Меню

Страницы

Статья

Жаднама

Сыбайлас жемқорлық — жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерiнiң лауазымдық (қызметтiк) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзiне не үшiншi тұлғаларға мүлiктiк (мүлiктiк емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауiпсiздiгiне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелi қауiп төндiредi, халықаралық аренада Қазақстан Республикасының имиджiне нұқсан келтiрiп, жүргiзiлiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк реформаларға кедергi жасайды.

Сыбайлас жемқорлық сыбайлас жемқор және адал (жергiлiктi немесе шетелдiк) кәсiпкерлердi алдын ала теңсiз жағдайыларға қоя отырып, сыртқы және iшкi нарықтардағы бәсекелестiкке нұсқан келтiрiп, ұлттық экономикаға жағымсыз әсер етедi.

Сыбайлас жемқорлық бизнес жүргiзудiң экономикалық және қаржылық ортасын бұрмалайды, мемлекеттiк басқару мен бизнестiң тиiмдiлiгiн, инвестицияларға ынталарын төмендетедi, экономикалық және саяси дамуды тежейдi, әлеуметтiк теңсiздiк тудырады, сондай-ақ саяси үдерiске белгiлi бiр тұрақсыздықты енгiзедi.

Сыбайлас жемқорлықтың қазiргi қоғамға әсерi экономикалық шектен шығады. Сыбайлас жемқорлық экономика мен қоғамның әртүрлi салаларына ене отырып, елдiң тұрақты саяси-экономикалық дамуына ыдыратушы әсер етедi, сондықтан ол ұлттық қауiпсiздiгiне елеулi қауiп болып қала бередi. Осыған байланысты елдiң ұзақ мерзiмдi бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында ел алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың белсендi саясатын жалғастыру мiндетi тұр.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа тек мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының күшiмен ғана қарсы тұру сыбайлас жемқорлық деңгейiн барынша төмендетуге мүмкiндiк бермейтiндiктен, бұл жеделдетiлген экономикалық және әлеуметтiк даму бойынша елде жүргiзiлiп жатқан қайта құруларды тежейдi.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Қазақстанның мемлекеттiк саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясат елдегi әлеуметтiк, экономикалық және саяси тұрақтылықты күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн жалпы қылмыстық көрiнiстерден қорғау деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылды өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, ашуды, тергеп-тексерудi және алдын алуды және оларды жасауға кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды өзi құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттiк кiрiс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi жүзеге асырады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабы: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзi қызметкерi болып табылатын мемлекеттiк органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi органға хабар бередi.

2. Мемлекеттiк органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi уәкiлеттi орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келiп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға мiндеттi.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететiн адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен көтермеленедi.

Осы тармақтың ережелерi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпартты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға жәрдем көрсететiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен ұсынылады. Көрсетiлген ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Егер Сiз сыбайлас жемқорлықпен, Солтүстiк Қазақстан облысы мәдениет және мұрағаттар басқармасы аппараты қызметкерлерiнiң, мәдениет және мұрағаттар саласының азаматтық қызметшiлерiнiң әдепсiздiк танытуымен кездессеңiз, құқықтырыңыз бұзылғаны туралы 36-17-79 сенiм телефонына қоңырау шалып, тiкелей басқарма басшысына (қабылдау күнi — бейсенбi сағат 16-дан 18-ге дейiн), басқарма басшысының орынбасарына (қабылдау күнi — сәрсенбi сағат 16-дан 18-ге дейiн) немесе http://uprkult.sko.gov.kz/ сайтындағы «Виртуалды қабылдау бөлмесiне» хабарлауыңызды сұраймыз.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 3-бабы 4-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жататынын ескертемiз.

Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға тiкелей немесе делдал арқылы пара беру қылмыстық жаупкершiлiкке тартылады (ҚР ҚК 367-б.). Пара берген адам, егер оған қатысты ҚР ҚК 366-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергенi туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттiк органға өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлау — жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады — «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шiлдедегi Кодексiнiң 439-бабы.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы