Меню

Страницы

Статья

Мұражайлар

Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайы

Мекен-жайы: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сi, 48
Директор: Мукушева Гульнара Бутановна
Қабылдау бөлмесi: +7 7152 46-20-97
e-mail: skomo@inbox.ru
Жұмыс уақыты: 10:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылды.

Мұражай 19 ғасырдың соңында салынған сәулет өнерiнiң ескерткiштерi болып есептелетiн бiрнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражайдың негiзгi ғимараты бұрынғы саудагер Т. Л. Аркельдiң үйiнде орналасқан, мұражайдың әкiмшiлiгi, қор сақтау жерi және кiтапханасы Стрелов көпестiң бұрынғы дүкендерi мен қоймаларында орналасқан.

Мұражайда 2004–2005 жылдары қазiргi дизайнға сәйкес қайта құру жұмыстары жүргiзiлдi. Мұражайдың көлемi — 2400 шаршы метр, оның iшiнде экспозициялығы — 2000 шаршы метр. Экспозиция 13 залда орналасқан және жалпы тарихтық кезеңдер ескерiлiп, көне кезден қазiргi кезге дейiн көрсетiлген.

Мұражай кешенiнiң жөндеу жұмыстары Алматы қ. «Казреставрация» РМК, бастығы Тұяқбаев Қанат Қымызұлы жүргiздi. Көркемдеу жұмыстарын Астана қ. «Дара» ЖШС, бастығы Жансүгiров Алмас Дүзелханұлы жүргiздi. Мұражай қайта жасаудан кейiн 2005 жылдың 27 қарашасында ашылды.

Мұражайға келушiлер Солтүстiк Қазақстанның археологиялық зерттеулерiнiң материалдарымен, өлкемiздiң көне тарихы бойынша тамаша жәдiгерлерiмен таныса алады. Қазақ халқының этнографиясы және қазақ мемлекеттiлiгiнiң құрылу тарихы кеңiнен көрсетiлген. Қазақстанның Тәуелсiздiк жылдары кезiндегi дамуын көрсететiн экспозиция бiраз жердi алған. Ол 3 залдан тұрады: «Қазақстан Тәуелсiздiк жылдарында», «Солтүстiк Қазақстан Тәуелсiздiк жылдарында», «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары». Құжаттардың, фотоматериалдардың негiзiнде дамып келе жатқан экономика, қоғамды демократияландыру, халықаралық қарым-қатынасы көрсетiлген.

Мұражай қорында 350 мың жәдiгер бар. Мұражай өзiнiң топтамаларын экспедициялар арқылы, басқа мұражайлармен айырбастау арқылы, қалалықтардың көмегi арқылы толықтырды. Мұражай мұражайлық топтамаларды өндеу бойынша әдiснаманы жетiлдiру үшiн «Музеолог» бағдарламасын алды.

2006 жылдың 6 қыркүйегiнде мұражайға Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев келдi, ол Қазақстан облыстары мұражайларының iшiнде ең жақсы мұражай екенiн айтып жоғары баға бердi. Ашылғаннан кейiн мұражайға Қазақстанның, Ресейден, Үндiстаннан, Польшадан, Германиядан мәртебелi қонақтар келдi.

Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргiзiледi. Мектеп оқушыларына, студенттерге арналған бағдарламалар дайындалған, оның құрамында әр түрлi iс-шаралар бар:

«Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негiзiнде өлкемiздiң көне тарихын насихаттау мiндеттерiн шешедi.

«Туған табиғаттың тазалығы үшiн» жобасы туған табиғат туралы тереңдете бiлу, оған сақтықпен қарауды шешедi.

«Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетi» жобасы қазақ мәдениетiнiң бай мұрасын зерттеудi шешедi.

«Мәңгiлiкке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы әңгiмелейдi және патриоттық сезiмге баулиды, 20 ғасырдың соғыстарын, ядерлiк қару сынақтары туралы айтады.

