2021 жылғы 10 қаңтарда бiрыңғай сайлау округi аумағында Қызылжар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауы өттi.
Аудан бойынша сайлаушылар тiзiмiне 31713 азаматтар енгiзiлген болатын, солардың iшiнде 30286 адам немесе 95 пайызы сайлау бюллетеньдерiн алды.
Дауыс беруге 29912 адам қатысты, солардың iшiнде есептен шығару куәлiктерi бойынша 16 сайлаушы дауыс бердi, дауыс беру бөлме-жайынан тысқары 901 сайлаушы дауыс бердi.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру барысында келесi дауыстар саны берiлдi:
«Nur Otan» Партиясы — 23154 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан, сайлаушылар даусының 77,4%;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 4358 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан, сайлаушылар даусының 14,6%;
«АDAL» саяси Партиясы — 2272 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан, сайлаушылар даусының 7,6%.
Дауыс беруге қатысқан, сайлаушылар даусы санынан жетi және одан да көп дауыс жинаған, саяси партиялар анықталды:
«Nur Otan» Партиясы
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
«АDAL» саяси Партиясы
Саяси партиялар үшiн депутат мандаттарын келесiдей бөлу бекiтiлдi:
«Nur Otan» Партиясы — 9 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 2 мандат;
«АDAL» саяси Партиясы — 1 мандат.
Қызылжар аудандық
сайлау комиссиясы