Мекенжайы: 150009, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Жамбыл к-сi, 249
Тел./факс: +77152 42-57-22, 42-51-81
Е-mail: arhiv-sostav@sko.kz
Директордың м.а.: АқжігітоваГүлжайнатСағындыққызы
Азаматтарды қабылдау күнi: дүйсенбi
Сағ.: 14:00-ден 18:00-ге дейiн
Петропавл қаласының адам құрамы жөніндегі архиві Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2002 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығымен құрылды.
Қалалық мұрағаттың негiзгi қызметi болып жойылған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың жеке құрам бойынша құжаттарының сақтығы мен ғылыми-техникалық өңделуi, сонымен қатар Қазақстан Республикасы, ТМД, сот, тергеу және басқа да органдардан күн сайын келiп түсетiн азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге және заңды қызығушылықтарына қатысты әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрау салдуларды уақытылы және сапалы орындау болып табылады.
Жойылған ұйымдарға өз қызметiн басқа ұйымдарға құқықтық мирасқорлығы тәртiбiнде құқықтары пен мiндеттерiн табыстаусыз тоқтатқан ұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жұмыс берушi (3-тарау, 23-б., 2-т,. 16-тармақша) жұмыскерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәлiметтердiң сақталуын және мемлекеттiк архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2016 жылы Петропавл қаласының адам құрамы жөнiндегi архивi Жамбыл көшесi, 249 мекенжайы бойынша орналасқан басқа ғимаратқа көштi. Жалға алатын жайдың аумағы 750 шаршы метр. Архив қоймаларына автоматтық өрт сөндiру жүйесi орнатылды.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Петропавл қаласының адам құрамы жөніндегі архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
2018 жылғы 1 шілдеге қорларының сипаттамасы
Қалалық архивте мемлекеттiк сақтауда қаланың ұйымдар мен кәсiпорындардың құрылу кезеңiнен толық жойылған кезеңiне дейiнгi құжаттары сақталады.
Толық көлемде мынау зауыттардың құжаттары тапсырылды:
Фабрикалар мен комбинаттар: «Комсомолка» тiгiн фабрикасы 1946-2000 жылдарғы; «Динамо» тiгiн фабрикасы 1950-2003 жылдарғы; қалалық сүт комбинаты 1941-1998 жылдарғы; «Евразия» АСАҚ ет консервiсi комбинаты 1931-1998 жылдарғы және басқа өндiрiстiк, құрылыс, көлiк, сауда, мұнай және газ кәсiпорындары.
Оқу орындары: Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы (ПАШМТ), Қазақ мемлекеттiк заңгерлiк академиясы (КазМЗА), экономика және юриспруденция колледжi, Петропавл медициналық колледжi.
Мемлекеттiк сақтаудағы құжаттардың құрамына адам құрамы жөнiндегi құжаттардың кешенi кiредi — адам құрамы жөнiндегi бұйрықтар, жеке еңбек шарттары, жұмыстан босатылған жұмысшылардың (Ф.Т-2) жеке карточкалары, жеке iстерi, жұмысшылардың жеке есеп шоттары, жалақы аударудың ведомостары, мiндеттi зейнетақы аударымдары туралы құжаттар, еңбек кiтапшалары, ауыл шаруашылығын механикаландыру колледжi мен заңгерлiк академияның оқушыларының қозғалуы туралы бұйрықтар, мемлекеттiк комиссия отырысының маман шығару бойынша хаттамалары, оқушылардың үлгерiмi туралы жиынтық ведомостар, дипломдар, балалар үйi тәрбиеленушiлерiнiң жеке iстерi және құжаттары.
2002 жылдан берi бұқаралық ақпарат құралдарында қалалық архивтiң қызметi, қорлар құрамы және сұраулардың орындалуы туралы мақалалар шықты.
Мақалалар:
2018 жылғы 2 тоқсанда қалалық архив әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы 2914 сұрау орындады.
Петропавл қаласының адам құрамы жөнiндегi архивi Қазақстан Республикасы, ТМД елдерi азаматтарының, шетел дипломатикалық өкiлдерiнiң, сот, тергеу және басқа да органдардың еңбек қызметiн растау, жалақы, ақшаның зейнетақы қорына аударылуы туралы және азаматтарды әлеуметтiк құқықтық қорғау мақсатындағы сұрауларда уақтылы, жедел және сапалы орындау бойынша жұмыс атқарады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiмен 2006 жылғы 12 желтоқсанда бекiтiлген № 314 Бағалар прейскуранты негiзiнде қалалық архив қалалық жойылған ұйымдар мен кәсiпорындардың құжаттары құндылығын сараптау және ғылыми-техникалық өңдеу бойынша ақылы қызметтер көрсетедi.