Меню

Страницы

Статья

Облыстың архивтiк қызметi

Солтүстiк Қазақстан облысының архивтiк қызметi мемлекеттiк архивтiк мекемелер және ведомстволық архивтер мекемелер жүйесiнен тұрады. Мемлекеттiк архивтiк жүйесi Солтүстiк Қазақтан мемлекеттiк архивi, Петропавл қаласының архивi және 13 аудандық архивтен тұрады. Облыста 1180 ведомстволық және жеке меншiк архив жұмыс iстейдi.

Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы — облыстық әкiмдiк құрылымдық бөлiмшесi, архивтiк мекемелердiң жұмысын басқаратын және бiрiктiретiн атқару органы.

Басқарма жұмысының негiзгi бағыттары:

  1. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;
  2. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк архивтерiнiң сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
  3. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
  4. коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткiштердi қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
  5. құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
  6. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттiк архивтерiнде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
  7. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздерi болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
  8. жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
  9. сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiту;
  10. Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
  11. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;
  12. жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Архивтер және құжаттама бөлiмiнiң құжаттары

  1. 2019 жылғы 1 қаңтарға қорлар каталогы (ZIP 497 Kb)
  2. Облыстың архивтiк мекемелерiнiң 2018 жылы атқарған жұмыс қорытындылары туралы ақпарат (ZIP 34 Kb)
  3. 2019 ж. 01.01. облыс архивтерiнiң төлқұжаты (ZIP 15 Kb)
Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы