Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысында тиімді іске асырылуда.
Облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы оқытылатын тыңдаушылар қатары жыл сайын артып келеді.
2020 жылы мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыған тыңдаушылар саны 136 топта 2391 болса (114 — қазақ, 22 — ағылшын), 2021 жылы 140 топта – 2474 адам (124 — қазақ, 16 — ағылшын), ал 2022 жылы 146 топта 2 595 (131 — қазақ, 15 — ағылшын) адамды құрады.
Облыс аудандарында және Петропавл қаласында жергілікті бюджет қаражатына ересек тұрғындарды оқытатын қосымша 71 топ, соның ішінде 61 топта қазақ, 8 топ ағылшын, 2 топ орыс тілі ұйымдастырылды (11 млн. 468 мың теңге).
Сонымен қоса, облыстың ұйым, кәсіпорындарында 266 үйірмеде 3800-ден астам тыңдаушы қазақ тілін оқытуда.
Тілдерді оқыту орталығы «Қоғамдық келісім» КММ-сімен бірлесе Қазақстан халқы ассамблеясы филиалында «Tilashar» клубын ашты. Клубтың жұмысы жоспарына сәйкес «Грамматикасыз қазақ тілі» сабақтары жұмасына екі рет өтуде.
2000 таралымы бар «Молодежная Жастар» облыстық газетінде «Кел, үйренейік!» атты айдар ашылып, қазақ тілі сабақтары жарияланып тұрады.
Сондай-ақ, Тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында «Қазақ тілі Айнұрмен», «Білгенге маржан» айдарлары және қазақ тілінің «Легко учиться» аудиокурс сабақтары жариялануда.
Жыл сайын облыста Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мамандарының қатысуымен «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу өткізіледі.
Бүгінгі күні Ұлттық тестілеу орталығы біздің облыс бойынша 15 мыңнан астам адамды сынақтан өткізді.
Облыста 461 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 112 қазақ тілінде (24,3%), 92 — аралас (20%), 257 – орыс тілінде (55,7%).
Қазақ тілінде өзге этнос өкілдерінің 259 балалары оқиды.
2022-2023 оқу жылында Петропавл қаласының №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде 9 бөлімде (поляк — 25, татар — 24, армян — 24, неміс — 24, шешен — 24, корей — 25, украин — 14, әзірбайжан — 24, қазақ — 27) түрлі этностардың 210-нан астам баласы ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін оқуда.
2022 жылы І жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы 94,9% құрады (кіріс — 92 %, шығыс – 97,8 %).
2022 жылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында 20-дан астам облыстық және 500-ден астам аудандық, қалалық іс-шара өткізілетін болады.
Қазақстан халқы тілдері күні аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында облыс бойынша 400-ден астам әр-түрлі форматағы іс-шаралар өтті.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірі ономастика, екіншісі — тіл саласына бағытталған 2 жоба іске асырылуда.
Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында тұратын қазақтармен байланысты дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2022 жылғы қыркүйек айында олар үшін «Ана тілін оқыту бағыттары» атты семинар –тренинг ұйымдастырылды.
Басқарманың ономастика саласындағы қызметі өңірдегі идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи және дәстүрлі атаулармен өзгертуге бағытталған.
Бүгінгі күні облысмызда идеологиялық ескірген, тотолитарлық сипатағы атауларға 13 ауылдық округ, 33 ауыл, 270-ке жуық көше ие.
Соңғы үш жылда облысымызда 2 ауылдық округ, 3 ауыл және 400-ге жуық көше қайта аталды.
Сонымен қатар, 12 білім беру, мәдениет және спорт объектісіне тұлғалардың есімдері берілді.
2022 жылы облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізілді.
Наурыздың 1-і күні комиссия отырысында облыс аудандарында 33 көшені қайта атау және 3 объектіге тұлғалардың, атап айтқанда, Жамбыл ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне Сафуан Шаймерденовтің, Шал ақын ауданының Қазақ орта мектебіне Кәкімбек Салықовтың, Қызылжар ауданының Новоникольск орта мектебіне Геннадий Зенченконың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар қаралды.
Ү. ж. қыркүйектің 22-сі күні аталған тұдғалардың есімін беру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің №721 қаулысы шықты.
Шілденің 8-і күні облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысында облыс аудандарында 19 көшені қайта атау және 2 объектіге тұлғалардың, атап айтқанда, Петропавл қаласындағы №32 орта мектепке Сәбит Мұқановтың, «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжіне Жұмағали Тлеулиннің есімдерін беру жөнінде ұсыныстар қаралды.
Қазіргі таңда объектілерге аталған тұлғалардың есімдерін беру жөніндегі ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Ағымдағы жылы басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес көрнекі ақпарат пен жарнамаларды тіл заңнамасы нормаларына сәйкестендіру мақсатында рейдтер ұйымдастырылды. Рейд барысында 112 нысан қамтылып, 76 заңға сәйкестендірілді.
Биыл жыл басынан бері 130-ға жуық жеке және заңды тұлғаларға көрнекі ақпаратты заңнамаға сәйкес ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.