Меню

Страницы

Статья

Темiржол вокзалы, 1894 жыл

1894 жыл (1-i кезең); 1904 жыл (2-i кезең). (Архит.).

Вокзал алаңында орналасқан.

Темiр жол вокзалының ғимараты екi кезеңде салынған: бiрiншi кезеңнiң құрылысы 1895 жылғы желтоқсан айында аяқталды; ғимараттың екiншi кезеңi 1904 жылы бiтiрiлдi (мейрамхана, темiр жол стансасының қосымша қызметтерi).

Бiрқабатты ғимарат, кiрпiштен қаланған. Бергi кезеңге қарай (ХХ ғасырдың 50-ы жылдары) қабырғалардың сыртқы бетi сыланған және екiтүстi болып боялған. Бүгiнгi күнге ғиамаратқа реставрация жасалған және бастапқы жобаға сәйкес қалпына келтiрiлген (Батыс-Сiбiр темiр жол магистралiнiң 100-жылдығына орай).

Ғимарат жоспарының нысаны күрделi. Жеке бөлмелердiң көлденең және биiктiк көлемдерi әртүрлi, бiр-бiрiмен темiр жол платформасы бойынша созылған өзара бiрыңғай жерге бiрлескен. Ескерткiштiң жаппасы темiрмен қапталған ағаш құрылымдарынан тұрады. Негiзгi залдың және кейбiр бөлмелердiң төбелерi күмбез тәрiздi, бұл iшiндегi ауа айналымына жағдай жасайды. Үлкен терезелер жақсы жарықты қамсыздандырады және әшекейлi қалаумен жиектелген. Ғимарат «соңғы барокко» стилiнде салынған. Бүгiнгi күнге бұл жерде тас жол вокзалының жүк бөлiмшесi мен қойма бөлмелерi орналасқан.

Ғимарат қоғамдық маңызы бар кiрпiш салулардың жоспарлық кешендi құрылыс көрiнiсiне кiрген ХIХ ғасырдың аяғы — ХХ ғасырдың басы кезеңдерге тән қаланың тарихи жоспарының үлгiсi және қаланың архитектуралық мұрасы болып табылады.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
01 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы