Меню

Страницы

Статья

Кітапханалар

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасы

Елдi мекен — Петропавл қ.

Ашылған жылы — 1934.

Кiтапхана директоры — Әбiлмәжiнова Бейбiтгүл Мағжанқызы.

Кiтапхананың мекенжайы — Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сi, 25.

Телефон — (8-715-2) 46-31-10 (қабылдау бөлмесi), (8-715-2) 46-98-33 (кітапханаларды дамыту бөлімі)

факс — (8-715-2) 46-31-10.

e-mail: nklib@mail.ru, imo_samsonova@mail.ru

Кiтапхананың сайты: www.nklibrary.kz, ЭК — elib.nklibrary.kz

Жұмыс тәртiбi — 10.00-нан 19.00-ге дейiн, үзiлiссiз, демалыс күнi: дүйсенбi.

Гранттар саны — 23

Мақсатты бағдарламалары мен жобалары — 30 («Шекаралардағы кездесулер» Ресей-Қазақстан жобасы, «Солтүстiк Қазақстан облысының кiтапханаларын жаңғырту», «Солтүстiк Қазақстан облысының кiтаби ескерткiштерi», «Мобильдi кiтапхана», «Солтүстiк Қазақстан ауылдық елдi мекендерiнде Медиатекалар ашу», «Қала тарихының QR-коды», «Жазғы оқу залы», «Вики-Приишимье», «Көше кiтапханасы» және басқ.).

Қызығушылықтар клубтары — «Өлкетанушы», «Қаламгер», «Үйлесiм», «Шабыт», «Проба пера», «Book club», Discussion club, «Game club», Movie club (Кино клуб)

01.07.2019 ж. кiтапхананың қоры — 528 752 дана.

Кiтапхана 1934 жылы Петропавл қалалық орталық кiтапханасының негiзiнде Қарағанды облыстық партия комитетiнiң 1934 ж. 15 сәуiрiндегi қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Сол жылдары Қарағанды облыстық кiтапханасы деп аталды. 1936 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының құрылуына байланысты Қарағанды облыстық кiтапханасы Солтүстiк Қазақстан облыстық кiтапханасы деп аталды. 1973 жылдың сәуiрiнде Петропавл қ. Құрметтi азаматы, Қазақ КСР-i Жоғары Кеңесiнiң депутаты, қазақ жазушысы, академик С. Мұқановтың ықпал етуiмен кiтапханаға жаңа типтiк ғимарат берiлдi. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1973 жылдың 23 мамырындағы қаулысымен облыстық кiтапханаға жазушының есiмi берiлдi.

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында тарихи құндылығы бар өлкетану басылымдарын цифрлау бойынша «Шекаралардағы кездесулер» атты Халықаралық Ресей-Қазақстан жобасы аясында құрылған Электрондық кiтапхана жұмыс iстейдi. Аймақтық «Шексiз кiтап» оқу орталығы, Құқықтық ақпарат орталығы, Интернет-тренинг орталығы, Экологиялық ақпарат және мәдениет орталығы, «Кәсiпқой» кiтапханалық бiлiм беру орталығы, Америкалық ақпарат-ресурс орталығы, Кiтап музейi, С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-бөлмесi; «Мәдениет» ақпараттық қызметi, «Бiлiм» ақпараттық қызметi, медиатека; «Қоғамдық сұхбат» баспасөз орталығы бар.

С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да әлемдiк қоғамдастыққа ұсынылғандар: С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның ресми сайты, Электронды кiтапхана сайты, «Солтүстiктiң iнжу-маржаны» әдеби картасы» сайты, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-танымдық сайт, порталдар: «Мағжан Жұмабаев» және «Солтүстiк Қазақстан облысының кiтапханалары», «Облыс қалалары мен ауылдарының жылнамасы», Wiki-Приишимье, қаламгерлердiң көзi тiрiсiнде шыққан басылымдарының «Кiтапхананың кiтаби қазынасы» көрмесi.

«Библиографтан сұра» және «Әдiстемелiк кабинет» виртуалды анықтамалық қызметтерi, құжаттарды электронды жеткiзу қызметi жұмыс iстейдi. Ақпараттық қызметтi жетiлдiру мақсатында, кiтапхана сайтында электронды каталог бар, кiтапханаға алдын ала жазылуға және әдебиеттердiң мерзiмiн onlinе ұзартуға болады, виртуалды кiтап көрмелерi және тақырыптық виртуалды шолулар және 3D форматта кiтапханаға виртуалды тур және т.б.

С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да техникалық жабдықтау екпiндi дамуда. Пайдаланушыларға жоғары жылдамды Интернет, мәлiметтер тасымалдайтын желiлер, Wi-Fi, автоматтандырылған жұмыс орындарын ұсынатын заманауи IT-орталық жұмыс iстейдi.

«Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламаның негiзгi бағыттарының бiрiн жүзеге асыру аясында С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да «Латын графикасындағы қазақ әлiпбиiн үйрену орталығы» ашылды.

