1906 жыл
Петропавл қ, Булавский көшесi 2
Ғимарат ХХ ғ. басында салынған. Бастапқыда Петропавл бiлiктi сауда кадрларына мұқтаж болғандықтан, оқу корпусы ретiнде жұмыс iстедi. Кейiн қалалық училищесi болып қайта құрылды. Кеңес уақытында 1939 жылдан бастап, Н. Прокопичеваның атындағы №4 орта мектеп орналасты. 1977 жылдан бастап ғимаратта қалалық мектепаралық оқу-өнеркәсiптiк комбинаттың корпусы орналасты. Қазiргi уақытта ғимарат жеке меншiк иесiнде. Ғимаратта аса қайта құрылыс жұмыстары жүргiзiлмеген.
Ғимарат екi қабатты,кiрпiштен қаланған,тiкбұрышты пiшiндi. Бастапқыда сыртқы қабырғалары сыланбаған болатын, қазiргi уақытта сыртқы және iшкi қабырғалары, сонымен қатар қалқандар сыланған.
Ғимарат көпестiк шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгiсi, 19-20 ғғ. басында жоспарлы кешендi кiрпiштi құрылысқа сипаттама болып табылады.
Материалдар Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлiмiнде, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнде, Петропавл қаласының әкiмдiгi және Қазақстан Республикасының әдiлет Министрлiгiнiң тiркеу қызметi Комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығында сақталады.
Ғимарат Петропавл қалалық атқару комитетiнiң шешiмiмен қорғауға алынған. (82 жылдың 18 наурызындағы № 115).
Әдебиет: И.Н. Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А. Морозов Петропавл төңкерiлiске дейiнгi әдебиет көздерiнен — 1991
М.А. Морозов Петропавл — Қазақстанның солтүстiк қамалы. — Омбы, 1993.
Солтүстiк Қазақсатн облысы. Энциклопедия.Алматы, 2004 435-437 б.
