14 наурызда аудан әкімі Жанат Сәдуақасов Якорь ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауданның, атап айтқанда Якорь ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептен кейін жергілікті халықпен жаңа форматта диалог жүргізілді. Ауыл тұрғындарының барлық сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететіндер жеке бақылауға алынды.
Кездесуден кейін жеке қабылдау өтті.