Меню

Страницы

Статья

Театрлар

Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры

Театр кассасы 9.00-ден 18-00 ге дейiн 13-00 до 14-00 түскi үзiлiспен жұмыс жасайды.

Билеттер туралы сұрақтарды (7152) 41-15-51 нөмiрi арқылы бiлуге болады.

Алдын ала билет алу жұмыстары (7152) 41-15-51, 41-25-32 жүргiзiледi, өз өтiнiшiңiздi факс арқылы да (7152) 41-15-51 электронды мекен-жай арқылы да қалдыра аласыз kmdt-smukanov@list.ru.

Директоры: Жалғасбаев Бiржан Нұрмаханұлы

Мекен-жай: 150005, Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ, Жамбыл Жабаев көшесi 195 үй.

СҚО Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры 2000 жылы режиссер О. Ақжарқын Сәркенбектiң жетекшiлiгiмен, Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» шығармасымен ашылған.

Қара шаңырақ алғаш құрылған жылы белгiлi режиссер О. Сәрсенбек бастаған Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының бiр топ түлектерi Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзi тұсауын кескен жас театрға қызметке орналасады. Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры өз шымылдығын С.  Мұқановтың «Аққан жұлдыз» шығармасымен ашқан болатын. Қара шаңырақтың ашылуы қазақтың ұлы жазушысы, жерлесiмiз Сәбит Мұқановтың жүз жылдығына сай келгендiктен, театрға оның есiмiн беру туралы шешiм қабылданды. Театр тұсауы ендi кесiлген жас сәби сынды аяққа нық тұрып, болашаққа бет алатын екпiнiн аталмыш академияның түлектерi қалағанын атап өткенiмiз абзал. Олар Б. Жалғасбаев, М. Ақжолов, Р. Құсайынова, М. Құсайынов, Б. Мамытбеков, Н. Сәрсебаев, А. Сәрсебаева, Т. Сыдықов, К. Әйтiбаев, Ш. Әйтiбаева, Б. Шамбетов, А. Супатаева, Д. Тойбазаров, С. Тәшiмова. Содан берi театр аз жылдар iшiнде ауыз толтырып айтуға тұрарлық қойылымдарды сахналап үлгердi. Аталық, театр драматургы Т. Минуллиннiң «Диляфруздың 4 күйеуi», Ш. Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты», С. Жүнiсовтiң «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясы, М. Байжиевтiң «Қылмыстық оқиғасы», Ғ. Мүсiреповтiң «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», К. Гольдонидiң «Екi мырзаға бiр қызметшiсi», М. Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-айы», С. Балғабаевтың «Ең әдемi келiншегi», Д. Исабековтiң «Тыныштық күзетшiсi» т.б. Театр алғашқы жылдардан-ақ қоғамдық жұмыстаға, шығармашылық сайыстарға қатысу жолында аса үлкен талпыныс таныта бiлгендiгi тарих беттерiнен белгiлi. Бұл әуелi, өнерпаздардың ауызбiршiлiгi мен өз мамандығына деген ықыласына байланысты деп бiлемiз. Мысалы, театр ұжымы 2001 жылы Петропавл қаласында өткен IX-Республикалық театр фестивалiнде М. Баджиевтiң «Қылмысты оқиға» қойылымымен Гран-придi жеңiп алды. Актер Д. Садуов Республикамыздың 10-жылдық мерейтойына арналған медальмен марапатталды. Ал 2002 жылы Петропавл қаласында өткен Ғ. Мүсiреповтiң туындыларына арналған Х-шы Республикалық театр фестивалiнде Б. Жалғасбаев пен Н. Мағауина «ең үздiк Қозы» және «ең үздiк Баян» номинациясын жеңiп алды. Аталмыш жылы актер Б. Жалғасбаев Президенттiң Құрмет грамотасымен марапатталды және сол жылы актрисалар Н. Мағауина және А. Алтыбаева «Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты» атағын алды.

