"Connection point" өзiн-өзiне қызмет көрсету бұрыштары

Құрметтi мемлекеттiк қызмет алушылар!
СҚО әкiмдiгiнiң мәдениет, тiлдердi дамыту және архив iсi басқармасы Сiзге үш облыстық театрлар мен С.Мұқанов атындағы кiтапханада және 15 мемлекеттiк архивтерде орналастан «Connection point» өзiн-өзiне қызмет көрсету бұрыштарының көмегiмен ҚР «е-gov» порталы арқылы электронды форматта мемлекеттiк қызметтердi келесi көрсетiлген мекенжайлар бойынша алу мүмкiндiгiңiз бар екенiн хабарлайды ……
Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне келесi түрлерi кiредi:
2021 жылдың 4-тоқсанынындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп
Қызметтердi электронды форматқа аудару — бұл халықтың өмiрiн жеңiлдетуге арналған перспективалық бағыт. Әкiмшiлiк кедергiлердi азайту және мемлекеттiк қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн арттыру мақсатында өзiне-өзi қызмет ету Connection point бұрыштары қүрылды.
Connection point өзiне-өзi қызмет көрсету аймағының интерактивтi картасы
https://www.google.com/maps/d/edit?mid=1gA7Sxrw4Lhcjm4m94Fq6hAaORhCVZk0E&usp=sharing
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары (ZIP 23 Kb)
Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгiлi) атағын беру қағидалары (ZIP 24 Kb)
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулы жобасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 17-бабына, «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша өз иелiгiнде қалатын мемлекеттiк архивтердiң оларды өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуi және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2018 жылғы 26 қыркүйектегi № 275 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 17446 болып тiркелдi) «Республикалық немесе жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын, Мемлекеттiк мекемелердiң оларды өткiзуден түсетiн ақшасы өзiнiң иелiгiнде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетiлетiн қызметтерiнiң) тiзбесiнiң сыныптауышын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5702 болып тiркелдi) сәйкес әзiрлендi.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2018 жылғы 26 қыркүйектегi № 275 «Мемлекеттiк архивтер арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату бойынша ақы төленетiн қызметтi ұсынудың, сатудан түскен ақша олардың иелiгiнде қалатын және тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны жұмсау ережесiн бекiту туралы» бұйрығына сәйкес келтiру мақсатында әзiрлендi.
Жобаны талқылау үшiн http://egov.kz ашық НҚА порталында және «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ-ның http://uprkult.sko.gov.kz сайтында жарияланды.
