Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк архивiнiң тарихы (СҚМА) Ақмола губерниялық атқарушы комитетiнiң 1923 жылғы 18 қазандағы губерниялық архив бюросын ұйымдастыру туралы қаулысынан басталады. Бюроның атауы бiрнеше рет өзгердi. Архив қызметiнiң алғашқы басшысы Краснопевцев Евгений Александрович болған (1923-1929 жылдар). Ол кезде штатта бiр ғана қызметкер — архив бюросының меңгерушiсi болатын.
1928 жылы Ақмола губерниялық архив бюросы Петропавловск округтiк архив бюросы болып құрылды. 1930 жылы Петропавловск қалалық архивi құрылып, 1931 жылы Қазақ орталық архив басқармасының Петропавловск бөлiмшесi, 1933 жылы «Қазцентроархив» Қарағанды облыстық басқармасы, кейiн «Қазцентроархив» Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасы болып қайта құрылды.
1941 жылы «Қазцентроархив» облыстық архивтiк басқармасының негiзiнде УНКВД архив қызметi және Солтүстiк Қазақстан облысының мемлекеттiк архивi құрылды. Бұл кезде мемлекеттiк архивте 11 адам жұмыс iстейтiн, бiрақ олар 4-6 сыныпқа дейiн ғана оқыған бiлiктiлiгi төмен мамандар едi.
Соғыс және соғыстан кейiнгi жылдары мемлекеттiк архивтер жүйесiне архив бөлiмi, облыстық мемлекеттiк архивi және 10 аудандық архив кiретiн. 1947 жылы архив қызметiнде 20 адам қызмет ететiн. Қызметкерлердiң сапалық құрамы жақсарды: жоғары бiлiмi бар 1 маман, орташа және толық емес орта бiлiмi бар 13 маман, бастауыш бiлiмi бар 6 адам болатын.
1963 жылы облыстық архивтiң Боголюбово және Сергеевка селоларында филиалдары құрылды.
1974 жылы облыстық мемлекеттiк архивтiң 240000 сақтау бiрлiгiне арналған үлгiлi ғимараты пайдалануға берiлдi.
80-90 жылдары мемлекеттiк архивтiң ұжымы республикалық социалистiк жарыстың ауыспалы Қызыл туымен бiрнеше рет марапатталды (I-II орын), 1982 жылы Бүкiлодақтық социалистiк жарыстың қорытындылары бойынша бiрiнiш орын алып, ҚСРО Бас архивiнiң және мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң кәсiподағының ОК құрмет грамотасымен және ауыспалы Қызыл туымен марапатталды. 1991 жылы Қазақстан Компартиясының қызметi тоқтатылғанына байланысты партия обкомының архивi мемлекеттiк архив құрамына енгiзiлiп (1991 жылғы 10 қарашадан), облыстық мемлекеттiк архивiнiң Петропавловск филиалы деп аталды.
1997 жылы Көкшетау облысы таратылуына байланысты Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң шешiмi бойынша жойылған облыстың барлық архивтiк мекемелерi Солтүстiк Қазақстан облысына қосылды, сондай-ақ Петпопавловск филиалы мемлекеттiк архивтiң құрамына ендi, Пресновка және Сергеевка филиалдары жойылды.
2017 жылдың 01 қаңтар күнiне мемлекеттiк архивте 1457 қор — 588723 сақтау бiрлiгi болатын.
Соңғы жылдары мемлекеттiк архив «Архив мекемелерiнiң көпшiлiк қызметi: ахуалы және келешегi», «Архивтiк материалмен жұмыс iстеу кезiнде заманауи ғылыми-практикалық тәсiлдер мен әдiстердi пайдалану және жетiлдiру жолдары» (Астана қ.), «Электрондық құжатайналым және электрондық архивтер» (Алматы қ.) республикалық ғылыми және оқу-практикалық саминарларына, «Қазақстанның архивтерi: тәжiрибе, проблемалар, келешек», Алаш Орданың 90 жылдығына «Кеңес саясатына қарсылық: Алаш қозғалысынан желтоқсан көтерiлiсiне дейiн» (Алматы, Астана), «Марғұлан оқулары» (Петропавл қаласы), «Тың — 20 ғасырдың орасан жобасы» (Петропавл қаласы), Мағжан Жұмабаевтың өмiрi мен шығармашылығы туралы «Бiр ел — бiр кiтап» республикалық ғылыми-практикалық және теориялық конференцияларына қатысты.
Облыстың мемлекеттiк архивiнiң материалдық-техникалық жабдықталуы бiрталай жақсарды. Қазiргi кезде СҚМА көлiкпен, компьютерлiк техникамен, мультимедиялық кешенмен, электрондық поштамен қамтылған. Архивтiң қызметi туралы ақпарат СҚМА arhiv-sko.narod.ru сайтында орналастырылған.