СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау барысында келесiнi хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтер Тiзiлiмiне сәйкес Мәдениет және ақпарат саласында 2 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi «Архивтiк анықтама беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру». Аталған мемлекеттiк қызметтер уақытылы көрсетiледi.
2018 жылы 29142 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi (Тиiсiнше 29140 және 2), қызмет алушылардан шағым түскен жоқ. Басқарманың ресми интернет-ресурсында мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерi орналастырылған (оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар).
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсiмдердi өткiзу кезiнде ашықтық пен объективтiлiктi сақтау мақсатында бақылаушылар мен сарапшылардың қатысуын қамтамасыз етедi. Өткiзiлетiн конкурстарда бақылаушылар мен сарапшылардың қатысуы туралы есеп тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне жiберiледi. 2018 жылы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға 6 конкурс өткiздi (жалпы конкурс өткiзу жолымен), оған 6 бақылаушы қатысты.
2018 жылы басқарманың 10 қызметкерi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өттi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн заңнама талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiздi (Музей бiрлестiгi, қуыршақ театры, Орыс және қазақ театрлары, Абылай хан резиденциясы, 2 Облыстық кiтапханалар, облыстық филармония)
2018 жылға Басқарма қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу 2019 жылдың қаңтар айына жоспарланған.
Басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» бөлiмi жұмыс iстейдi, онда келесi ақпараттар бар: нормативтiк-құқықтық актiлер, Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2018 жылға арналған iс-шаралар жоспары және т. б.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi шараларды iске асыру шеңберiнде басқарма фойесiнде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта көрнекi ақпараты бар стендтер орналастырылған.
«Шағымдар мен ұсыныстарға арналған» жәшiк тұрақты жұмыс iстейдi.
Солтүстiк Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама саласының қызметкерлерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекiтiлген стандарттарды басшылыққа алады.
2018 жыл iшiнде басқарма мен ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсiпорындардың қызметкерлерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзғаны үшiн жауапкершiлiкке тартылмаған.