Мекенжайы:
150500, Солтүстік Қазақстан облысы
Явленка с., Ленин к-сi, 12
Тел/факс: +7 71543 2-17-88, 7-90-88
E-mail: esil-arhiv@sko.kz; aesilskiy@mail.ru
Директордың м.а.: Оспанов Қайрат Қабайұлы
Азаматтарды қабылдау күндерi: сәрсенбi, сағ: 09-00 ден 18-00 ге дейiн
Солтүстiк Қазақстан облысының аткомының 1985 жылғы 8 тамыздағы шешiмiнiң негiзiнде Ленин аудандық халықтық депутаттары Кеңесiнiң аткомы 1986 жылдың 8 шiлдесi күнi аудандағы кәсiпорын, мекеме мен ұйымдардың мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, орталықта сақтау және пайдалану мақсатында жеке дербес заңды мекеме ретiнде адам құрамы жөніндегі Ленин аудандық шаруашылығын есепке алу архивін ашу туралы шешiм қабылдады.
Архив 1992 жылға дейiн, ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан алынатын қаражаттардың есебiнен қаржыландырылды. Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгi басшысының 1992 жылғы 14 мамырдағы шешiмiне сәйкес Ленин аудандық әкiмшiлiгi басшысының адам құрамы жөніндегі Ленин аудандық шаруашылықты есепке алу архиві жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын әкiмшiлiк жанындағы Ленин аудандық мемлекеттiк архиві болып өзгертiлдi.
Адам құрамы жөніндегі шаруашылықты есепке алу архивінің алғашқы директоры, ұйымдастырушысы Мария Дмитриевна Губанова болды, қазiр еңбек сiңiрген демалысында.
Архив сақтауына түскен ең алғашқы құжаттар аудан совхоздарының, мекемелерi мен ұйымдарының, кәсiпорындарының жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң адам құрамы жөніндегі материалдары; өкiлеттi, атқарушы билiк органдарының және аудан тұрғындарының еңбек қызметiн көрсететiн құжаттар.
Ленин аудандық мемлекеттiк архив 1992 жылдың 14 мамыры СҚО әдiлет басқармасы тiркеуiнен өттi (заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы № 2558–1448- У-е куәлiк)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi жарлығымен бұрынғы Ленин және Москва аудандары орталығы Явленка селосы болатын бiр Есiл ауданы болып бiрiктiрiлдi.
2007 жылғы 12 қазан күнi «Есiл аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi СҚО әдiлет басқармасы тiркеуiнен қайта өттi.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Есіл ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Есіл ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
Есiл ауданының архивінде құжаттамалық материалдар ауданның құрылған сәтiнен, яғни 1928 жылдан 2013 жылға дейiн жинақталған. Олардың көбi тарихи фактiлердi, аудан өмiрiндегi уақиғаларды көрсететiн қызықты, ақпараттарға толы. Адам құрамы жөніндегі құжаттары аудан тұрғындарының еңбек жолдарын туралы мәлiмет бередi.
2018 жылғы 1 шілдеге қаңтарға аудандық архивте 84639 сақтау бiрлiк мөлшерiндегi 175 қор бар. Оның iшiнде 114 қор 46727 сақтау бiрлiгiнен тұратын басқару құжаттамалары, 55-i 37798 сақтау бiрлiгiнен тұратын адам құрамы жөніндегі және 68 сақтау бiрлiгiнен тұратын 3 жеке тектiк, 46 сақтау бiрлiгiнен тұратын 3 фотоқұжаттар қорлары бар.
Мемлекеттiк сақтауда Ленин және Москва аудандық халық депутаттарының қеңестерiнiң, Ленин және Москва (1997 жылы таратылған) аудандарының әкiмдерiнiң аппараттарының, Есiл ауданының әкiмiнiң аппаратының Есiл ауданының маслихатының; Есiл ауданының он алты ауылдық округтерiнiң, бұрынғы Ленин ауданының он екi және бұрынғы Москва ауданының тоғыз ауылдық Кеңестерiнiң; Есiл және бұрынғы Москва аудандаының аудандық мекемелерiнiң (аудандық қаржы бөлiмiнiң, статистика, әлеуметтiк қамтаматсыздыру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, санитрар-эпидиомиологиялық департаментiнiң, спорт, бiлiм, қазынашылық, iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмдерiнiң, мемлекеттiк зейнет, ақы төлеу орталығының, «Казпошта», «Қазақтелеком», Ж. Қизатов атындағы ауылшаруашылық колледжiнiң, кәсiби-техникалық лицейдiң, аудандық архивтің, мемлекеттiк нотариалды конторасының, Ленин және Москва аудандарының колхоздар мен совхоздарының және Есiл, Ленин, Москва аудандарының басқа кәсiпорындардың құжаттары.
2018 жылғы 1 шілдеге Есіл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архивтік қорының толықтыру көздері тізімінде есепте 86 ұйым тұр.
Есiл ауданының архивi түрлi нысандағы мұрағат құжаттарын пайдалану бойынша жыл сайынғы жұмыстарды жүргiзедi. Архив ғимаратына қойылатын деректi көрмелер рәсiмделедi. Жыл сайын дайындалатын көрмелердiң тақырыптары әр түрлi: атаулы күндерге (мысалы: Жеңiс күнiне — «Сонау Ұлы жылдарға бас иейiк», «Олар Отан үшiн соғысты»), мереке күндерiне: Конституция күнiне, Қазақстан Республикасы күнiне.
Аудандық «Ишим» газетiнiң беттерiнде архив iсiн және архивтiк құжаттарды насихаттайтын, ведомство басшыларын архивтерге қамқорлықпен қарауға шақыратын мақалалар мен материалдар жарияланады.
2018 жылдың көрмелер:
2018 жылғы жарияланымдар:
Есiл ауданының архиві мынадай қызметтердi көрсетедi: әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, түрлi санаттағы соның iшiнде тақырыптық сұрау салуларды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi; ақпараттық қызмет көрсету: мемлекеттiк архив сақтауындағы құжаттар туралы, ақпарат құжаттамалық көрмелердi рәсiмдеу, мектеп оқушылары экскурсиясын өткiзу.
Мемлекеттiк архив ұйымдарға, мекемелер мен кәсiпорындарға iс жүргiзу жұмыстары бойынша ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету бойынша қызметтердi ұсынады (iс қағаздарын жүргiзуге жауапты қызметкерлерге семинар өткiзу, ұйымның iстер номенклатурасын құрастыруға көмек көрсету, ведомстволық архивтердiң жұмысын қадағалау).
Мемлекеттiк архив үшiн негiзгi бағыттардың бiрi республикамыздың барлық облыстарынан, жақын және алыс шетелдерден күн сайын келiп түсетiн азаматтардың өтiнiштерiн қанағаттандыру болып табылады.
Өтiнiштердiң негiзгi мазмұны еңбек өтiлiн, еңбек, ақы көлемiн, отбасы құрамын дәлелдеу. Соңғы кездерi соғыс жылдары кезiндегi еңбек өтiлiн анықтау, несие аударымдарын дәлелдеу, тұрғын үйдi жекешелендiру туралы сұрауларға байланысты архивке келiп түсетiн өтiнiштер мен хаттардың көлемi екi есе көбейдi. Мүлiктi заңдастыруға байланысты жер пайларының, жер телiмдерiнiң, тiркелмеген нысандардың, ауыл шаруашылық техникасын тапсыру және сату меншiктiгiн куәландыратын құжаттарды iздеу бойынша өтiнiштер саны өстi.
Архивке 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында 639 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, 16 тақырыптық сипатта. Олардың барлығы орындалды.