Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі жұмыстың басты бағыттарының бірі болып табылады. Аудан әкімінің және ауылдық округтердің әкімі аппараттарында, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар арасында іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, қорытындысы тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жолданып тұрады. Аталған мекемелердегі шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 2021 жылы 96%-ды көрсетсе, ал кіріс хат-хабарлардың мемлекеттік тілдегі үлесі – 94%-ды құрады. Аталған құжаттар көрсеткішін 100% жеткізу қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытуды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты – мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың санын арттыру. Осы мақсатпен барлық мемлекеттік мекемелерде 2021 жылғы қазанның 1-інен мемлекеттік тілді оқыту бойынша үйірме жұмыстары өз жұмысын жалғастырды.
Биыл ауданда қазақ және ағылшын тілдерін оқыту үшін бюджет қаражаты есебінен 35 топ ұйымдастырылды. 35 топтың 6-ы облыстық бюджеттен, қалған 29-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Ауданда қазақ және ағылшын тілдерін оқыту үшін жергілікті бюджеттен 2021-2022 жылдарға 3 млн 316 мың теңге ақша бөлінді.
Өткен жылы тыңдаушылардың жалпы саны – 457 болса, биыл олардың саны 460 адамға артты., оның ішінде аудандық – 377, облыстық топта – 83 тыңдаушылар бар.
Мемлекеттік және басқа тілдерді насихаттау бойынша іс шаралар
Ауданда тұрғындар және жастар арасында мемлекеттік және басқа тілдерді насихаттау бойынша жыл сайын әртүрлі шаралар, акциялар, онлайн челлендждер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізіледі.
2021 жылдың басынан мемлекеттік тілді қолдау және мерейтойларға байланысты 44 іс шара өткізілді.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай аудандық «Шырайлы аты елімнің-қасиетінде жерімнің» атты қазақ тіліндегі және де орыс тілінде жазылған «В имени моей земли – ее неповторимое величие» атты шығарма байқауы ағымдағы жылдың 2021 жылғы 11 қаңтары мен 25 қаңтар аралығында алдын ала өтінім бойынша өткізілді. Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 8-11 сынып оқушылары қатысып, 19 шығарма жұмысы келіп түсті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
2021 жылғы 10-26 ақпан аралығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шарасы мемлекеттік үйірме жетекшілері мен тыңдаушылары арасында өткізілді. Ақынға арналған таным сағаттары, шығармаларын, нақыл сөздері тыңдаушылары орындады.
2021 жылғы 23 ақпан-01 наурыз аралығында мемлекеттік тілді қолдау аясында этнос өкілдері арасында «Тілге құрмет-елге құрмет» челленджі онлайн түрде өтті. Челленджге ауданнан орыс, украин, поляк, татар, өзбек,құрд этностарының өкілдері мемлекеттік тілде өлеңдерді, әндерді, нақыл сөздерді, қазақтың салт дәстүрін көрсетті.
2021 жылы 26 ақпанда қашықтықтан онлайн түрде «Жыр алыбы-Жамбыл» атты аудандық жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға 14 қатысушы қатысты. Барлық жүлдегерлер дипломдармен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2021 жылғы 01-15 наурыз аралығында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және де Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Ақ бата-асыл мұра» атты аудандық байқауын өткізді. Шараның басты мақсаты бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Байқау қорытындысы шығарылды. Барлық жүлделі орын иегерлері мен қатысушылар арнайы дипломдар, алғысхаттар және де естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ағымдағы жылы 18 наурыз күні ауданның тіл мамандарымен, аудармашылармен «Жаңа латын әліпбиі» атты семинар практикум өткізілді. Семинар барысында латын графикасының жетілдірілген нұсқасы баяндалып, практикалық жұмыстар жүргізілді.
1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» өзге ұлт тыңдаушылары арасындағы құттықтау челленджі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Өнер-білім бар жұрттар» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Барлық жүлделі орын иегерлері мен қатысушылар арнайы дипломдар және де естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мемлекеттік тілді оқыту үйірме тыңдаушыларымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақын шығармасы орындалды.
2021 жылдың 31.05-06.08 аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы біздің ауданда да бастау алды. Аталған акция 4 кезеңнен құралып, онда білім ошағының 5-11 сынып оқушыларынан бастап ауданның өзге ұлт өкілдерінің ересек тұрғындары қатысты.
2021 жылдың 05.09-29.09 аралығында тілдер мерекесіне орай тілдер іс шарасы өткізілді. Онда түрлі форматтағы челлендждер, әдеби-танымдық оқулар, байқаулар өтті.
2021 жылдың қазанның 07-сі күні «Тіл татулық тірегі» атты салтанатты мерекелік іс шара өтті. Салтанатты шарада тіл саласына елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау рәсімі өтті.
2021 жылдың 17 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығы, М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Жанға жақын, жүрекке жылы жыр әлемі» аудандық жыр мүшәйрасы өтті. Жүлделі орын иегерлері мен қатысушылар марапатталды.
2021 жылдың 15 желтоқсан күні «Тіл адам жанын танудың кілті» атты аудандық командалар арасындағы байқау өтті. Байқауға 4 командадан құралған әр саладағы қызметкерлер қатысты.
Ономастика
2019-2020 жылдары Қызылжар ауданының 12 ауылдық округтерінің 123 көшесі СҚО бойынша Әділет департаментінде тіркеуден өтіп, жаңа атауларға ие болды: Березов а/о – 2 көшесі, Вагулин а/о – 16 көшесі, Виноградов а/о – 15 көшесі, Қызылжар а/о – 3 көшесі, Налобин а/о – 7 көшесі, Новоникольск а/о – 2 көшесі, Петерфельд а/о – 13 көшесі, Рощин а/о – 1 көшесі, Рассвет а/о – 32 көше, Светлопольск а/о – 8 көше, Асанов а/о – 8 көше, Якорь а/о – 16 көше.
Виноградов, Якорь, Петерфельд, Рассвет 4 ауылдық округтеріндегі көшелерге атақты тұлғалар Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқановтың есімдері берілді. Сонымен қатар Петерфельд орта мектебіне Абай Құнанбаевтың есімі берілді.
Новоникольск орта мектебіне Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Геннадий Иванович Зенченконың есімін беру жөніндегі құжаттар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жинақталуда.
Куйбышев ауылдық округінің 16 көшесіне атау беру жөніндегі құжаттарды облыстық ономастикалық комиссия мақұлдады. Бүгінгі күні құжаттар СҚО бойынша Әділет департаментіне келісуге жолданды.
2021 жылғы шығармашылық жетістіктер:
1 орын – «Ақ бата-асыл мұра» облыстық байқауы – Бескөл орта мектеп гимназияның қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Аскандиров Н. Б.;
3 орын – «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық байқауының «Ең үздік мақала» номинациясы «Қызылжар» аудандық газетінің қоғамдық тілшісі Ахметова З. М.;
Алғысхат – Жамбыл атындағы көркөмсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы Вагулино ОМ қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Кеңес М. С.
«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы ынталандыру жүлдесі №2 Бескөл ОМ 10 сынып оқушылары Николай Бугров ОМ және Роман Жолудев;
«Тіл шебері» облыстық байқауы: «Елтаным» номинациясы – Алгожина А. М. – спорт бөлімінің бас маманы;
«Тіл шебері» облыстық байқауы «Алғыс хат» – Альменова Г. Д. – аудан әкімдігінің бас маманы;
«Мемлекеттік тіл тәуелсіздік символы» 2 орын – Надирова Ф. А. Совхозное ОМ директордың ТЖ бойынша орынбасары
«Ұлттық ономастика ел айнасы» республикалық байқауы 3 орын – Ерденова Е. Ж. тілдерді дамыту бойынша бас маманы
2022 жылға даму перспективалары
Осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады.