Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің қорғаныш аймақтарының, құрылысқа реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 127-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 28-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 «Тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғаныш аймағын, құрылысқа реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын анықтау ережелерін бекіту және оларды пайдалану тәртібі туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген.
Қаулының мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің қорғаныш аймақтарының, құрылысқа реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту.
Қаулы жобасы 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15391604