«АМАНАТ» партиясы Солтүстік Қазақстан
облыстық филиалы жанындағы «Мiras»
қоғамдық кеңесінің отырысында сөйлейтін
сөз
28.11.2022 ж.
Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту туралы
Құрметті отырысқа қатысушылар!
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысында тиімді іске асырылуда.
«Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері» ұлттық стандарттарына сәйкес облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы оқытылатын тыңдаушылар қатары жыл сайын артып келеді.
2020 жылы мемлекеттік тілді 114 топта оқыған тыңдаушылар саны 2129 болса, 2021 жылы 124 топта — 2264 адам, ал 2022 жылы 131 топта 2 558 адамды құрады (бөлінген қаражат — 23 млн.715 мың теңге).
Тыңдаушылардың құрамында қарапайым тұрғындар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің, денсаулық, білім, мәдениет және спорт саласы қызметкерлері бар.
Тыңдаушылардың ұлттық құрамы: қазақтар — 1813, орыстар – 581, татарлар – 65, немістер – 20, поляктар – 14, украиндер – 40, кәрістер – 3, белорусьтер – 11, грузиндер – 8, шешендер – 1, өзбектер — 2.
Жалпы өзге ұлт өкілдерінің саны — 745.
Облыс аудандарында және Петропавл қаласында жергілікті бюджет қаражатына ересек тұрғындарды қазақ тіліне оқытатын қосымша 61 топ ұйымдастырылды (1026 адам тыңдаушы, бөлінген қаражат — 11 млн. 468 мың теңге).
Сонымен қоса, облыстың ұйым, кәсіпорындарында 266 үйірмеде 3800-ден астам тыңдаушы тегін қазақ тілін оқытуда.
Сондай-ақ, Тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында «Қазақ тілі Айнұрмен», «Білгенге маржан» айдарлары және қазақ тілінің аудиокурс сабақтары жарияланып тұрады.
2000 таралымы бар «Молодежная Жастар» облыстық газетінде «Кел, үйренейік!» атты айдар ашылып, қазақ тілі сабақтары жарияланып тұрады.
Тілдерді оқыту орталығы тарапынан биыл бизнес және басқа да сала қызметкерлеріне арналған орысша-қазақша тілашар әзірленіп, басылып шығарылды.
Сөздіктер банк, қазпошта, халыққа қызмет көрсету орталықтары, медицина, көлік және қатынас жолдары (теміржол) салаларының қызметкерлеріне арналды. Бүгінгі күні сөздіктер шағын және орта бизнес субъектілеріне таратылып жатыр.
Петропавл қаласының орталығында орналасқан «BREZEL» мейрамханасының қызметкерлері үшін қазақ тілі курсы ұйымдастырылды. Курсқа түрлі ұлт өкілдерінен құралған 12 қызметкер қатысты. Сабақтың күнтізбелік тақырыптық жоспары мейрамхана қызметкерлеріне арналып жасалды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің тізімі әзірленіп, оған 172 адам кірді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізде бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін ескеретін үйлесімді тіл саясаты жүргізілуде. Ол елдің барлық этностарының тілдік құқықтарының сақталуын, қарым-қатынас жасау, тәрбиелеу, оқыту және шығармашылықпен айналысу тілін еркін таңдауды қамтамасыз етеді.
СҚО Тілдерді оқыту орталығы «Қоғамдық келісім» КММ-сімен бірлесе сәуір айынан бастап «Тілашар» клубын ашып, айына екі рет «Грамматикасыз қазақ тілі» сабақтарын өткізуде.
Достық үйінде неміс, поляк, татар, кәріс тілдерін үйрену бойынша курстар ұйымдастырылып, оған 100 жуық адам қатысады.
Облыста 454 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 112 қазақ тілінде (24,7%), 96 - аралас (21,1%), 246 – орыс тілінде (54,2%).
Қазақ тілінде өзге этнос өкілдерінің 259 балалары оқиды.
2022-2023 оқу жылында Петропавл қаласының №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде 9 бөлімде (поляк — 25, татар — 24, армян — 24, неміс — 24, шешен — 24, корей — 25, украин — 14, әзірбайжан — 24, қазақ — 27) түрлі этностардың 210-нан астам баласы ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін оқуда.