Семинарлар, жиналыстар, онлайн конференцияларды және қала мен облыстың iскерлерi мен бизнес құрылымдарының iскерлiк және бейресми кездесулерiн ұйымдастыру қызметтерiн ұсынатын заманауи «Coworking centre» ашылған.

2018 жылы С. Мұқанов атындағы ОӘҒК-да қызығушылық танытушылардың шығармашылық қабiлетiн дамытуға арналған құрал-сайман мен жабдықтар ұсынатын «Makerspace» (Мейкерспейс) робототехника ресурстық орталығының ашылуы болды. Бағдарламалау негiздерi бойынша курстар ұйымдастырылған.

Ғ. Мүсiрепов атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық балалар-жасөспiрiмдер кiтапханасы

Елдi мекен — Петропавл қаласы.

Ашылған жылы — 1963.

Кiтапхана директоры — м.а. Бердагулова Қогаршын Қанатовна.

Мекен-жайы — Петропавл қаласы, Пушкин көшесi, 57.

Жұмыс уақыты — сағат 10.00-ден 19.00-ге дейiн, үзiлiссiз, демалыс күнi: дүйсенбi.

Телефондар — (8-715-2) 46-30-96 (қабылдау бөлмесi), (8-715-2) 50-30-44 (әдiстемелiк-библиографиялық бөлiм).

Факс — (8-715-2) 46-30-96.

e-mail — odwb@mail.ru

Кітапханасайты: www.odub.sko.kz

01.07.2019 ж. кiтапхана қоры — 211 623 дана.

Облыстық балалар кiтапханасы Петропавл қаласында 1963 жылы ақпан айында ашылды. Солтүстiк Қазақстан облысының облыстық мемлекеттiк мұрағатының деректi материалдарында қаланың ойқала бөлiгiндегi мостопоезд ғимаратында алаңы 70 ш.м. облыстық балалар кiтапханасын ашу туралы мәлiмдеме бар. Кiтапхананың алғашқы штатын 5 адам құрастырып, оның директоры жалғыз Щепина Александра Петровнаның ғана жоғары бiлiмi болды. Басқа қызметкерлердiң жоғары аяқталмаған, орта кiтапханалық, және орта педагогикалық бiлiмдерi болған. 1997 жылдың наурызында өңiрдiң кiтапханалар жүйесiн реформалауға байланысты облыстық балалар кiтапханасы облыстық жасөспiрiмдер кiтапханасымен қосылып, облыстық балалар мен жасөспiрiмдер кiтапханасы мәртебесiне ие болды. 2002 жылы кiтапханаға 100 жылдық мерейтойына орай көрнектi жазушы, социалистiк Еңбек Ерi, академик Ғ. Мүсiреповтiң есiмi берiлдi.

Кiтапхана 20 мың кiтаптан басталса, бүгiнде кiтапхана қорында қазақ, орыс және т.б. тiлдерде 200 мың данадан астам құжат бар.

Кiтапханада «Жас қаламгер», «Оч.умелые ручки», «Читайка», «Ашық жүрек» («Ардос Жүрек» мүгедектер бірлестігімен бірігіп) клубтары, қазақ және ағылшын тілдерінің үйірмелері жұмыс iстейдi.

Мақсаттық бағдарламалар:

«Туған жер — тұнған шежіре», «Есіл өңірінің әдеби соқпақтары», «Книга на службе здоровья», «Читающий РОСТишка».

И. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана

Елдi-мекен — Петропавл қ.

Ашылған жылы — 1977.

Кiтапхана директоры — Бикенева Гүлнәзия Тоқыбайқызы.

Кiтапхана мекенжайы — Петропавл қ. Брусиловский к-сi 65.

Жұмыс тәртiбi — сағат 10.00-ден 18.00-ге дейiн, 14.00-ден 15.00-ге дейiн — үзiлiс, жұма — демалыс күнi.

Телефоны (8-715-2) 33-19-57.

500-409 — ересектер абонементі

500-410 — есеп бөлімі

500-411 — библиография бөлімі

Факс — (8-715-2) 33-19-57.

e-mail — shuhov_lib@mail.ru

Сайттың мекенжайы — www.shuhovlibrari.kz

Мақсатты бағдарламалар — «Есімдер арқылы бейнеленетін қала», «Кітаби шабадан», «Bookвалді кеңістік», «Кітапханада волонтерлар».

Қызығушылықтар клубы — «Рухани мұра», «Шығармашылық құдiретi» арт-терапевтік клуб.

Компьютерлер саны — 13.

01.07.2019 ж. кiтапхана қоры — 63 779 дана.

1976 жылы орталықтандыру кезiнде И.П. Шухов атындағы орталық қалалық кiтапхана көпшiлiк кiтапханалардың бiрiнiң (№10 кiтапхана) негiзiнде ұйымдастырылған және 1977 жылы 16 филиалы бар Петропавл орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнiң орталығы болды.

