2021 жылғы 31 наурызда «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ жанындағы үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiмен «Көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру моральдық-әдеп нормалары мен мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын сақтау» тақырыбы бойынша әлеуметтiк қызметкерлерге арналған семинар өттi.
№ 1 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi А.Е. Әлiмбаева арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету кезiнде өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындаған уақытта кәсiби әдеп бойынша әдiстемелiк ұсыныстарды егжей-тегжейлi түсiндiрдi.
№ 3 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң меңгерушiсi А.Б. Серғазина семинар барысында әлеуметтiк қызметкерлердi «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандартына» (2015 жылғы 26 наурыздағы № 165) сәйкес әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету бойынша енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар (2019 жылғы 13 мамырдағы № 238) туралы таныстырды, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы» арқылы осы қызметке өтiнiштi қабылдау және нәтижесiн беру туралы мәселе қарастырылды.
Консультант Т.А. Ашпекова жеке жоспарды дайындау бойынша, кезектi жұмыс жүргiзу үшiн iс-шараларға өзгерiстер енгiзу және қызмет алушылардың жағдайындағы өзгерiстердi бақылау мақсатында қызмет алушылардың жеке жоспарына мониторинг жүргiзу бойынша кеңес бердi. Есеп берудi дұрыс жүргiзу және тапсыру бойынша әлеуметтiк қызметкерлердiң аттестациясын жүргiзу бойынша сөз сөйледi.
Кездесу соңында құрылымды сұхбат болды, әлеуметтiк қызметкерлер өздерiн толғандыратын сұрақтарға жауап алды.
