«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабы 2-тармағы негiзiнде Қызылжар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне және өкiлеттiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл, Қызылжар және Петерфельд ауылдық округтары әкiмдерiнiң сайлауы 2021 жылғы 14 сәуiрде өткiзiлсiн.
2. Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл, Қызылжар және Петерфельд ауылдық округтары әкiмдерiне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 15 наурыздан басталып жергiлiктi уақытпен 18.00 сағатта 2021 жылғы 20 наурызда аяқталады.
Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл, Қызылжар және Петерфельд ауылдық округтары әкiмдерiне кандидаттарды тiркеу барлық қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн басталады және жергiлiктi уақытпен 18.00 сағатта 2021 жылғы 30 наурызда аяқталады.
3. Қызылжар аудандық сайлау комиссиясына:
1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлау iс-шараларын өткiзудi қамтамасыз етсiн;
2) сайлау күнi туралы хабарды жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қызылжар ауданы тұрғындарының назарына жеткiзсiн;
3) осы қаулыны жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
4) Қызылжар аудандық сайлау комиссиясының құрамы, оның орналасқан жерiн көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Қызылжар аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы В.Чернышев
Бескөл ауылы
2021 жылғы 10 наурыз
№ 08/01