Театрдың фестивальдерге қатысуы 2003 жылы Каирде өткен XV-Халықаралық театрлар фестивалiнде Ғ. Мүсiреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» пьесаның желiсi бойынша жасалған «Шың басында» атты эксперименттi қойылымымен қатысып, үздiк ондық қатарынан орын еншiлеп, Құрмет грамотасымен марапатталды.2004 жылы XII-шi Республикалық театрлар фестивалiне М. Ғаппаровтың «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кешi» қойылымымен қатысып Оразәлi Ақжарқын-Сәрсенбек «Үздiк режиссер» номинациясын еншiледi. 2004 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен, Юнесконың қолдауымен Астана қаласында өткен VII-шi Халықаралық жастардың творчествалық «Шабыт» фестивалiнде П. Мерименiң «Кармен» қойылымымен қатысып, сахнагер Н. Мағауина «Ең үздiк әйел бейнесi» номинациясын жеңiп алып, фестиваль лауреаты атанды және «Театр тартуы» номинациясы бойынша театр III-шi орынға ие болды. 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен Қ. Жандарбеков пен Қ. Байсейiтовтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған XIII-Республикалық театрлар фестивалiне Д. Исабековтың «Тыныштық күзетшiсi» қойылымымен қатысып, сахнагер Е. Шүкiров «Актерлық дебют» номинациясын иелендi. 2006 жылы театр директоры Қ. Қасымов пен театрдың көркемдiк жетекшiсi Б. Жалғасбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Құрмет белгiсi «Мәдениет қайраткерi» атағын алды. 2008 жылы Ақтау қаласында өткен Н. Жантуриннiң 80-жылдық мерейтойына арналған XVI-шы Республикалық театрлар фестивалiне А. Володиннiң «Қос жебе» қойылымымен қатысып 2-шi орынды еншiледi. 2010 жылы ұлы жазушы С. Мұқановтың 110 жылдық, С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының 10 жылдық мерей тойын орай Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiрлiгiнiң бекiтуiмен А. Супатаева, Б. Шамбетов, М. Ақжолов, Н. Сәрсебаев, Б. Мамытбеков, Ш. Айтибаева, К. Ақжолова «Мәдениет қайраткерi» құрмет белгiсiмен марапатталды. 2011 жылы Көкшетау қаласында өткен Театр оқу орындары мен театр жастарының 1-шi аймақтық эксперименталдық фестиваль лабороториясына Т.Жүженоғлының «Тығырық» қойылымымен қатысып үздiк деп танылды. 2012 жылы Қостанайда өткен I. Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалiне «Қыз Жiбек» қойылымымен қатысып, актер Б. Жалғасбаев «Үздiк ер бейнесi» номинациясы бойынша марапатталды. Қойылымның режиссерi танымал тұлға Ж. Хаджиев. 2012 жылы Қарағанды қаласында болған «Iзденiс iздерiмен..» атты эксперименталдық театрлар фестивалiнде О. Богаевтың «Dаwn-Wаy» қойылымымен қатысып «Үздiк актерлық ансамбль» номинациясы бойынша актерлер М. Құсайынов, Н. Сәрсебаев, М. Айтмұхамбетова фестиваль үздiктерi атанды. 2014 жылы Қызылорда қаласында болған Қазақ өнерiнiң хас анасы саналатын С. Майқанованың 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалiне Софоклдың «Эдип патша» қойылымымен қатысып актер Б. Шамбетов «Үздiк ер бейнесi» номинациясы бойынша үздiк деп танылды. 2015 жыл театр тарихы үшiн үлкен жетiстiктермен, iрi қойылымдарды жүзеге асырумен есте қалды. Айта кетейiк, дәл осы жыл Қазақ Хандығының 550 жылдығы мерейтойы қарсаңында режиссер Батырбек Шамбетов сахнаға Қожаберген Толыбайұлының «Елiм-ай» дастанының негiзiнде «Дауылпаз баба-Қожаберген» спектаклiн шығарды. Дастанның инсценировкасын жасаған — А. Зағыпар. Сондай-ақ, С. Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театры өнер әлемiне ендi қонған жас өендердi қолдау тұрғысында iзденiп, еңбек етуден талмайтын талантты құшақ жая қарсы алып, тәжiрибе бөлiсуге келгенде тартынып қалмады. Айталық, Алматы қаласындағы Темiрбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «режиссура» бөлiмiнiң түлегi, өнер бәйгесiнде томағасы ендi ғана сыпырылған жас талапкер Фархат Молдағалиев Мейiржан Әлiбектiң «Сиқырлы дүрбi» атты балалар ертегiсiн сахнаға шығарды. Бұл өңiр бүлдiршiндерiне жасалған ең үлкен сый болғандығы рас. Театр репертуарында әлемдiк деңгейдегi классикалық шығармалардан бастап, балаларға арналған түрлi көркемдiк мәнi жоғары ертегiлер баршылық. Солардың iшiнде әйгiлi орыс жазушысы Н. Гогольдiң «Ревизоры» (Спектакльдiң қоюшы-режиссерi — Б. Абдуроззоков). Бiшкек қаласында өткен V Халықаралық «Арт Ордо» фестивалiне қатысып, «Сыншылар көзайымы» номинациясымен марапатталды. Ал театр актерi Б. Шамбетов «Ең үздiк Ер бейнесi» номинациясын иелендi.Баатырбек Шамбетов тек театр актерi ғана емес,аталмыш театрдың бас режиссерi де. Театр сахнасында талай қойылымдарды жарыққа шығаруға үлес қосқан еңбекқор өнерпаздың театрдың өсiп-өркендеу жолында жасаған еңбегi ұшан-теңiз. Театрдың 70-ын жас актерлер құрайды. Олар Қызылжар қаласындағы өнер колледжiнiң, Астана қаласындағы қазақ ұлттық өнер университетiнiң, Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлектерi. Өз мамандықтарына деген сүйiспеншiлiктерi көңiл қуантады. Труппа актерлерi сахнада ойнайтын өз кейiпкерiн талғап-таразылауға келгенде аса iзденiмпаз, өз бейнесiнiң мiнез-құлқын, iшкi болмысын, көңiл-күйiн кемерiне жете зерттемейiнше сахнаға шығаруға жасқанып тұрады. Бұл — құптарлық дүние. «2015 жылы театрды 15 жылдық мерейтоймен арнайы құттықтауға келген облыс әкiмi Е.Х. Сұлтанов театрдың жеткен жетiстiктерi мен репертуарындағы сүбелi спектакльдердiң бағасын атап көрсете отыра, ұжымға сәт-сапар тiлеп, 5000000 теңге сый ақы мен ықылас гүлiн ұсынды. Дәл осы жылы театрға жас талантты актерлер мен актрисалар қызметке орналасып, театр труппасына жаңа серпiн сыйлады. Олардың денi Қызылжар қаласындағы өнер колледжiнiң түлектерi. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Темiрбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссура факультетiнiң түлегi Ф. Молдағали режиссерлiк қызметке орналасып, Б. Абдурразаковтың «Мама», Мейiржан Әлiбектiң «Сиқырлы дүрбi» ертегiсiн, И. Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды-драмасын сахналады.