«Халық күнтiзбесiнiң мерекелерi» жобасы әр түрлi халықтардың салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлi этностардың мәдениетiне құрметпен қарауға баулиды.

Бейнелеу өнерiнiң мұражайы

Мекен-жайы: Петропавл қ. 314 Атқыштар дивизиясы к-сi, 83
Директор: Мукушева Гульнара Бутановна
Байланыс телефоны: 33-56-46, 39-76-60
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi

Бейнелеу өнерi мұражайы 1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнерi бөлiмiнiң негiзiнде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызы бар 19 ғасырдағы сәулет өнерiнiң ескерткiшi болып табылады.

Алғашқы топтамалары — Қазақстан суретшiлерiнiң кескiндеме туындылары, графика, мүсiн өнерi 60-шы жылдары Алматы қ. картина галереясына.

«Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенi

Мекен-жайы: Петропавл қ-сы, К. Сүтiшев к-сi, 1б
Директоры: Садаев Аян Набиевич
Байланыс телефоны: 492937, 492132
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлiгi Кеңесiнiң Қаулысымен мемлекеттiк сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткiшi «Абылай хан үйiнде» қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау сұрақтары бойынша қоғамдық кеңестiң байқатқан мүддесi негiзiнде және-де облыс басшылығымен алғашқы түрде болған тарих ескерткiштерiн құру мәселесi бойынша шешiм қабылданған.

Жобаны iске асырудың мақсаты Абылай ханның өмiрiне қатысты экспозиция құру және ескерткiш-ғимаратты қалпына келтiру жұмыстарды жүргiзу, резиденция аумағын көрiктендiру жұмыстарын iске асыру, қазақ халқының алып ұлына арнап «Абылай хан ат үстiнде» ескерткiшiн орнату болып табылады.

Мұражайды көркемдеп әшекейлендiру жұмысын «Қазреставрация» АМК iшкей кәсiпорыны, «Дара» ЖШС iске асырды.

Кешен құрамына

  1. Абылай хан үйi 2 қабатты, жалпы аумағы — 1078 м²
  2. Абылай хан кеңсесi, жалпы аумағы — 37,08 м²
  3. Қонақ жайы, жалпы аумағы — 37,08 м²
  4. Монша, жалпы аумағы — 37,08 м²

Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы — 1288,5 м².

Жердiң жалпы аумағы — 1,58 га енедi.

Мұражайда XVIII ғасырдың ұлы қайраткерiнiң тарихи үлестерiн айқындайтын Абылай ханның өмiрi туралы экспозиция құрылды.

«Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешенiне 4 экспозициялық залдар кiредi: 1 зал. «1711–1770 жылдардағы Абылай хан өмiрлiк кезеңi», 2 зал. «Абылай тынышы», 3 зал. «Тақ залы», 4 зал. «Абылай хан- ұлы мемлекеттiк қайраткер»

Мұражай ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылды.

«Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде қазақ халқының мәдениетi мен тарихын терең бiлiп өрбуге машықтайтын маңғаз тарихи ескерткiшi бой көтердi.

Шолу және тақырыптық экскурсиялар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Мектеп түлектерi мен шәкiрттер үшiн құрамына әр түрлi iс-шаралар енгiзiлген бағдарламалар әзiрлендi:

Қош келдi, Наурыз!!!

«Ер аты — халық жадында»

«Халық ертегiлерi» кiредi.

Мағжан Жұмабаевтың мұражай

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылы
Директоры: Жүнiспаева Айгүл Теңдiкқызы
Байланыс телефоны: +7 71531 2-34-62.
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай 1993 жылы, ақынның туғанына жүз жыл толуына орай елi М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында ашылды.

2008 жылдың шiлдесiнде, ақынның 115 жылдығына арнап

2008–2009 жылдардағы «Мәдени мұра» аумақтық бағдарлама аясында мұражайда толыққанды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Ғимарат аумағы жөндеуден кейiн 60 ш.м. құрады, экспозициялық аумағы 55 ш.м. Ақынның өмiрлiк және әдеби-шығармашылық жолына арналған экспозиция 3 залда орналасқан. Бұл мұражайдың экспозициялық залдары жоғары эстетикалық деңгейде қазiргi заман талаптарына сәйкес «Дара» фирмасымен рәсiмделген.

