Мәдениет және тілдерді дамыту саласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 16 іс-шара өткізілді.
«Туған жер» арнайы жобасы аясында «Қызылжар ауданының тарихында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» жобасы жүзеге асырылуда. Жалпыұлттық патриотизмді, өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілікті, ауылдастарына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді: «Біздің туған өлкеміз талантты адамдарға бай» кездесуі (Долматов АК), «Тағдыр калейдоскопы» еңбек әулеттері өкілдерімен кездесу (Боголюбово АМҮ).
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында: «Абылай хан — Ұлы даланың ұлы» тарихи альманахы (Бугровое АК), «Алтын Орда мұрасы» тарих сағаты (Вагулино АК) өткізілді.
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасы аясында «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» (Петерфельд АК) бейнепанорамасының онлайн – форматында іс-шара өтті.
«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау және қайта жаңғырту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» фольклорының сандықшасы (Якорь АК), аудандық «Дәстүр мен ғұрыптары» фестивалі МДО қатысуымен (Қызылжар АМҮ), Қазақтың қонақжайлылығы: салт-дәстүрлер» (Пресновка АК), «Балалы үй базар» тәрбие сағаты клуб өкілдерінің қатысуымен «Нұр» (Қызылжар АОК).
Жаңа Арнайы жобалар бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
«Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы аясында: «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» онлайн-фотоочерк (Якорь АМҮ), «Еңбекте өзіңді табу» диалог алаңы (Пресновка АК).
«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында: «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» құқықтық ақпарат сағаты (Сивково АК), «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық заңнамасы» жалпы құқықтық оқу (Водопроводное АК).
«Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы аясында: «Таза ауыл» акциясы (Вагулино АК).
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 4 жылдығына орай ағымдағы жылдың сәуір айында «Біз Ұлы Даланың еліміз» тарихи променад (Қызылжар АОК), «Ұлы даланың ұлы өркениеттері»тарихи альманахы (Боголюбово АК) іс-шаралары өткізілді.
Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында мерейтойлық даталар аясында түрлі форматтағы мәдени – бұқаралық іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған.