2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен драма театрлары фестивалiнде режиссер Баатырбек Шамбетов «Режиссерлiк шешiмi үшiн» номинациясымен марапатталған.

Ақтау қаласында өткен «Әбiш әлемi» театрлар фестивалiнде Ә.Кекiлбаевтiң «Махаббат мұнарасы» дала балладасы «Актерлiк iзденiстерi үшiн» номинациясын иеленген. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры жыл санап өнер әлемiнде кең қанат жайып келедi.

2017 жылы Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» сазды-драмасының премьерасы өтті.Қоюшы-режиссері Фархат Молдағалиев.

Әбіш Кекілбаевтің «Махаббат мұнарасы» дала балладасы сахналанды. Қоюшы-режиссері ҚР мәдениет қайраткері Баатырбек Шамбетов. «Қасірет» атты психологиялық драма жанрындағы спектакльдің премьерасы өтті. Премьера көрнекті жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» драмасының желісімен қойылған. Қойылымның режиссері Фархат Молдағалиев. 31 мамыр саяси қуған-сүргін құрбандарын еске алуға арналған Шерхан Мұртазаның «Әзиза» шығармасын сахналады. Қоюшы-режиссері Баатырбек Шамбетов.Биыл театрымыздың режиссері Фархат Молдағалиев Ресей Театр Қайраткерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы жас режиссерлер зертханасында білімін шыңдады. Аталмыш іс-шара Чехов фестивалінің аясында өткізілген болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген режиссерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдайтын айтулы шара болды.

