Меню

Страницы

Статья

Аққайың ауданы

Байланыстар

Мекенжайы: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Смирнов с., Народная к-сi, 39

Тел/факс: +7 71532 2-10-41

E-mail: akkain-arhiv@sko.kz

Директор: Досщанова Динара Аманжолқызы

Азаматтарды қабылдау күнi: бейсенбi, сағ: 16-тен 18-ге дейiн

Архив тарихы

Аудандық әкiмшiлiк басшысының 1994 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен «Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар архивтері құжаттарының сақтығын қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды қолдану туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгi басшысының 1992 жылғы 14 сәуiрдегi шешiмiн жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың әлеуметтiк-құқықтық қызығушылығын қанағаттандыру, мекемелердiң адам құрамы жөніндегі құжаттарын пайдалану, есепке алу және сақтығын қамтамасыз ету үшiн аудан аумағында Совет аудандық архиві құрылды.

Қазақстан Республикасы Президендiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi «Заңды тұлағаларды мемлекеттiк тiркеу туралы» Жарлығымен және Совет ауданы әкiмiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы «Совет аудандық архивін қайта тiркеу» туралы шешiмiмен аудандық архив тiркеуден өттi және «Совет аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi» деп аталды (Заңды тұлғаның 1997 жылғы 6 наурыздағы №1201–1948-У-е тiркеу куәлiгi).

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 наурзындағы «Жамбыл және Солтүстiк Қазақстан облыстарының бөлек әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi атауларының өзгеруi және, Ақтөбе қаласы транскрипциясының өзгеруi туралы» Жарлығына сәйкес Совет ауданы, Аққайың ауданы болып өзгертiлдi. «Совет аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi 1999 жылдың 18 мамыры «Аққайың аудандық мұрағаты» мемлекеттiк мекемесi болып қайта тiркелдi.

Облыстық архивтің аудандық архивке тұрақты сақтау үшiн Совет ауданының 4700 iсiн тапсыруға байланысты 2003 жылдың қазанында, Аққайың ауданының архиві сақтау мерзiмi тұрақты құжаттарды топтастыратын болды. 

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Аққайың ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   болып қайта аталған.

Қорлардың сипаттамасы

Аққайың ауданының архивінде 2018 жылғы 1 қантарға 119 қор бар, оның iшiнде — 67 басқару құжаттары, 54 жеке құрам бойынша қорлар. Сақтау бiрлiгiнiң жалпы саны 48784, оның 30616 сақтау бiрлігі басқару құжаттамасы, 18168 сақтау бiрлігі адам құрамы жөніндегі.

Архивтің мемлекеттiк сақтауына Бейнетқор аудандық аткомның 1930 жылғы, Бейнетқор аудандық жер бөлу бөлiмiнiң 1932 жылғы құжаттары тапсырылған. Сондай-ақ (1940 жылы Бейнетқор ауданының атауы Совет ауданы болып өзгертiлдi) Совет ауданы атқарушы комитетiнiң еңбектенушi депутаттар Кеңесiнiң, Совет ауданындағы халық депутаттарының 15 селолық Кеңесiнiң (1999 жылы, Аққайың ауданы болып өзгертiлдi); Аққайың ауданындағы алты әкiм аппаратының, Аққайың аудандық мәслихаттың, Аққайың және бұрынғы Совет аудандарындағы аудандық ұйымдардың құжаттары тапсырылған, яғни: «Аққайың аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ, «Қаратомар мемлекеттiк орман шаруашылығы» РҚМК, «Аққайың аудандық орталық ауруханасы» КМҚК, «Аққайың аудандық бiлiм бөлiмi» ММ, «Рублевское» ЖШС, Совет аудандық кинофикация бөлiмiнiң, «Астраханское» ЖШС, Власовка с.«Адал жол» ЖШС, Ленинское с. «Лесное» ЖШС, Совет ЖМТ — 30 (Совет СМУ), Совет аудандық тұрмыстық комбинаттардың, Смирнов тiгiн фабрикасының, «Аққайың аудандық байланыс торабы» ААҚ, Аққайың аудандық қаржы басқармасының, Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясының, Совет аудандық коммуналдық шаруашылығының, Совет аудандық ауыл шаруашылық басқармасының,Совет аудандық тұтынушы одағының, ЖМТ-3 (Қиялы), «Желатин» АҚ, Смирнов, АҚ «Агропромтранс» АТП, «Смирновское» КК, «Сенное» ШҚ, «Фармация» АҚ №21 дәрiхана, Совет ауданындағы халықты жұмыспен қамту орталығының, Совет ауданындағы өндiрiстiк-пайдалану шаруашылықаралық кәсiпорнының, «Ивановское» ЖШС, Қиялы «Автотранс» АООТ, Петропавл қ. «Уали» фирмасы ЖШС, Амангелдi с. «Дауро» ЖШС, «Советское производственное объединение по материально-техническому обеспечению» АҚ, «Қиялы мұнай базасы» ААҚ, «Қиялы элеваторы» АООТ, Совет аудандық нотариалдық кеңсесiнiң, Аққайың аудандық қазынашылық бөлiмiнiң, Аққайың ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының, Смирнов п. «Синтез» ЖШС, «Полтавское» КК, «Ақ жол» шаруашылық жүргiзу құқығымен МКК, «Новороссиское» ЖШС, Новороссийский РСШБ, Смирнов «Автотрансорт» АООТ, Токушинск элеваторы, «Токушинский элеватор» ЖШС, Қиялы с. «Земледелец» ЖШС, Аққайың ауданы дезстанциясының, «Бестау СК-Қиялы» ЖШС, Аққайың ауданы бойынша салық комитетiнiң, Аққайың ауданы архивінің, Аққайың аудандық статистика бөлiмiнiң, «Аққайың аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасының», Совет аудандық агроөнеркәсiп кешенiндегi жұмысшылардың кәсiподақ комитетiнiң құжаттары сақталады.

