Мекенжайы: 150200, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық с., Целинная к-сi, 20
Тел/факс: +7 71546 2-12-35
E-mail: akzhar-arhiv@sko.kz
Директоры — Жанаев Қайрат Тұрабайұлы
Азаматтарды қабылдау күндерi: сәрсенбi, сағ: 16-00-ден 18-00-ге дейiн
1964 жылы 6 қаңтарынан бастап Ақжар ауданы архив қызметiнiң құрылуы өз бастауын алады. Қазақ ССР Министр қаулысымен Кокчетав облысы Ленинград мемлекеттiк архивінің филиалы құрылды.
1990 жылы 5 желтоқсан айында Кокчетав облысы халық депутаттары Кеңесiнiң атқару комитетi өкiмiмен Ленинград облысы мемлекеттiк архивінің филиалы Кокчетав облысы Талшық мемлекеттiк архиві филиалы болып қайта аталды.
1994 жылы 26 мамыр айының №129 Ленин аудандық әкiмшiлiгi басшысының қаулысымен Ленин аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң ғимаратында Ленин аудандық архиві ашылды.
1995 жылы маусым айында Ленинград аудандық әкiмшiлiгi басшысының қаулысымен аудандық архив ашылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылы 2 мамыр айының №3482 жарлығымен Көкшетау облысы аумағының жоюлуымен Солтүстiк Қазақстан облысы атау өзгерiсiмен шекара аумағына енгiзiлдi.
Облыс әкiмiнiң 1997 жылы 3 мамыр айының №13/4 шешiмiмен Ленин ауданының атауы Ленинград ауданы шекарасының қосылуымен Ақжар ауданына қайта аталды.
Нәтижесiнде Көкшетау облысы мемлекеттiк архивінің Талшық филиалы, Ленинград аудандық архиві, Ленин аудандық архиві Солтүстiк Қазақстан облысының қайта ұйымдастырылуымен Ақжар ауданының мемлекеттiк архивіне табысталды.
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 шілдедегі №262 қаулысымен архив «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақжар ауданының архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған.
1997 жылдан 2015 жылдың қаңтар айына дейiн мемлекеттiк архивтің басшысы Сәуле Сәлiмқызы Исмағұлова болды. Орасан зор жұмыс тәжiрибесi, энциклопедиялық бiлiм, әрдайым оқу үстiнде, өзгелердi де оқытумен ол архивист-әрiптестердiң зор құрметiне ие болды және де оған облыста ең үздiк кәсiпқой атануға мүмкiндiк бердi.
2015 жылы наурыз айынан Ақжар ауданының архивті О.М. Жахин басқарып келедi.
Архивистердің кәсiптiк парызы мен жұмыстарының негiзгi мақсаты өткен кезеңiн құжаттарын және бiздiң мемлекетiмiз бен қоғамның осы заманғы өмiрiн көрсететiн құжаттардың тарихи маңызды деректемелердi сақтап, қоғамға мұра ретiнде қалдыру.
Архивтер өз елiнiң, өз руы мен отбасының тарихы бәрiбiр емес кiмге де болсын есiктерiн айқара ашуда.
Ақжар ауданының архивінде 2018 жылғы 1 қантарға 41154 сақтау бiрлiгiнен тұратын құжаттардың 166 қоры бар. 163 басқару құжаттамалары қорында 35777 сақтау бiрлiгi бар. Бұдан басқа адам құрамы жөніндегі 2 қорда құжаттардың 5146 сақтау бiрлiгi, жекелерден қалыптасқан 1 қорда 67 құжаттар бар.
Аудандық архивтің қорларында Ленин, Ленинград, Қызыл-Ту аудандық халық депутаттары Кеңестерiнiң құжаттары; Ақжар және бұрынғы Ленинград (1997 жылы жабылған) аудандары әкiмдерi аппараттарының, Ақжар аудандық мәслихаттың, бұрынғы Қызыл-Ту ауданының он үш селолық Кеңесiнiң, бұрынғы Ленин ауданындағы тоғыз селолық Кеңестiң және бұрынғы Ленинград 11 селолық Кеңесiнiң құжаттары, он екi селолық әкiмшiлiк және 5 селолық округ құжаттары; Ленин және бұрынғы Ленинград, Қызылту аудандық ұйымдарының құжаттары (аудандық қаржы бөлiмдерi, халықтық бiлiм бөлiмдерi, аудандық мәдениет бөлiмдерi, коммуналдық шаруашылық бөлiмдерi, ауд. ПО, аудандық тұрмыстық комбинаттардың, ауыл шаруашылық бөлiмдерiнiң, аудандық ауруханалардың, аудандық архивтердің, аудандық әлеуметтiк қамсыздандыру, қазынашылық, халықтық сот, прокуратура, СЭС бөлiмдерiнiң құжаттары; Ленин және Ленинград аудандарының мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң, Ленин және Ленинград аудандарының жиырма екi ұжымшар мен кеңшарларының, Ленинград май зауытының, Майский, Горьковский және Кусбасов нан қабылдау пунктерiнiң (орындарының), Омбы-Дәуiт ұсақ тас комбинатының, Ленинград байланыс торабының, Ленин өндiрiстiк-жол телiмiнiң, сондай-ақ Ленин және бұрынғы Ленинград аудандарындағы басқа да ұйымдарының құжаттары.
Мемлекеттiк архивтің ведомстволық сақтауында зейнеткерлер мен мүгедектердiң жеке iстерi бар.
2017 жылдың көрмелерi:
2017 жылғы жарияланымдар:
Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданының архиві мынадай қызметтердi көрсетедi: әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, түрлi санаттағы соның iшiнде тақырыптық сұрау салуларды орындайды, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзедi, ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткiзедi; Ақпараттық қызмет көрсету: мемлекеттiк архив сақтауындағы құжаттар туралы, ақпарат (фотоқұжаттамалық көрмелердi рәсiмдеу, мектеп оқушылары экскурсиясын өткiзу), Осы архив ұйымдар мен мекемелерге, кәсiпорындарға қызмет барысында iс қағаздарын жүргiзу бойынша (семинарларды өткiзу, ұйымның номенклатурасын құруға көмек көрсету, ведомстволық архивтердің жұмысын қадағалау) ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелiк жәрдем көрсетедi.
2017 жылда 1342 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, 60 тақырыптық және 3 генеалогиялық сұрау келiп түстi. Олардың барлығы орындалды.