Сондай-ақ, театрымыздың актері Асылхан Разиев Мәскеу қаласындағы Жазғы актерлік біліктілікті арттыру мектебінде білімін алды. Жыл сайын дәстүрге айналған аталмыш іс-шарада әр елден келген актерлер шығармашылық тәжірибеден өтіп, актерлік өнердің қыр-сырын меңгеруде өз қарым-қабілеттерін шыңдап қайтты. 24-28 тамыз аралығында театр аталмыш көрмеге Астана қаласына гастрольдік сапармен барып, тамыз айының 25 жұлдызы күні Қ. Қуанышбаев атындағы Академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында, сағат 18-30 да əлемдікклассик Н. Гогольдің «Ревизор» комедиясын үздік сахналап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

1-6 қыркүйек Астана қаласында өткен Қ. Сүгірбеков атындағы жас режиссерлерінің форум-фестивалінде Ф. Молдағалиев Р. Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» шығармасының желісінде жазылған «Қасірет» драмасы үшін «Р. Есдәулетов» атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

Облыстық Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

Администрацияның жұмыс уақыты: сағат 09:00-18:00 дейiн, сенбі, жексенбі — демалыс күнi.

Шығармашылық құрамның жұмыс уақыты: сағат 11:00-15:00 дейін, 18:00-21:00 дейін, дүйсенбі — демалыс күні.

Бiр билет құны: балалар билетi — 500 тг., үлкендер билетi — 800, 1000, 1200 тг.

Директор: Рамазанов Спартак Өмiрзақұлы.

Телефон-факс: 8 (7152) 46-61-35.

Веб-сайт: www.pogodina.kz

Мекенжайы: 150000, Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 1.

1886-87 жж. қысқы маусымнан бастап театрдың тарихы басталған болатын. Қаланың театрлық мәдениетi ХIХ ғасырдың 60 жылдарында пайда болды. Томск «Сибирский вестник» (1887 ж. қаңтар) газетiнiң бетiнде, оқимын: Петропавлда «А.Г. Горбуновтың серiктестiк басшылығымен — драма театрының бiр тұтас жиынтығы орналастырылған».

1906 жылдары Приютский (1908 жылдан бастап Театральная) көшесiнде тұрғындардың қаражатына жаңадан тастан ғимарат тұрғызылды. Спектакльдерде жас әртiстер: Е.Л. Ленина (Өзбек ССР халық әртiсi) және Н.С. Некрасов (1958 жылдан бастап РСФСР халық әртiсi) рөлдердi сомдаған. Қалада белгiлi Мәскеудiң әртiстерi, танымал гастрольшiлерi болатын: М.И. Велизарий, П.Н. Орленёв. 1923 жылдың көктемiнде Орыстың кеңестiк театры өзiнiң шығармашылық жұмысын бастады. Тәжiрибелi ұйымдастырушы және дарынды актер, бұрынғы кәсiпкер Н. Сарматов басқарған болатын. М. Горькийдiң, А.Н. Островскийдiң пьесалары сахналанды, спектакль-митингтер ұйымдастырылатын, «тiрi суреттер» — «Еңбек әнұраны», «Ұлы коммунар» және де т.б.

1934 жылы петропавлдықтар ең алғаш рет «Правда» газетiнiң тұрақты тiлшiсi Н.Ф. Погодиннiң драматургиясымен танысты, 1962 жылдың күзiнен бастап театр Ленин сыйлықақысының иегерi, үздiк кеңес драматургының атында. 1972 жылы театр заманауи ғимаратқа көштi.

Театрда Ұлы Отан соғысы жылдары ерекше белсенділікпен ерекшеленеді. Театрдың көптеген қызметкерлері және әртістері майданға шақырылды, осыған қарамастан қалған қызметкерлер театр-концерттік бригадасын құрып шақыру пункті, әскери бөлімдер, госпитальдарға шығатын. Өз еңбектерімен олар жауынгерлердің рухы мен көңілдерін көтеретін. Осы кезеңде труппаға жаңа актерлік күштер қосылады: А.С. Краснопольский, Л.А. Покрас, К.К. Чосс, Э.Д.Мильтон. Соғыс жылдарында отызға жуық премьералар өтті: «Нашествие» Л. Леонов, «Синий платочек» В. Катаев, «Человек с ружьем» Н. Погодин және т.б.

Әсіресе, театр ұжымының шығармашылық ойы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары жемісті жұмыс істеді. Н. Погодин, У. Шекспир, А. Островскийдің пьесалары бригадалық егіс даласында сахналанған, сахнаны автомобиль шанағы, ал грим бөлмесін тың игерушілерге арналған шатыр алмастыратын.

 ХХ ғасырда театр труппасы шығармашылық қызықты дара тұлғаларды ұсынды? Кейіннен шеберлер болған: А. Ковалевский, В. Долматов, Н.Соколова, А. Александров, П. Рогальский, Н. Найденов, К. Чосс, сондай-ақ аңызға айналған есімдері, қазақстан сахнасының алтын қорына енген — ҚР халық әртістері Тамара Кучина, Геннадий Шарнин, Иван Арчибасов. 50-жылдары атақты сахнасында өнер көрсеткен ұлы орыс атерлері: М. Царев, Е. Козырева, Р. Нифонтова, В. Лановой, Андрей және Григорий Абрикосовы, Е. Матвеев, П. Светиков.

Өзінің 100-жылдық мерейтойын театр КСР Одағының А.Н.Островский атындағы Шағын театр сахнасында Мәскеу қ. гастролімен атап өтті (маусым 1987 жыл). Қазақ ССР Халық әртісі Николай Петрович Арчибасов А.Кудрявцевтің «Иван и Мадонна» спектаклінде қатардағы ұлан Иван Климовтың рөлін сомдағаны үшін Дм.Попов атындағы медалмен марапатталған, ал елдің жетекші сыншыларымен біздің театрымыздың кәсіби деңгейінің жоғарлығы аталып өтілді.

Жарқын тарихы бар театр бұрынғы Кеңес Одағының 52 қалаларында болды, өткен ғасырдың 80 жылдарының соңында талғампаз мәскеу көрменін таңқалдыра білді.

Театр көптеген он жылдықтарда қазақ және орыс драматургиясының тiзбегiн байланыстырушы болып келедi. Театр сахнасында Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Әлжаппар Әбiшев, Оразбек Бодықаев, Нұрлан Оразалиннiң пьесалары үлкен табыспен сахналануда.

Орыс театрының үздiк дәстүрiне негiзделе отырып, театр өзiнiң ұзақ тарихында әлемдiк драматургтар — У. Шекспир, А. Островский, Л. Толстой, Н. Гоголь, А. Чехов, А. Тургенев, Т. Уильямс, Ф. Шиллер, Г. Ибсен, А. Вампилов, В. Арбузов, В. Шукшиннiң пьесаларының үздiк деген шығармаларын оқуда.

Театрдың жаңа шығармашылық даму кезеңi Қазақстанның Тәуелсiздiк жылдары.

Театр республикалық және айтулы халықаралық фестивальдерге қатысқаны үшiн көптеген дипломдармен марапатталуда.

VIII Республикалық театр фестивалiнде (Қарағанды қ.) — А. Фредо «Дамы и гусары» спектаклiнде ойнағаны үшiн «За мастерство» дипломымен ҚР халық әртiсi Л.Н. Турпаян марапатталды (2001 ж.).

Түмен қаласында өтен «Золотой конёк» IV ашық театр фестивалiнде (2004 ж.) Э. Медведкиннiң «Фелекс» спектаклi дипломмен марапатталды.

Халықаралық Мәскеулiк театр фестивалi «Молодость века» Э. Радзинскийдiң пьесасы бойынша «Лила» спектаклiнде үздiк әйел рөлi үшiн Ирина Пашкина марапатталды.

2002 жылдары Петропавл қаласында өткен Х Республикалық театр фестивалi және Ғабит Мүсiреповтың 100-жылдығына арналған фестивальде СССР халық әртiсi, мемлекеттiк сыйлықақының иегерi, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» А.М. Мамбетовтың қойылымы бойынша «Козы-Корпеш и Баян-Сулу» спектаклi Гран-Придi иеленген.

Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған ХV Республикалық театр фестивалiнде, Федор Михайлович Достоевскийдiң «Мордасовские сны» пьесасы бойынша «Дядюшкин сон» спектаклi (режиссерi ҚР еңбек сiңiрген әртiсi В. Шалаев) Гран-При игерi атанды.