Көрмелер мен жарияланымдар

Аққайың ауданыныңархивінде жыл сайын аудандық кiтапхана орналасқан архив және аудандық музей ғимаратында көрсетiлетiн фотоқұжаттамалық көрмелер рәсiмделедi. Көрме тақырыбы әр түрлi: атаулы күндерге (Жеңiс күнiне), ауданның құрметтi азаматтары туралы, аудандық мұрағаттың жұмысы туралы.

Өткiзiлетiн көрмелер туралы және мұрағат қызметi, мұрағат құжаттары туралы мақалалар, мұрағаттың көрсететiн қызметтерi туралы консультациялар аудандық «Колос» және «Аққайың» газеттерiнде жарияланады.

2017 жылғы көрмелер:

  1. «ЕХРО-2017»;
  2. «Әйел және қоғам», 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнiне арналған көрмесi;
  3. 7-9 мамырға арналған «Бiздiн Батырлар» фотокөрмесi;
  4. саяси қуғын-сүргiн құрбандары туралы фотоқұжаттық көрме;
  5. мемлекеттiк рәмiздер күнiне арналған «Мемлекеттiк рәмiздер — Тәуелсiздiк мақтанышы» фотокөрмесi;
  6. ҚР тәуелсiздiгi дәуiрiндегi архивтiк құжаттар және кiтаптар көрмесi;
  7. «Астана — болашақ қаласы» атты бас қала күнiне арналған көрме.

2017 жылғы жарияланымдар:

  1. «Сохраним и передадим в архив», «Колос» газетi, 8 маусым, №23;
  2. «Хаттаманы дайындау мен рәсiмдеу тәртiбi», «Аққайың» газетi, 8 маусым;
  3. «Посвятил жизнь Родине», «Колос» газетi;
  4. «Iстер номенклатурасын жасау тәртiбi, iстердi қалыптастыру мен сақтау» «Аққайың» газетi.

Сұраулар мен көрсетiлетiн қызметтер

Аққайың ауданының архиві мынадай қызметтердi көрсетедi: әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, түрлi санаттағы соның iшiнде тақырыптық сұрау салуларды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi; ақпараттық қызмет көрсету: мемлекеттiк мұрағат сақтауындағы құжаттар туралы, ақпарат (фотоқұжаттамалық көрмелердi рәсiмдеу, мектеп оқушылары экскурсиясын өткiзу).

Мемлекеттiк архив ұйымдарға, мекемелер мен кәсiпорындарға iс жүргiзу жұмыстары бойынша ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету бойынша қызметтердi ұсынады (iс қағаздарын, семинарларды жүргiзуге жауапты қызметкерлердi оқыту, ұйымның iстер номенклатурасын құрастыруға көмек көрсету, ведомстволық архивтердің жұмысын қадағалау).

Соңғы жылдары азаматтардың соғыс жылдары кезеңiндегi еңбек өтiлiн анықтауға, зейнетақы аударымдарын, мүлiк, техника мен жер телiмдерiне құқығын растауға байланысты сұрау салуларының саны өсуде. 

Архивке 2017 жылда 1673 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, 309 тақырыптық және 3 генеологиялық сауалдар түстi. Олардың барлығы орындалды.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы