2021 жылғы 29 маусымда Қызылжар аудандық сайлау комиссиясы онлайн режимде «Қазақстан Республикасында аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы: сайлау үрдісінің құқықтық негіздері және сайлау комиссиялары жұмысын ұйымдастыру» тақырыбымен оқыту семинарын өткізді.
Семинарға аудандық сайлау комиссиясы мүшелері ішінен сайлау комиссияларының 74 мүшесі, аудандық сайлау комиссияларының төрағалары және хатшылары қатысты. Семинар барысында практикалық сабақтар, іскер ойын ұйымдастырылды, тестілеу мен сауалнама жүргізілді. Семинарға қатысқандардың барлығы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының семинардан өту жөніндегі сертификатын алды.