Алматы қ. өткен II Халықаралық Орталық Азия фестивалiнде (2008 ж.) «Суд Магжана» спектаклi «За яркое воплощение на сцене исторической личности Казахстана» номинациясында лауреат атанды.

СССР халық әртiсi, мемлекеттiк сыйлықақысының иегерi, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» А.М. Мамбетовтың 80 жылдығына арналған ХХ Республикалық театр фестивалiнде — А.Н. Островскийдiң «Гроза» пьесасында (режиссер Т. Кәрiмжанов) Кабанинаның рөлiн сомдаған ҚР халық әртiсi Л.Н. Турпаян сахналық көп жылдығы үшiн сыйлықақыға ие болды.

Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған ХХI Республикалық Қазақстан драма театрларының фестивалiнде (Ақтөбе қ. 2013 ж.) Мұхтар Әуезовтың пьесасы бойынша «Карагоз» спектаклiнде Маржанның рөлi үшiн «Мәдениет саласының үздiгi» құрмет белгiсiнiң иегерi Ирина Полещук көрермендер көзайымы жүлдесiнiң иегерi атанды, оған диплом, ақшадай сыйлықақы, фестиваль мүсiншесi табысталды.

VII Халықаралық заманауи драматург театрларының фестивалi (Екатеринбург қ. 2013 ж.) Анна Богачёваның «Царская ёлка» (режиссер Елена Покрас) ертегiсi «балалар аудиториясын нақты түсiнгенi және жарқындығы» үшiн фестиваль дипломымен марапатталған.

Астана қаласының 15 жылдығына арналған Республикалық театр фесивалi — Дж. Чэпмен, Д. Фрименнiң пьесасы бойынша «Ключ для двоих» спектаклi үшiн театр ұжымы мерейтойлық дипломмен марапатталды.

Алматы (2002 ж.), Омбы (2005 ж.), Астана (2015 ж.), Қарағанды (2015 ж.) Көкшетау (2016 ж.) ққ. үлкен жетiстiкпен гастрольдер өттi.

2015 жылғы маусым айында Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры «Чемоданное настроение» (қоюшы-режиссер — Елена Покрас) ертегісімен Екатеринбург қ. өткен ІХ халықаралық «Коляда Plays» фестиваліне қатысты. Спектакль ең қатал төреші — балалармен, сондай-ақ театр сыншылары жоғары бағалады.

Соңғы 25 жылдықта театр сахнасында үлкендерге арналған жаңа 100 қойылым және балаларға арналған 80 спектакль жүзеге асырылды.

Тетар ұжымы ауыл халқына мәдени қызмет етуде: осы уақыт аралығында ауылды жерде 600 спектакль көрсетiлiп, 195,0 көрерменге қызмет көрсетiлдi.

Ағымдағы 2017 жылы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған Халықаралық көрме шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Мәдениет күндеріне Н.Погодин атындағы театр ұжымы қатысқан болатын. Елорда тұрғындарына және қонақтарына 25 тамыз музыкалық спектакль «Ночь перед Рождеством» ұсынылды (авторы — О. Ернев Н. Гогольдің шығармалар желісі бойынша, қоюшы-режиссер — Е. Покрас).

Бұдан басқа 2017 жылы театрдың шығармашылық құрамы «Белая Вежа» Халықаралық театр фестиваліне қатысты. Беларусь сахнасында «Джут» спектаклі көрсетілді (авторы — Олжас Жанайдаров, қоюшы режиссер — Тимур Кәрімжанов). Фестиваль қорытындысы бойынша театр қатысушының құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазіргі таңда театрдың көркемдік жетекшісі Елена Покрас. Айта кету керек, қазір шеберлермен қатар сахнада ҚР халық әртісі Л. Турпаянмен, ҚР еңбек сіңірген әртіс Н. Косыгинамен, «Мәдениет қайраткері» құрметті белгінің иегері В. Шустовпен, А. Наргеленаспен (Мәдениет саласының үздігі), Л. Шустовамен (Мәдениет саласының үздігі), Б. Васкомен (Мәденет саласының үздігі), Л. Шалаевамен (Мәдениет саласының үздігі), И. Полещукпен (Мәдениет саласының үздігі), И.Пашкинамен (Мәдениет саласының үздігі), Т. Фомиченкомен (Мәдениет саласының үздігі), сондай-ақ А. Никулин, Е. Патешкин, В. Алфимов, М. Черняк, М. Залевская қызмет етуде, театр жастарыда жаңа ағыс енгізуде. Олар И. Астанина, Е. Вахрина, Ж. Мұқанов, С. Жамина. В. Гронская және т.б. Бұл факт көркемдік дәстүрдің погодиндықтардың сенімді қолында екендігін дәлелдейді. Cпектакльді жасауда суретшілер, бутафорлар, гримшілер, костюмерлер, тігіншілер, жарық берушілер жұмыс істейді. Ондаған жылдар бойы олар өз мамандықтарына адал қызмет етуде. Қойылым бөлімінің меңгерушісі М. Покрас (Мәдениет саласының үздігі), костюмер цехінің меңгерушісі Л. Андрюшкина, костюмдер бойынша суретші С. Таныгина (Мәдениет саласының үздігі), бас администратор Е. Медведева, жарық бойынша суретші А. Игнатьев, монтаждау бөлімінің аға инженері И.Кореневский, тігін цехінің меңгерушісі М. Киященко.

