Қызылжар ауданында тіл саясатының орындалуы туралы ақпарат (01.01.2021 ж. жағдайы бойынша)
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі жұмыстың басты бағыттарының бірі болып табылады. Аудан әкімінің және ауылдық округтердің әкімі аппараттарында, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар арасында іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, қорытындысы тоқсан сайын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасынажолданып тұрады. Аталған мекемелердегі шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 2021 жылдың 5 айына96%-ды көрсетсе, ал кіріс хат-хабарлардың мемлекеттік тілдегі үлесі — 94%-ды құрады.Біздің міндет болып құжаттар көрсеткішін 100% жеткізу қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытуды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты — мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың санын арттыру. Осы мақсатпен барлық мемлекеттік мекемелерде 2020 жылғы қыркүйектің 1-інен мемлекеттік тілді оқыту бойынша үйірме жұмыстары өз жұмысын бастады.
Биыл ауданда қазақ және ағылшын тілдерін оқыту үшін бюджет қаражаты есебінен 35 топ ұйымдастырылды. 35 топтың 6-ы облыстық бюджеттен, қалған 29-ы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Ауданда қазақ және ағылшын тілдерін оқыту үшін жергілікті бюджеттен 2020-2021 жылдарға 4 млн 326 мың теңге ақша бөлінді.
Өткен жылы тыңдаушылардың жалпы саны — 457 болса, биыл олардың саны 460 адамға артты., оның ішінде аудандық — 377, облыстық топта — 83 тыңдаушылар бар.
Байқауларға қатысу және жетістіктер
Ауданда тұрғындар және жастар арасында мемлекеттік және басқа тілдерді насихаттау бойынша жыл сайын әртүрлі шаралар, акциялар, онлайн челлендждер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізіледі.
Өткен жылы мемлекеттік тіл және Қазақстан халқының өзге де тілдерін насихаттау бойынша 10 байқау өткізілді. Бұл шараларды өткізуге жергілікті бюджеттен 316 мың теңге бөлінді.
2021 жылдың басынан мемлекеттік тілді қолдау және мерейтойларға байланысты 12 іс шара өткізілді.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай аудандық «Шырайлы аты елімнің-қасиетінде жерімнің» атты қазақ тіліндегі және де орыс тілінде жазылған «В имени моей земли - ее неповторимое величие» атты шығарма байқауы ағымдағы жылдың 2021 жылғы 11 қаңтары мен 25 қаңтар аралығында алдын ала өтінім бойынша өткізілді. Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 8-11 сынып оқушылары қатысып, 19 шығарма жұмысы келіп түсті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
2021 жылғы 10-26 ақпан аралығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шарасы мемлекеттік үйірме жетекшілері мен тыңдаушылары арасында өткізілді. Ақынға арналған таным сағаттары, шығармаларын, нақыл сөздері тыңдаушылары орындады.
2021 жылғы 23 ақпан-01 наурыз аралығында мемлекеттік тілді қолдау аясында этнос өкілдері арасында «Тілге құрмет — елге құрмет» челленджі онлайн түрде өтті. Челленджге ауданнан орыс, украин, поляк, татар, өзбек,құрд этностарының өкілдері мемлекеттік тілде өлеңдерді, әндерді, нақыл сөздерді, қазақтың салт дәстүрін көрсетті.
2021 жылы 26 ақпанда қашықтықтан онлайн түрде «Жыр алыбы-Жамбыл» атты аудандық жыр мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға 14 қатысушы қатысты. Барлық жүлдегерлер дипломдармен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2021 жылғы 01-15 наурыз аралығында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және де Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына арналған «Ақ бата-асыл мұра» атты аудандық байқауын өткізді. Шараның басты мақсаты бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Байқау қорытындысы шығарылды. Барлық жүлделі орын иегерлері мен қатысушылар арнайы дипломдар, алғысхаттар және де естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ағымдағы жылы 18 наурыз күні ауданның тіл мамандарымен, аудармашылармен «Жаңа латын әліпбиі» атты семинар практикум өткізілді. Семинар барысында латын графикасының жетілдірілген нұсқасы баяндалып, практикалық жұмыстар жүргізілді.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» өзге ұлт тыңдаушылары арасындағы құттықтау челленджі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Өнер-білім бар жұрттар» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Барлық жүлделі орын иегерлері мен қатысушыларарнайы дипломдар және де естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған мемлекеттік тілді оқыту үйірме тыңдаушыларымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақын шығармасы орындалды.
2021 жылғы жетістіктер: 1 орын — «Ақ бата-асыл мұра» облыстық байқауы — Бескөл орта мектеп гимназияның қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Аскандиров Н.Б.;
3 орын — «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық байқауының «Ең үздік мақала» номинациясы «Қызылжар» аудандық газетінің қоғамдық тілшісі Ахметова З.М.;
Алғыс хат — Жамбыл атындағы көркөмсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы Вагулино ОМ қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Кеңес М.С.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.