Кiтапхананы ұйымдастырған сәттен бастап жұмыста бiздiң талантты жерлес жазушымыз И.П. Шуховтың өмiрi мен шығармашылығы туралы баяндайтын iс-шараларға ерекше көңiл бөлiндi. Күн сайын келушiлерге оқырман залының, ересектер мен балалар абонементiнiң есiктерi айқара ашық. Оқырмандардың негiзгi бөлiгiн қызметкерлер, зейнеткерлер, жұмысшылар, студенттер, оқушылар құрайды.мүгедек зейнеткерлерге үйде қызмет көрсетiледi.

Кiтапханада өткiзiлетiн әдеби кештер, портрет-кештер, ауызша журналдар, өлкетану сағаттары және т.б. iс-шараларға қала тұрғындары белсендi қатысады. Оқырмандарды өлке тарихымен таныстыру үшiн таңдалған бағыт қазiр де табысты дамып келедi. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында қаланың, облыстың, республиканың барлық негiзгi даталары мен әдеби өмiрiнiң оқиғалары бойынша iс-шаралар кiретiн әдеби өлкетану бойынша кешендi болашағы мол жоспар құрылған. Бұл жоспарды iске асыруға «Рухани мұра» атты жасөспiрiмдер клубы көмектеседi. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшiн «Затейник» үйiрмесi, мүгедектерге арналған «Шығармашылық құдiретi» арттерапиялық клубы ұйымдастырылған.

Петропавл қ. Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі мемлекеттік мекемелерімен және де үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде оқу орындарымен (1-ші гимназиямен; №1, 12, 32, 17, 20 орта мектептермен; «Өнер колледжі — дарынды балалар мектебі» кешенімен; М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжімен; Петропавл теміржол транспорты колледжімен), «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен, «Жас Отан» жастар қанатымен, қалалық ардагерлер Кеңесі, СҚО жастар ресурсы орталығымен және т.б. (25 ұйымдардан аса) әлеуметтік серіктестік орнатқан. Бірлесіп өткізілетін шаралар ақпараттық маңызды болып келеді, танымдық және қызығушылық мәнге ие болады.

Жыл сайын оқырмандармен жұмыс түрлерi жаңартылады, жаңа тақырыптар пайда болады. Көптеген жұмыс түрлерi әр түрлi: ауызша жорналдар, портрет-кештер, әдеби-жыр сағаттар, тарихи-танымдық сағаттар, сұхбат сағаттары, шежiре-сабақтар, шок сабақтар, әдеби-муызкалық композициялар, денсаулық сағаттары, ток-шоу, жаңа кiтаптардың тұсаукесерлерi, тапсырыс-сабақ, кiтап премьералары және т.б.

№1 қалалық кiтапхана

Елдi мекен — Петропавл қ.

Ашылған жылы — 2005 жыл 1 қазан.

Аға кiтапханашы — Закотырина Ольга Александровна.

Кiтапхананың мекенжайы — Петропавл қ., Рыжов к., 57 (терi зауытының ауданы).

Жұмыс тәртiбi — 10.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс — 14.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс күндерi: жұма, сенбi.

Телефоны — (8-715-2) 53-90-45.

Мақсатты бағдарламалар мен жобалар — «Оқу күні — жыл бойы», «Әдеби сезон».

Қызығушылықтар бойынша клуб — «Сұхбаттас», «Кемпiрқосақ» үйiрмесi.

Компьютерлер саны — 1

01.07.2019 ж. кiтапхана қоры — 11 399 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде — 3665 дана.

№2 кiтапхана

Елдi мекен — Петропавл қ.

Ашылған жылы — 2007 жыл 1 қазан.

Кiтапхана меңгерушiсi — Ерғожина Ләззат Зарипқызы.

Кiтапхананың мекенжайы — Петропавл қ., Сәтпаев к-сi, 37 (сапаржай ауданы).

Жұмыс тәртiбi — 10.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс 13-00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс күндерi: жұма, сенбi.

Телефоны — (8-715-2) 50-30-86.

Мақсатты бағдарламалар мен жобалар — «Болашағыңды жаса — кітап оқы», «Передай добро по кругу»

Қызығушылықтар клубы — «Әдеби ошақ», «Атамекен».

Компьютерлер саны — 2.

01.07.201 — ж. кiтапхана қоры — 27 388 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде — 3845 дана.

Зағип және көзi нашар көретiн жандарға арналған кiтапхана

Елдi мекен — Петропавл қаласы.

Ашылған жылы — 1972.

Кiтапхана меңгерушiсi — Тәстенбекова Айман Нұралықызы.

Орналасқан жерi — «Петропавл балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ.

Кiтапхананың мекенжайы — Жамбыл к., 225 (Молодежный кентi)

Жұмыс тәртiбi — сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн, үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi.

Телефоны — (8-715-2) 52-26-43

Мақсатты бағдарлама — «Бiз ерекше емеспiз».

Қызығушылықтар клубы — «Қатынас».

Компьютерлер саны — 2.

01.07.2019 ж. кiтапхана қоры — 40 249 дана.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы