2021 жылғы 28 қарашада Қызылжар ауданының Рощин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде Қызылжар аудандық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін бекітті:
Рощин сайлау округі
Рощин ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1549 азамат енгізілген, оның ішінде 1123 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Бәріне қарсы» белгісімен жолда – 13.
Әрбір кандидатқа берілген дауыстардың саны:
Ғабдуллин Қ. С. – 33; Есенғали Е. Е. – 317; Кемелов А. Б. – 727; Сүлейменов Ж. С. – 21.
Рощин ауылдық округінің әкімі болып Кемелов Азамат Болатханұлы сайланды, 1983 жылы туған, «Қызылжар аудандық мәдениет үй» МҚКМ директоры, Бескөл ауылында тұрады, «Nur Otan» Партиясымен ұсынылған.
Қызылжар аудандық сайлау комиссиясы