Бүгiнгi репертуар афишасында 20 спектакль, соның iшiнде 14 спектакль үлкендерге, 6 балаларға арналған: «Суд Магжана» В. Шалаев, «Гроза» А. Островский, «Султан Бейбарс» Р. Отарбаева, «Деревья умирают стоя» А. Касона, «Поллианна» Э. Портер, «Джут» О. Жанайдаров және т.б. Жылда театр 165 спектакль көрсетiп, 30 мың көрерменге қызмет етуде.

Театр ұжымы бірнеше рет облыс әкімінің грамоталарымен марапатталды.

Даусыз рухани және шығармашылық әлеуеті бар погодиндықтар қалыптасқан дәстүрлерімен және басымдықтары 131 театр маусымына шықты.

Солтүстiк Қазақстан облыстық қуыршақ театры

Бiр билет құны: 3 жасқа дейiн тегiн, үлкендерге — 500, аудандарда — 400.

Директор: Орлов Сергей Юрьевич

Телефон-факс: 8(7152) 46-89-13, директордың орынбасары — 36-43-08, вахта — 46-32-84.

Электрондық пошта: teatrkukolsk@mail.ru

Труппада: 18 актер.

28 театр маусымы (ашылуы 2017 жылдың 13 қазаны)

Жұмыс уақыты:

Әкімшілік сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, демалыс күндері — сенбі, жексенбі.

Шығармашылық құрам сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, демалыс күні — дүйсенбі.

Құрылған жылы — 13 шiлде 1990 ж.

1-шi театр маусымының ашылу жылы — 15 ақпан 1991 ж.

Презентациялық спектакль — А. Милн «Винни-Пух и все, все, все….»

Осы жылдар iшiнде театр 75-тен аса қойылым қойған.

Театрдың ағымдағы репертуарында 47 спектакль.

3 спектакль мемлекеттік тілде:

  1. «Қаңбақ шал» авторы С. Мақұлбеков, режиссер Ш. Ұзақов.
  2. «Армысың Ақ кеме, бұл — мен!» авторы Ш. Айтматов, режиссер Б. Абдрахманов.
  3. «Степной ноктюрн или между закатом и рассветом» авторы И. Шауох, режиссер Е. Ибрагимов.

Қуыршақ театры — бұл баланың өнер әлемiне алғаш қадам басатын және тәрбиеге, адамгершiлiк қасиетке үйренетiн кезi. Қуыршақ театры моральдiк құндылықтар және адамгершiлiк қасиеттерге үйретедi: махаббат және достық, жақсылық және еңбекқорлық, фантазияны дамытып, көркемдiкке тәрбиелеп, көзқарасты кеңейтедi.

Бiздiң театрға 27 жыл. Осы жылдар iшiнде көптеген қызықты, шығармашылық адамдар iздерiн қалдырған. Бүгiнгi күнге театрда жас труппа, шығармашылық әлеуеттерi мол, әр түрлi репертуар, өз асыл көрерменi, жаңа қызықты спектаклдер құрастыру ойлары молшылық.