Қазіргі уақытта біздің облысымызда мынадай тілдік құзыреттіліктер бар: қазақ тілді, орыс тілді, қазақ-орыс қостілділігі, этникалық-қазақ, этникалық-орыс қостілділігі, қазақ-орыс-ағылшын үштілділігі.
Жыл сайын облыста Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының қатысуымен «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өткізіледі.
Биыл облыста «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу ағымдағы жылдың маусым және қараша айларында өткізілді.
2022 жылы «Қазтест» жүйесі бойынша өткен сертификаттық тестілеуге — 162 адам, ал диагностикалық тестілеуге 383 адам қатысты.
Жалпы Ұлттық тестілеу орталығы біздің облыс бойынша 15 мыңнан астам адамды сынақтан өткізді.
Тіл заңнамасына сәйкес облысымыздың мемлекеттік органдары мен ұйымдарында мемлекеттік тіл жұмыс және іс жүргізу тілі ретінде қолданылады.
2022 жылы І жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы 94,9% құрады (кіріс — 92%, шығыс – 97,8%).
Өңірімізде «Қазақ тілі» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жұмыс істейді. Қоғамдағы мүшелер саны 890 адамды құрайды.
«Қазақ тілі» қоғамының жоспарына сәйкес Петропавл қаласы мен аудандарының кәсіпорындары, бизнес құрылымдары қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді оқытуға облыс бойынша 28 Қазақ тілі клубтары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Тіл –достық көпірі» қазақ тілін меңгерген этнос өкілдері туралы 5 бейнероликтер шығарылды.
2022 жылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында 20-дан астам облыстық (8 млн. 352 мың теңге) және 200-ден астам аудандық, қалалық іс-шара өткізу жоспарланып отыр (3 млн. 558 мың теңге).
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірі ономастика, екіншісі — тіл саласына бағытталған 2 жоба іске асырылады (3 млн. 288 мың теңге).
Тілдер мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл – руханият тірегі» республикалық конференциясы ұйымдастырылып, оған елге танымал филолог-ғалымдар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері қатысты.
Сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күні аясында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған облыс бойынша 400-ден астам әр-түрлі форматағы іс-шаралар өтті.
Қазақстан халқы тілдері күні аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауында Сайдали Юсупов облыс намысын қорғап, 3 жүлделі орынға ие болды.
Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында тұратын қазақтармен байланысты дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2022 жылғы қыркүйек айында олар үшін «Ана тілін оқыту бағыттары» атты семинар –тренинг ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні ұмыт бола бастаған елді мекендердің тарихи атауларын қайтару, атауы бұрмаланған ауылдардың транскрипциясын дұрыстау және көшелер, білім, мәдениет, спорт ошақтарына лайықты тұлғалардың есімдерін беру – ономастика жұмысындағы негізгі бағыттар болып табылады.
Соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысында ономастика бағытында бірталай жұмыстар атқарылды.
2021 жылы 2 ауылдық округ (Мамлют ауданы Ленин ауылдық округі – Бике ауылдық округі, Ақжар ауданы Новосел ауылдық округі – Үлкен Қараой ауылдық округі), 3 ауыл (Мамлют ауданы Ленин ауылы – Бике ауылы, Ақжар ауданы Коммунизм ауылы – Баймырза ауылы, Киевское ауылы – Кіші Қараой ауылы) қайта аталды.
Сонымен қатар 400-ге жуық көшені қайта атау бойынша жұмыс жүргізілді.
Білім, мәдениет және спорт мекемелерін елімізге танымал тұлғалардың есімдерімен атау бағытындағы жұмыс жалғасуда.
Үстіміздегі жылы сәуір айында №25 жалпы білім беретін орта мектепке Әлихан Бөкейханның, №2 орта мектепке Смағұл Сәдуақасұлының, №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлының, Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне Қажымұқанның есімі берілді.
2022 жылдың 1 наурыздағы облыстық ономастика комиссиясының отырысында Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне Сафуан Шаймерденовтің, Шал ақын ауданының қазақ орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың, Қызылжар ауданы Новониколськое орта мектебіне Геннадий Зенченконың есімдерін беру туралы ұсыныстар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты.
Бүгінгі күні облысмызда идеологиялық ескірген, тотолитарлық сипатағы атауларға 13 ауылдық округ, 33 ауыл, 270-ке жуық көше ие.
Ағымдағы жылғы маусымның 20-29 аралығында әлеуметтік тапсырыс аясында «Ономастикалық кеңістікті реттеу жолдары» ономастика бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстың барлық аудандарына шығып, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткер, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Досмағамбет Көшім, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Қамал Әлпейісова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова және тағы басқа белгілі азаматтар болды.
Биыл ономастика комиссиясының қарауына келіп түскен Жоғары медицина колледжіне Жұмағали Тілеулиннің, облыс орталығындағы №32 орта мектепке Сәбит Мұқановтың есімін беру туралы ұсыныстар республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.
Ағымдағы жылы Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес көрнекі ақпарат пен жарнамаларды тіл заңнамасы нормаларына сәйкестендіру мақсатында рейдтер ұйымдастырылды. Рейд барысында 112 нысан қамтылып, 76 заңға сәйкестендірілді.
Биыл жыл басынан бері 130-ға жуық жеке және заңды тұлғаларға көрнекі ақпаратты заңнамаға сәйкес ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бизнес және сауда объектілерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шарамен «Европа», «Grill Bar Marinad», «MEAT JAGGER», «Gate Resto Hall», «The Дым» мейрамханалары, «BREZEL» сыра мейрамханасы, «Бакшиш» шайханасы, «Дом Культуры» гастро-бары, «Хуторок», «Nathan’ Famous», «NA PERVOM» дәмханалары, «Mont Blanc» ресто-бары, «Маgnum», «Пирамада», «Аimer», «Северный» және «Семейный» ірі сауда үйілері қамтылды.
Мәдениет ұйымдарының (театр, кітапханалар, музейлер, филармония және т.б.) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтырылуда.
Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында 2021 жылы 101 қойылым, соның ішінде «Ысқақ», «Елім-ай», «Сиқырлы аса таяқ» сияқты жаңа қойылымдар көрсетілсе, ал 2022 жылы 108 қойылым көрсетті, соның ішінде «Құлеке батыр», «Ең жақсы әйел», «Жындының жазбалары» атты 3 жаңа премьера көрсетті.
Облыстық қуыршақ театрында 2021 жылы 3 спектакль, соның ішінде «Айлалы сабақ» атты жаңа қойылым мемлекеттік тілде көрсетілсе, 2022 жылы қазақ тілінде 14 спектакль, соның ішінде «Әкем, менің сүйкімді әкем!» жаңа қойылым көрсетілді.
Облыстық филармония ұжымы мен солисттерінің репертуары үнемі толықтырылып отырады, оның ішінде жаңа қазақ тілді контентпен: шығармашылық ұжымдарда – 80 шығарма орындалса, солисттер — 7 жаңа шығарманы орындады.
Облыс кітапханалары 2022 жылдың 11 айында 18 514 әр-түрлі форматтағы іс - шара өткізді, оның ішінде 6 366 шара қазақ тілінде өтті.
Бүгінгі күні облыс кітапханаларының кітап қоры 3 987 245 дана, оның ішінде қазақ тілінде — 1 224 462 дана.
Үстіміздегі жылы барлығы 40 мыңнан астам жаңа әдебиеттер түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде — 32 024 дана.
Биылғы жылы Сәбит Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы әр-түрлі форматтағы 3 196 іс-шара өткізді, соның ішінде мемлекеттік тілде – 1118 шара, оған 478 319 адам қамтылды.
Кітапхана қоры 653 248 дананы құрайды, соның ішінде қазақ тілінде – 97 935 дана.
2022 жылы Сәбит Мұқанов атындағы кітапханасына 877 дана жаңа кітап түсті, оның ішінде мемлекеттік тілде – 400 дана.
2022 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық Ғ.Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында 559 дана кітап түсті, соның ішінде 239 дана мемлекеттік тілдегі балалар әдебиеті түсті.
Солтүстік Қазақстан облыстық мұражай бірлестігі өскелең ұрпаққа Отанға, патриотизмге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған 839 әр-түрлі іс-шара өткізсе, соның ішінде қазақ тілін дамытуға арналған 506 іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.