15 Маусымда Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов Якорь ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мәселелерді анықтау мақсатында Вознесенка шағын ауылында тұрғындармен ашық диалогтық кездесулер өтті.
Барлық айтылған сұрақтарға Жанат Ғаббасұлы жауап берді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететін сұрақтар жеке бақылауға алынды.