Еліміз бен ауданымыздың мақтаныштары: аудан әкімі мәдениет және спорт саласының үздік қызметкерлерін марапаттады

Еліміз бен ауданымыздың мақтаныштары: аудан әкімі мәдениет және спорт саласының үздік қызметкерлерін марапаттады

Қызылжар ауданының 25 жылдығын мерекелеу аясында 7 маусымда Грин-паркте Қызылжар ауданының мәдениет және спорт саласындағы үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

"Біздің ауданымыздың мәдениеті мен спорты жоспарлы және тұрақты дамып келеді, бұған біздің спортшыларымыз бен талантты өкілдеріміздің халықаралық байқаулар мен фестивальдардағы көптеген жеңістері дәлел бола алады. Қызылжар спортшылары мен шығармашылық қызметкерлері біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігі үшін өздерінің жоғары жетістіктерімен бізді тағы да қуантатынына сенімдімін", - деп атап өтті аудан әкімі Жанат Сәдуақасов.

Үздік спортшылар мен мәдениет қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Кітапхана одағының "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен кітапхана саласының үздік қызметкерлері марапатталды.