26 шілде Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов Вагулино ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мәселелерді анықтау мақсатында Красноярка шағын ауылында тұрғындармен ашық диалогтық кездесулер өтті.
Барлық айтылған сұрақтарға Жанат Ғаббасұлы жауап берді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететін сұрақтар жеке бақылауға алынды.