Негiзгi басымдығы:

  • Балалардың рухани әлемiн дамыту, олардың қиялдары, ойлап табулары, әңгiмелерi, адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеу;
  • Шығармашылық театр ұжымын қалыптастыру;
  • Iздену, жаңа ойлар ашу, қуыршақ сахнасының жанрлар мен тематика шекараларын кеңейту;
  • Драматургия облысында жан-жақты болу: репертуарға енгiзу, театр афишасында ұлттық фольклор мотивi бойынша, қуыршақ театрының классикасы, қазiргi заманғы актерлар;
  • Көрермен аудиториясын қалыптастыру (көрмелер, шығармашылық кездесулер, жаңа қойылымдарды талқылау, театр цехтарына экскурсия);
  • Репертуарды жалға беру — қандай болмасын спектаклдi ойнап, премьералық, балаларға ұнаған спектаклдердi жаңарту қуыршақтар мен декорацияларды ауыстыру, қойылым эффектiлерiн қарау;
  • ольдiк қызметi — облыс, Қазақстан Республикасының қалалары, таяу шет елдерiнiң қалалары.

2015 жылғы 29 қыркүйектен 3 қазанды қоса Ресейлiк «Золотая маска» театр сыйақысының 5 реттiк лауреаты, суретшi және педагог, атақты режиссер Евгений Ибрагимовтың қатысуымен мастер-класс өткен.

  • Бiздiң қуыршақ театры атақты, оны Қазақстан Республикасының көптеген қалаларын аралаған гастрөлдiк сапармен дәлелдеуге болады.
  • Театрда сонымен қатар, Омбының «Арлекин» қуыршақ театрымен, Қорғандық «Гулливер» қуыршақ театрымен гастрөлдермен ауысу дәстүрге айналған. Гастрөлдiң мақсаты елдер арасындағы ынтымақтастық пен достық.

Жобаларға қатысу:

  • «Дарындылардостығы — халықтардостығы», 
  • «Шаттық Отаны» (1997-2001 жж.),
  • II-шi Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Қазақстан, Ақтөбе, 2010 ж.)

Бiздiң жеңiстер!

  • Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Нижний Тагил қ., 1996 ж.);
  • Республикалық фестиваль — лаборатория «Дастархан» (Петропавл қ., 1992 ж.);
  • Халықаралық фестиваль «Золотой дельфин» (Болгария, 1993 ж.);
  • Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Мәскеу қ., Рязань қ, 1993 ж.);
  • Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Минск қ., 1993 ж.);
  • Сiбiр және Қиыр Шығыс Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Омбы қ., 1994 ж.; Түмен 1996 ж.);
  • Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Алматы қ., 1998 ж.);
  • «Малахитовая шкатулка» Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Екатеринбург қ., 2002 ж.);
  • Республикалық қуыршақ театрларының фестивалi (Алматы, 2002 ж.);
  • Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi (Ақтөбе, 2004 ж.);
  • 2-шi Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi «Соломенный жаворонок» (Челябинск, 2007 ж.);
  • 1-шi Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi «Ортеке»(Ақтау, 2007 ж.);
  • IV Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi «Ортеке» ( Қостанай қ, 2015 ж.) номинацияларда «Ең үздiк спектакль» Б. Заходер «Отшельник и роза» және «Ең үздiк актер рөлi» С. Мапенов Отшельник рөлiне.

Фестивалдерге қатысу:

  • 2011 жыл — Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалiне қатысу — Баку қ.;
  • 2012 жыл — Салехард Ямало-Ненецкий автономдық округиндек Солтүстiк Қазақстан олысы күнi;
  • 2013 жыл — XI Түрiк халықтарының Халықаралық «Науруз 2013» фестивалi — Қазан қ.;
  • 2013 жыл — III Бүкiл әлемдiк Қуыршақ Карнавалы (WorldPuppetCarnival — Almaty 2013 ж.) — Алматы қ.;
  • 2013 жыл — III Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi «Ассалаумагалейкум III» — Ақтөбе;
  • 2013 жыл — III Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi «Ортеке» — Астана қ.;
  • 2014 жыл — VIII Халықаралық қазiргi заманғы театрлар фестивалi «Коляда-Plays» — Екатеринбург қ.;
  • 2014 жыл — бiлiми-театрланған фестиваль-түрiк халықтарының «Науруз» форумы— Қазан қ.;
  • 2015 жыл — IV Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалi «Ортеке» — Қостанай қ.
Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы