GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
Қызылжар ауданында Қазақстан Республикасының күні атап өтілді

22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бескөл ауылында Қазақстан Республикасының күніне арналған «Еңсесі биік егемен елім!» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысты. Іс-шара Қызылжар ауданының жетістіктері мен көрікті жерлеріне арналған бейнероликпен басталды. Жиналғандарды Республика күнімен Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов құттықтады. Ол өз сөзінде ел тәуелсіздігін, халық бірлігін және мемлекеттің өркендеу жолындағы ұмтылысын бейнелейтін мерекенің маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты жиынның маңызды бөлігі ауданның дамуына адал еңбегімен, жоғары кәсібилігімен және белсенді азаматтық ұстанымымен үлес қосып жүрген тұрғындарды марапаттау рәсімі болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналар Акерке Келекенова мен Ольга Грабалина «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Сонымен қатар еңбек жетістіктері үшін ведомстволық наградалар, алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды.

Мерекелік шара жергілікті орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахнада Отан мен туған жер туралы әндер шырқалып, қазақ мәдениетінің байлығын және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін ұлттық билер мен аспаптық шығармалар орындалды.

22 октября 2026
Бескөлде жаңа аурухананың техникалық ашылуы өтті – ФОТО
19 октября 2026
Бейбіт Исманов VIII шақырылым депутаттарына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді

19 қазанда Бескөл ауылында Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов VIII шақырылым аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Іс-шараға аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Бәукенов, сондай-ақ аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында Бейбіт Исманов депутаттар корпусына адал еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Өз өкілеттіктері кезеңінде депутаттар Қызылжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын дамыту мәселелеріне назар аударды.

Депутаттық қызметтің маңызды бағыттарының бірі халықпен жұмыс болды. Депутаттар азаматтарды жеке қабылдап, ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді зерделеді және шешу жолдарын қарастыру үшін атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасады.

Сонымен қатар мәслихат депутаттары аудан үшін маңызды жобалардың іске асырылу барысын бақылауға қатысты. Олардың қатарында Бескөл ауылындағы хоккей корты мен 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бар. Сондай-ақ сумен жабдықтау, абаттандыру және спорт инфрақұрылымын дамыту мәселелері де назарда болды.

«Барлығымызды Қызылжар ауданының тұрғындары игілігі үшін еңбек ету деген ортақ міндет біріктірді. Конструктивті диалог, бастамашылдық танытып, күрделі мәселелерді шешуге атсалысуға дайын болғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Депутаттық өкілеттіктің аяқталуы қоғамдық жұмыстың аяқталғанын білдірмейді. Сіздердің тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз бен белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз алдағы уақытта да туған өлкеміздің дамуына қызмет ете алады», – деді Бейбіт Исманов.

Атқарылған жұмыстары үшін ризашылық білдіру мақсатында аудан әкімі депутаттарға алғыс хаттар табыс етті.

13 октября 2026
Қызылжар ауданында «Әділет» партиясы аудандық филиалының жаңа төрағасы таныстырылды

13 қазанда Бескөл ауылында «Әділет» партиясы Қызылжар аудандық филиалының партия активінің отырысы өтті. Іс-шараға аудан әкімі Бейбіт Исманов, партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Женис Асанов және аудандық партия активінің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы «Әділет» партиясы Қызылжар аудандық филиалының жаңа төрағасы Санат Аубакировты таныстыру болды. Отырысты ашқан аудан әкімі Бейбіт Исманов аудандық партия ұйымының алдында тұрғындармен өзара байланысты нығайту, жергілікті жерлерде партия құрылымын дамыту және партия қызметінің басым бағыттарын іске асыру міндеттері тұрғанын атап өтті.


Кездесу барысында аудандық филиалдың партия активінің жұмысын үйлестірудегі, қоғаммен байланыс орнатудағы және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларды ілгерілетудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Бейбіт Исманов Санат Аубакировке жаңа қызметінде табыс, нәтижелі жұмыс және партия командасының қолдауын тіледі.

09 октября 2026
Бейбіт Исманов азаматтарды жеке қабылдады

8 қазанда Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов азаматтарды жеке қабылдап, жер мәселелеріне қатысты төрт өтінішті қарады.

Тұрғындар Тепличное ауылындағы құнарлы топырақ қабаты алынған төрт жер учаскесінің орнына тең мәнді жер учаскелерін беру немесе өтемақы төлеу, құжаттарды рәсімдеуді аяқтау, Астана - Петропавл тасжолының бойында орналасқан Qazaq Oil жанармай құю станциясын реконструкциялау үшін жер учаскесін кеңейту, сондай-ақ Новокаменка ауылында асфальтбетон зауытын салу үшін 0,5 гектар жер учаскесін сатып алу мәселелерін көтерді.

Аудан әкімі әрбір өтініш бойынша тұрғындарды тыңдап, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

07 октября 2026
Соколовка ауылының тұрғындарына кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары түсіндіріледі

2026 жылғы 9 қазанда сағат 11: 00-де Абай көшесі, 8, Соколовка селосы, Соколовский селолық округі (Соколовский Мәдениет үйі) мекенжайы бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мәселелері бойынша жиналыс өтеді:

  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;
  • «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ;
  • «ҚазАгроҚаржы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ;
  • "Солтүстік" ӘКК "АҚ шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімі;
  • Қызылжар ауданы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалы;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ СКОФ Шағын бизнеске кредит беру орталығы.

Семинар барысында бағдарламаларға қатысу мәселелері қаралатын болады:

  • «Іскер Аймақ»;
  • «Өрлеу»;
  • «Ауыл Аманаты»;
  • «Кепілдік беру бағдарламасы»;
  • ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер үшін бизнесті дамыту бойынша тегін онлайн оқыту.

Барлық мүдделі тұрғындарды, кәсіпкерлерді және өз ісін ашуды жоспарлап отырған тұлғаларды шараға қатысуға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша 87075599147 телефонына хабарласыңыз.

 

 

 

06 октября 2026
Қызылжар ауданында ұстаздарды мерекемен құттықтады

Қызылжар ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. «Ұстаз – ұлы есім» мерекелік шарасы 6 қазанда аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған 266 педагог, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері мен қонақтар қатысты.

Ұстаздарды кәсіби мерекесімен Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов құттықтады. Ол өскелең ұрпақтың білімі, құндылықтары мен өмірлік бағдарларын қалыптастырудағы ұстаз еңбегінің ерекше маңызын атап өтті.

Бүгінде ауданның білім беру жүйесінде 2 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Олардың еңбегі оқушылардың жетістіктерінен көрініс табуда. Биыл 10 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болса, 26 түлек мектепті үздік аяқтап, 76 түлек білім беру гранттарын иеленді.

Аудан оқушылары республикалық деңгейде де жоғары нәтижелер көрсетті. Бескөл мектеп-колледжінің оқушысы Маржан Ахмадиева ауыл мектептері оқушыларына арналған география олимпиадасында II орын, Бескөл орта мектебінің №3 оқушысы Ербатыр Қажымұрат республикалық ғылыми жобалар байқауында II орын, ал Налобино орта мектебінің оқушысы Аружан Нұрғожа «PROЕКО» экологиялық жобалар байқауында II орын алды.

Педагогтер арасында да жоғары жетістіктер бар. Республикалық және облыстық байқаулардың жүлдегерлері қатарында Думан Закирин, Виктория Бабак және Ирина Косырева бар.

Мамандық сабақтастығына да ерекше назар аударылды. Биыл ауданға 25 жас маман келді. Ал 15 қазаннан бастап Бескөл орта мектебінің №3 базасында педагогикалық сынып жұмысын бастайды. Ауданда Огневтер, Ткаченколар, Арықовтар, Некибаевтар, Городецкийлер және Бодуновтар әулеттері секілді танымал педагогикалық әулеттердің дәстүрі жалғасып келеді.

Мерекеге орай педагогтер аудан әкімінің, білім басқармасының және «Әділет» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік бағдарлама оқушылардың, педагогтердің және шығармашылық ұжымдардың музыкалық, би және вокалдық өнер көрсетуімен жалғасты.

28 сентября 2026
Еңбек пен іске деген адалдығы үшін: Бескөлде жұмысшы мамандықтарының өкілдері марапатталды

Қызылжар ауданында Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Бейбіт Исманов жұмысшы мамандықтарының өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Кәсіпорындар, мекемелер, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік саланың дамуына ұзақ жылдар бойы еңбегін арнаған азаматтарға ерекше ризашылық айтылды.

Аудан әкімі еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ Қызылжар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілхан Бижанов құттықтау сөз сөйледі. Кездесу соңында Бейбіт Исманов қатысушыларға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне табыс тілеп, ауданның ортақ дамуына әр адамның қосқан үлесі маңызды екенін атап өтті.

28 сентября 2026
«Бірыңғай есеп беру күні» Қызылжар ауданында өтті

2026 жылдың 24 қыркүйегінде аудан әкімдігі ғимаратында мемлекеттік органдардың бизнес-қауымдастыққа арналған «Бірыңғай есеп беру күні» аясында онлайн-кеңес өтті. Кездесу Zoom бейнеконференциясы арқылы өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы, аудан әкімдігіне бірлесіп қатысуға шақырылған шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

21 сентября 2026
Қызылжар ауданында абаттандыру және халықты әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Жұмыс кеңесінде елді мекендерді абаттандыру және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу мәселелері қаралды.

Жыл басынан бері ауданда 598 сенбілік және «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, 29 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды, 23 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайын, шөп шабу жұмыстарын, балалар және спорт алаңдарының жай-күйін бақылауды күшейту, сондай-ақ жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Алдағы әлеуметтік қолдау айлығына да ерекше назар аударылды. Ауданда 8 081 зейнеткер және 1 099 мүгедектігі бар адам тұрады. Іс-шаралар аясында 3 262 тұрғынға жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық қайырымдылық көмек көрсету жоспарлануда. Сондай-ақ азаматтардың үйлеріне бару, медициналық және мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері және «Қамқорлық» акциясын өткізу көзделген.

Кеңес қорытындысы бойынша елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға атаулы қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер айқындалды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы