзу, ұйымдардың iстер номенклатурасын құрастыруға, ведомстволық архив жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетедi).
Соңғы жылдары соғыс жылдары кезiндегi еңбек өтiлiн анықтауға, зейнетақ аударымдарын, мүлiкке, техника және жер учаскелерiне құқығын нақтылауға байланысты азаматтардың сұрау салуларының өсiмi байқалады.
Архивке 2018 жылғы 1-ші жарты жылдығында 597 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, 1 тақырыптық сауал келіп түсті. Олардың барлығы орындалды.