2008 жылы мұражайға мемлекеттiк мәртебесi берiлдi.

Мұражайда, ақындармен, жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, және-де мемлекеттiк, ұлттық мейрамдарға арналған iс-шаралар жүргiзiледi.

«Қарасай мен Ағынтай» мемориалдық кешенi

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарасай ауылы
Директоры: Омаров Самидин Ниятоллаұлы
Байланыс телефоны: +7 71533 2-15-52
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Қарасай және, Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi 1999 жылдың 15 қазанында ашылды. Бой көтерген кесене Қазақстанның барлық халқының бiрлiгi, достығы мен ұйымшылдығының дәйегi болып табылады. Композициялық тұрғыдан кешен бейнесi бұрынғы түрiк қағандардың дәстүрiн жалғастырады. Барлық кешен өзiнiң басты осiмен Меккеге мешiт михрабы шоғырына бағытталған. Құрбан шалу және құран оқуға арналған кесене алдындағы алаңға шығаратын екi мұнарасы бар кiрпiш қоршаумен шеңбер кiрiсi оқшаланған. Алаң бұрыштарында мәрмәр негiзiнде қола қоймалары бар қиғаш салынған темiр найзалардан тұратын жауынгерлiк белгiнiң айғағы ретiнде орнатылған. Шеңбер ортасында Солтүстiк Қазақстан үшiн тән эллипс пiшiндi батырлардың екi кесенесi орналасқан. Олардың алдыңда кiшiгiрiм конус пiшiндi мешiт (сенiм, естелiк, үмiт жады) және өз бойында рәмiздi және сәулеттi сипаттарды бiрiктiретiн кесене бой көтерген. Алыс емес жерде бiрнеше жауынгерлердiң қорғандары бар. Қазу жұмыстары кезiнде осы арада бойы 2 метрге жететiн батыр, жанында ауыр салмақты қылыш, шекпен салынған мәйiт табылды. Ортада кесене араларында кiшiгiрiм зал-пинакотека бар, онда қабырғаларында батырлардың асқан ұлы iстерiн баяндайтын үш тiлде қол жазба басылған. Шыңдалған қызыл құрдай мәрмәрiнен жасалған қорғандағы мәйiт үстiндегi құлпытас пен қойтасты орнату ертегi түрiк дәстүрiн жалғасы болып табылады. Әрбiр қорған үстiнде шырақ орналасқан және-де әрбiр келген көрушiге аруақтардан көмек сұрауға демеуiн тигiзедi.

Кешен қажылық және жиi экскурсиялар өтетiн орын болып табылады.

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйi

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл аудан, Сәбит ауылы
Директоры: Макенов Данияр Мейрамович
Байланыс телефоны: +7 71544 5-15-22
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1990 жылы Сәбит ауылында С. Мұқановтың ағасының үйiнде ашылды. Мұражай жалпы аумағы 180 ш.м., бiр қабатты қарағай бөренеден жасалған, ағаш ғимарат 5 бөлмеден тұрады: ұйқы жайы, қонақ жай, зал, ас бөлме, кiрiс жайы. Үй аумағында 247 ш.м. көлемде саябақ орын алады, онда жазғы сауығу орны және шошала орналасқан. Экспозиция мемориалдық мұражай типi бойынша салынған және-де жазушының кабинетi, ұйқы жайы, шығармашылық мұрасы, жазбалары, кiтаптары мен жеке киiмдерi орналасқан залдан тұрады. Мұражайда этнографияға қатысты экспозиция да бар. Қорда С. Мұқановтың әдеби шығармашылығына қатысты өнегелi құнды құжаттар сақталған. Мұражайда жалпы жәдiгерлер саны 364 бiрлiктi құрайды. Жол картасы бағдарламасын iске асыру барысында үй-мұражайда және қонақ үйде толыққанды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Мұражай аумағында жазушыға арнап бюст орнатылған.

С. Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына орай қазiргi заманның талаптарына сай жаңа жәдiгерлердi қоса жаңа экспозиция құру жоспарлануда.

Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ленин к-сi, 1
Директоры: Попова Галина Владимировна
Байланыс телефоны: +7 71543 2-20-81
Электрондық мекенжайы: muzey@inbox.ru
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайы 1972 жылы 19 желтоқсанда жауынгерлiк және еңбек даңқы мұражайы ретiнде 17 жыл бойы бiрiншi қоғамдық директоры мен қордың басты сақтаушысы өлкетанушы М.П. Ключеровпен негiзi қаланған едi. 1983 жылы Қазақ КСР мәдениет министрлiгiмен мұражайға халықтық атағы берiлiп, ал 1990 жылдан мемлекеттiк мәртебеге ие болды. Көлемi 210 ш.м. тұратын 7 экспозициялық залдары бар. Мұражай жәдiгерлерi ғасырлардағы аудан тарихы, оның аса маңызды тарихи оқиғалары мен аудан өмiрiнде жарық iз қалдырған тұлғалар туралы әңгiмелейдi. Мұражайда экскурсиялар жүргiзiледi, дарынды қызығушылық тудыратын адамдармен кездесулер, басқа да iс-шаралар өткiзiледi. Өлке тарихын зерделеу, ауылдардың құрылуы, бiздiң бабаларымыздың мәдениетi мен дәстүрiн зерделеу бағыттарында ғылыми-зерттеулiк жұмыстар iске асырылады. Мұражайда Кеңес Одағының батыры Т.С. Позолотин, Г.З. Закиров, соғысқа қатысушы И.А. Ошмарина, С.Т. Белопухова және тағы басқалардың Ұлы Отан соғысы қайраткерлерiнiң жиынтығы саны жағынан ең үлкен бөлiгiн құрайды. Мұражай «Жерлестер» аудандық клубы, аудандық ардагерлер кеңесiмен бiрлесе жауынгерлiк отансүйгiштiкке баулу жұмыстарын жүргiзедi. «Жол картасы» бағдарламасын iске асыру аясында жылу жүйесi мен мұражайды жарықтандыру жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, мұражайдың құрал жабдықтары жаңартылуда.

Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы
Директоры: Құлбаев Уәлихан Қайроллаұлы
Байланыс телефоны: +7 71533 2-83-18
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы. Мұражай Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан. Мұражай құрамына 1663 ш.м. аумағы бар Ш. Уәлиханов атындағы мұражайы мен оңтүстiк-шығыс бағытында жалпы аумағы 4030 ш.м. тұрғын Сырымбет ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан әйгiлi ғалым Ш. Уәлихановтiң әжесi Айғанымның үйi (Сырымбет үйi) кiредi.

19 ғасырдың ағаш сәулет ескерткiшi «Сырымбет үйiнiң" сәулет бейнесi бiрте-бiрте құрастырылды. Оған, ағаш қоршаумен оқшаланған тұрғын үй, мешiт, медресе, шаруашылық құрылымдар, монша кiредi.

2008–2009 жылдардағы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында Сырымбет өткелiнде қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде.

Үйдi қалпына келтiру үшiн 2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және, ақпарат министрлiгiмен 28,0 млн.теңге бөлiндi, қалпына келтiру жұмыстарын «Қазреставрация» мемлекеттiк кәсiпорынның Батысқазақстандық филиалы жүргiзедi.

Қазiргi уақытта келесiдей жұмыстар атқарылды: тұрғын үй және мешiт қалпына келтiрiлдi, ағаш қоршаулар, үй айналасындағы бөгеттер тұрғын үйде екi қабатқағаш қойылымдар, есiктер және терезе қақпақтары ауыстырылды.

Қайта қалпына келтiру 2010 жылда 2009–2011 жылдардағы «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаның Концепциясына сәйкес жалғастырылады.

Жалпы жәдiгерлер саны-6980, олардың iшiнен 1300 бұйымы экспозициялық залдарда орналасқан. Мұражайда Ш. Уәлихановтың өмiрi, оның туысқандары, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениетi, салт -дәстүрi туралы материалдар жиналды.

Мұражай қызметкерлерiнiң жұмысы ғылыми әдебиет, мақалалар және тағы да басқа Ш. Уәлихановтың өмiрi мен қосқан үлесi, оның туысқандары, бiрлесе белсендiлiк атқарғандар туралы материалдық дәлел жинақтауға және экспозиция мен көрмелердi ұйымдастыру арқылы тарихи мәлiметтердi жолдауға бағытталған.

Жыл сайын мұражай қабырғасында әдеби оқулар, «Шоқан (Мухаммед-Ханафия) Уәлиханов», «Ш. Уәлиханов Петербург қаласында орыс жазушылары арасында», «Омск iстерi», «Басынан барлық жолды кешу-өлкетанушы жазбалары» тақырыптары бойынша дәрiстер және тағы басқа iс-шаралар жүргiзiледi.

И. Шухов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйi

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы
Директоры: Макенов Данияр Мейрамович
Байланыс телефоны: +7 71544 2-22-44
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

И. Шухов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1981 жылдың 21 желтоқсанында жазушы тұрған үй жайда қаланған. Мұражай 1942 жылы жазушының үйi ретiнде салынған қазiргi таңда жергiлiктi маңызы бар мәдениет және тарих ескерткiшi болып табылатын бiр қабатты мансардасы бар құрылымнан тұрады. Ғимарат алаңы 117 ш.м., оның iшiнен экспозициялық көлемi 104 ш.м. құрайды.

Бұған қоса, үй жайы аумағында көл жағасында үлкен бақ және-де жазушының туысқандары, ауылдастарымен жинақталған жәдiгерлер мен құжаттар сақталған. 137,9 ш.м көлемдi құрайтын әкiмшiлiк корпусы орналасқан.

4 залда экспозиция келесiдей тақырыптарда рәсiмделген:

  • 1752 жылы Пресновка ауылы қорғау бекiнiс ретiнде қалануы
  • Өлкеде Кеңес үкiметiнiң орнығуы, Азаматтық соғыс
  • Ұлы Отан соғысы жылдары
  • Өлкеде тың игеру жылдары

И. Шуховтың Ғ. Мүсiрепов, С. Мұқанов жазушы-жерлестерiмен достастығы туралы экспозиция орын алады. Мұражай негiзiнде Шуховқа арналған оқу кештерi, ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлерiнiң қатыстырылуымен өткiзiледi, «Бiз осында өмiр сүремiз, мұнда бiздiң Отанымыздың бастауы» атты дөңгелек үстел жүргiзiледi. Аудандық халық ұжымдары, фольклорлық казак ұжымын қатыстырумен театрландырылған көрiнiстер қойылады. Үй-мұражайда солтүстiкқазақстандық жазушылар және, ақын-жерлестерiмiзге арнау болған әдеби кездесулерге арналған қонақ жайы ашылды. Үй-мұражай аумағында 2006 жылы жазушының туған күнiне 110 жыл толуына арналып И.П. Шуховтың бюстi орнатылып ашылған едi.

Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончар к-сi, 112
Директордың м.а.: Қасқарбаева Алтынай Тлеулесқызы
Байланыс телефоны: +7 71534 2-74-09
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Шал ақын ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы 1986 жылдың 25, ақпанында мектеп мұражайы негiзiнде қаланды. Негiзiн қалаушы Ұлы Отан соғысының қайраткерi Кузнецов Василий Дмитриевич. 2005 жылы мұражай мемлекеттiк мекеме мәртебесiн иелендi. 2007 жылы мұражай жаңа жөнделiп жабдықталған ғимаратқа көшiрiлдi. Мұражай аумағы 668 ш.м. құрайды, одан экспозиция көлемi 239,0 ш.м. Экспозицияда жаңа қазiргi заманға сай жабдықталу, залдарда 1326 жәдiгер орналасқан. Жалпы жәдiгер саны — 3534. Қорлар мен экспозиция Шал ақын ауданының тарихына, Сергеевка қаласының атақты тұлғаларға арналған аумақты материалға толы. Экспозиция өлке тарихы ертедегi заманнан қазiргi күндерге дейiн тарихи кезеңдерге бөлiнген. Ұлы Отан соғысына арналған экспозиция мұражайдың көлемдi бөлiгiн қамтиды. Мұражай қорларында аудан тарихына қатысты фотобейнелер, қол жазбалар, әр қилы құжаттар сақталған. 2009 жылы Сергеевка қаласында қаланың құрылу күнiне 40 жыл толу мерекесi тойланды. Мұражаймен «Сергеевка -кеше, бүгiн, ертең» атты көрме дайындалды. Қала, су қойма мен субайланысының алғашқы құрылысшылары шақырылды. Мұражайда бейбiтшiлiк күнi, Конституция күнi, Бiлiм күнi, Қарт адамдар үшiн ашық есiк күндерiне арналған сабақтар өтедi.

Жазушы Ғ. Мүсiреповтың үй-мұражайы

Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы
Директоры: Макенов Данияр Мирамович.
Байланыс телефоны: +7 71545 3-36-45
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Жазушы Ғ. Мүсiреповтың үй-мұражайы 1992 жылы ашылып, оның өмiрi мен шығармашылығына арналған. Мұражай 278 ш.м. аумақты құрайды, одан экспозициялық көлемi 95,3 ш.м., басқа аумақта қонақ үй орналасқан мансардасы бар бiр қабатты жай болып табылады. Мұражай экспозициясы әдеби мұра негiзiнде құралып, жазушының қоғамдық, мемлекеттiк қызметiн айқындайды. Залдарда Ғ. Мүсiреповтың барлық ғұмырлық жолын айқындайтын жәдiгерлер-жеке киiмдерi, құжаттар, жазушының фотобейнелерi орын алады және жазушының анасы Дина Оңарбай қызы, ағалары мен апалары туралы да мәлiмет табуға болады. Этнографиялық зал қазақ халқының тұрмысын бейнелейтiн бұйымдар: самауыр, торсық, ұлттық әйел және ер адамның киiмдерi, керосин шамы және т.б. Жамбыл ауданындағы жерлестерi, туысқандары жазушының өмiрлiк жолын айқындайтын көлемдi әрi толыққанды материал жинады. Мұражайдан алыс емес жерде жазушыға арнап бюст орнатылған. Жыл сайын аудан қоғамы Ғ. Мүсiреповке арналған кездесулер мен iс-шаралар ұйымдастырады.

М. Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану мұражайы

Мұражай 2011 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ашылды.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Булаев қ-сы, Киреев көшесi 15.
Директордың м.а.: Жұмағұлов Серік Тұрарұлы
Телефоны: 8-715-31-22345
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, демалыс күнi дүйсенбi.

Аудан мұражайының экспозициясы — 5 залда орналасқан белгiлi жүйе бойынша орналастырылған заттарды мақсатты көрсету: «Ауданның 18 ғасырдан 1917 жылға дейiнгi тарихы», «Ауданның 1917–1991 жылдар аралығындағы тарихы», «Поэзия жұлдызы Мағжан», «Тәуелсiздiк залы», «Табиғат залы». Алдын ала қарастырылған түпкi ой тақырыпты кең ашады. Экспозицияда бұрынғы және қазiргi заманның оқиғалары қамтылған.

Мұражай қызметкерлерiнiң ғылыми-зерттеу жұмысы Мағжан Жұмабаев ауданының тарихын, өлкетануын зерттеуге, ұлы ақын, жерлесiмiз Мағжан Жұмабаевтың өмiрi мен қызметiн зерделеуге бағытталған.

Дата публикации
02 февраля 2021
Дата обновления
02 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы