Мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлiмi жүктелген мiндеттер шегiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын, қорғау саласында заңнаманың орындалуын, жөндеу-қайта қалпына келтiру жұмыстарының жүргiзiлуiн, облыс мұражаларындағы экспонаттардың және қозғалмалы ескерткiштердiң күй-жағдайын бақылайды, ғылыми-ағартушылық қызметтi жүргiзедi, әкетiлетiн бұйымдардың мәдени құндылығы болуы туралы қорытынды беру мемлекеттiк қызметiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 Қаулысының және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 Қаулысы негiзiнде Қазақстан Республикасы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне 600 объект енгiзiлдi, оның iшiнде:
163 сәулет және қала құрылыс ескерткiштерiнiң 118-i мемлекеттiк меншiкте, пайдалануда — 6, жеке меншiкте — 39.
2011 жылы 2 ескерткiш орнатылды:
Есептi жылы СҚМУ жергiлiктi маңызы бар ескерткiш — Долматов қалашығында археологиялық зерттеулер жүргiздi. Сондай-ақ республикалық маңызы бар ескерткiш — Ботай елдi мекенiне археологиялық экспедиция ұйымдастырылды.
Әкiмдiктiң 29.12.2010ж. №389 қаулысымен бекiтiлген «СҚО мәдениет басқармасы» ММ стратегиялық жоспарының мiндеттерiн iске асыру бөлiм қызметiнiң бiр функциясы болып табылады. Мәдениет саласында сапалы және қолжетiмдi қызметтер ұсынуға, өңiрде тұратын барлық ұлттарды мәдени дамытуға, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру Мәдениет басқармасының миссиясы болып табылады.
Жоспардың стратегиялық бағыты — облыстың тарихи-мәдени мұрасын таныту. Стратегиялық жоспарға сәйкес тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және насихаттау мiндеттерi белгiлендi. Облыстық бюджет есебiне жөнделген тарихи-мәдени маңызы бар объектiлер саны 13 109 мың теңгенi құрайды.
2011 жылдың желтоқсан айында Булаев қаласында мұражай ашылды. Мұражайда экспозициялық алаңы 375 шаршы метрдi құрайтын 4 зал бар, экспонаттар саны — 611 сақтау бiрлiк. Мұражай 18 ғасырдан бастап қазiргi кезге дейiнгi өңiрдiң тарихын көрсетедi.
2012 жылдың 01 қаңтарына облыста 12 мемлекеттiк мұражай жұмыс iстейдi.
Үстiмiздегi жылдың 12 айы iшiнде облыс мұражайларына 158034 адам келдi, 1469 мұражайлық шара, 2514 экскурсия өткiзiлдi, тарих тақырыбына 448 дәрiс оқылды, 175 көрме ұйымдастырылды. Есептi кезеңге мұражайларда негiзгi қор экспонаттарының 15012 бiрл. белгiленген.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы №207 «Мәдениет туралы» Заңының 6-бабы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмдемесiн бекiту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 бұйрығы негiзiнде бөлiм «мәдени құндылықтарды әкету мен әкелуге қорытынды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетедi. 2011 жылы мәдени құндылықтарды әкетуге 8 қорытынды берiлдi. Негiзiнен сараптауға 2000 жылдары жасалған тарихи құндылығы жоқ жергiлiктi шеберлер мен суретшiлердiң көркем туындылары ұсынылды. Ұсынылған бұйымдар сыйға арналған. Тұрғындарды мемлекеттiк қызмет көрсету туралы хабарландыру мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет басқармасының сайтында арнайы бет ашылды.
Бөлiм қызметiнiң басты бағыттары «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 02 шiлдедегi Заңға сәйкес әзiрленген нормативтiк-құқықтық құжаттарды iске асыру мәселелерi болды.
Осыған орай 2011 жылы бөлiм жеке тұлғалардың және мәдениет басқармасына қарасты тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде 42 тексерiс өткiздi. Сонымен қатар монументтiк өнер ескерткiштерiне жыл сайынғы тексерiс өткiзiлдi.
2012 жылғы 1 каңтар күнiне бөлiм 486 қорғау мiндеттемесiн бердi, 2010 жылы — 294, 2011 жылы — 174 берген едi.
Қорғау аймақтарын белгiлеуге байланысты ғимарат-ескерткiштерiнiң аймақтары тексерiлдi.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрiнiң 20.08.2007 ж. № 2118 бұйрығымен бекiтiлген Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау және пайдалану режимiнiң ережелерi негiзiнде шекараларды келiстi жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынымы бойынша жергiлiктi сайланып қойылған органдар бекiтедi. «СҚО мәдениет басқармасы» ММ қорғалатын аймақтардың шекарасын айқындауды 2011 жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырады, ол жұмысты мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлiмiнiң маманы — сәулетшiсi жасайды. Қорғалатын аймақтарды айқындау принципi облыстың бас сәулетшiсiмен мақұлданып, әзiрленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Петропавл қаласында орналасқан ғимарат-ескерткiштерiне, монументтi өнер ескерткiштерiне құжаттар дайын. Қорғалатын аймақтардың шекаралары айқындалған соң мәдениет басқармасы бекiту рәсiмiн жүргiзедi.
Ескерткiштердi сақтау мен жақсы күйде ұстау үшiн және олардың бастапқы келбетiн қайтару үшiн арнайы ұйым — «Күмбез» ЖШС келесi объектiлердi тексердi: 1956 жылы салынған «Энергетиктердiң мәдениет үйi» (С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры) — шатырына күрделi жөндеу жүргiзу үшiн жобалау-сметалық құжаттама дайындалды; 1829 жылғы «Абылайдың үйi» («Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенi) — ескерткiштiң күй-жайы туралы қорытынды, объектi күрделi жөндеу үшiн жобалау-сметалық құжаттама әзiрленiп жатыр.
2011 жылы 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаның концепциясын iске асыру жалғастырылды. Концепция жоспарына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысында ХIХ ғасырдың атақты ғалым-ағартушысы Ш. Уәлихановтың рулық қонысы Сырымбет мекенiнде қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi. Мекендi қалпына келтiру үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiмен жоспарланған қаржыдан 18,6 млн. теңге бөлiндi және игерiлдi, қалпына келтiру жұмыстарын «Казреставрация» мемлекеттiк кәсiпорнының Батыс Қазақстандық филиалы жүргiздi. 2011 жылы келесi жұмыс түрлерi атқарылды: шатыры қалпына келтiрiлдi, шiрiген бөренелердi нашықтау әдiсiмен және оларды жаңа материалға алмастыру арқылы ағаш қабырғалары жаңартылды; жаңа терезе мен есiктер орнатылды; айналадағы аумақ көркейтiлдi; жел диiрменiн қалпына келтiру жұмыстары басталды. Қалпына келтiру 2012 жылы жалғасатын болады.
Ескерткiштерде облыстық бюджет қаражатынан жалпы сомасы 130189 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi:
Ломоносов атындағы №21 орта мектеп — 20120 мың теңгеге ағаш бұйыдарын күрделi жөндеу;
Орыс драма театры — 2 521 мың теңгеге инженерлiк желiлерiн және электр жабдықтары жөндеу;
Ұлы Отан Соғысынына қатысқандардың (11), саяси құғын-сүргiн құрбандарының ескерткiштерiнде 4 200 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi;
Республикалық маңызы бар «Юзефович көпестiң үйi» ғимарат-ескерткiшiнде қақталған торлар орнатылды сомасы 4 268 мың теңге;
Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, Ш.Уәлиханов монуметалды өнер ескерткiштерi орнатылған бақтар мен гүлбақтар абаттандырылды.
Өз қаражаты есебiнен сомасы 6 миллионнан астам теңгеге «Новый свет» кинотеатрын қалпына керлтiруге жобалау-сметалық құжаттама әзiрлендi, қазiргi уақытта ғимараттың меншiк иесi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Есептi кезеңде 1904 жылы салынған «Мұратовтың диiрменi» және 19 ғасырдың аяғында салынған «Пирогов көпестiң үйi» бойынша тексерiстен өтiп, тиiстi қорытындылар дайындалды.
Өз қаражаты есебiнен мына ескерткiштерде жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр:
Аталған жұмыстарды өткiзуге жұмсалған қаражат көлемi ғимараттың техникалық жағдайына және меншiк иелерi мен пайдаланушылардың қаржы мүмкiндiктерiне, мемлекеттiк қаржыландыруға тәуелдi. Жобалау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын арнайы лицензиясы бар ұйымдар жүргiздi: «Казреставрация» ЖШС, «Күмбез» ЖШС, «Доломит» ЖШС.
Бүгiнгi күнi «Рухани мұсылмандар басқармасы» филиалының пайдаланылуындағы республикалық маңызы бар ХХ ғасырдың басында салынған бұрынғы Янгуразов көпестiң үйi жедел-қалпына келтiру жұмыстарының жедел жүргiзiлуiн талап етедi. Мамандандырылған жобалық-қалпына келтiру фирмасы «Күмбес» ЖШС (Т.Турекулов) зерттеу жұмыстарын жүргiздi, сметалы есеп құрастырды. Ол Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне жiберiлдi. Сметалы есеп негiзiнде қалпына келтiру құны 63750,93 мың теңгенi құрады.
2008 жылы мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Петропавл қаласында «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенi ашылды. Бұл республикалық маңызы бар ескерткiш Елбасының тапсырмасы бойынша қалпына келтiрiлген. 70% құрылыс жұмыстарынан тұратын жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлу барысында шатырды және кiреберiс тобын жобалау кезiнде қате жiберiлген және көлемi 1 га құрайтын маңайдағы аймақты абаттандыру жұмыстары аяқталмаған. Сондықтан 2013 жылы тойланатын Абылай ханның 300 жылдығына шаралар дайындау барысында аталған объектiге күрделi жөндеу жасау үшiн қаражат бөлу қажет.
Жергiлiктi маңызы бар ескерткiш «Баженов көпестiң үйi» (ХIХ ғасырдың аяғы) апаттық жағдайда және Жамбыл ауданының Прресновка селосындағы «Боярский көпестiң үйi» (ХIХ ғасырдың аяғы) өрттен кейiн қалпына келтiрiлмедi.
Қалыптасқан жағдай республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк меншiктегi тарих пен мәдениет ескерткiштерiн зерделеуге қаржыландыру жеткiлiксiз болғандықтан және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына қаражат бөлiнбегендiктен туындады.
Жұмыс барысында тарихи-мәдени мұраны қорғау және заң жұмыстары жөнiндегi бөлiмнiң «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану туралы» ҚР Заңының 34 бабын iске асыруында қиыншылықтар бар. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негiзiнде жүзеге асырады. Осыған байланысты лицензия барлық жұмыс түрлерiне талап етiледi. Аталған факт жазғы маусымда жұмыстың басталуын кешiктiредi, ал мемлекеттiк сатып алулар өткiзетiн мемлекеттiк органдарда жұмыстың тоқтап қалуына әкелiп соғады. Сондықтан ағымдағы жөндеудi келiстi органдардың келiсiмiмен қалпына келтiру жұмыстарына берiлетiн лицензиясыз өткiзуге болады деп санаймыз.
Заңның 20 бабына сәйкес мемлекеттiк бақылау тiркелуге жататын тексерiс (жоспарлы және жоспардан тыс) түрiнде жүргiзiледi. Бiрақ заңнамалық актiлерде бас прокуратураға ұсыну үшiн мәлiметтер жинайтын орган анықталмағандықтан, 2011 жылы заңды тұлғаларға жоспарлы тексерiс өткiзу тiркелген жоқ, ұқсас жағдай 2012 жылдың басында да қалыптасып жатыр.
Жұмыс барысында әртүрлi ескерткiштердiң қорғау аймағын анықтаумен қиындықтар болды. Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне сәйкес типографиялық, геодезиялық жұмыстарға шығындар республикалық деңгейде қарастырылады, осыған байланысты қорғау аймақтарын, құрылысты реттеу аймақтарын, реттелетiн табиғи ландшафт аймақтарын анықтау үшiн жұмысты облыстық бюджеттен қаржыландыруға мүмкiндiк жоқ. Осыған байланысты Республика аймағында қорғау шекараларын анықтау мен белгiлеу үшiн республикалық бюджет қаражатынан арнайы лицензиясы бар ұйымдарының жұмысын қаржыландыру туралы ұсыныс енгiземiз.