Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Жарнама-тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқауының облыстық кезеңін 2025 жылғы 29 сәуірінде өткізетінін хабарлайды.
Кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін, олардың копирайтерлері мен аудармашыларын, сондай-ақ облыс тұрғындарын қатысуға шақырамыз.
Ережесі қоса беріліп отыр. Өтінімдер ү.ж. 21 сәуіріне дейін қабылданады.
Байланыс телефондары: 8 (7152) 360449; 87073667634